Байланысты: Түркі тілдерінің қалыптасуы және дамуы (копия) (копия)
Орта түркі дәуірі.Түркі тілдерінің дамуындағы орта түркі дәуірінің жалпы сипаттамасы (Х-ХV ғғ.). Түркі халықтарының мемлекеттік құрылымы мен тіліне Х-ХV ғасырлардағы тарихи оқиғалардың әсері. Орта түркі дәуірінде жалпытүркілік тілдерден оқшау жекелеген тілдердің бөлініп шығуы. Орта түркі дәуірінің чекі кезеңге – Қарахандық кезең (Х-ХІІ ғғ.) және Моңғолдық кезең (ХІІ-ХV ғғ.) болып бөлінуінің алғышарттары. Э.Н.Наджиптің, А.К.Боровковтың, Э.Фазыловтың, А.М.Щербактың, Т.И.Грунинның, А.Н.Горковцтың, А.Құрышжановтың, Р.Сыздықованың, Б.Сағындықұлының, А.Ибатовтың, А.Керімовтың, С.Құдасовтың, М.Сабырдың, М.Ескееваның еңбектеріндегі орта түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштердің зерттелуі (Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі» (ХІ ғ.), Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түркі» (ХІ ғ.), Ахмет Иугінекидің «Хибату-л-хакайығы» (ХІІ ғ.) Мухаммед бин Алидің «Нахдж-ул-фарадисі» (ХІҮ ғ.), Әбілғазының «Оғызнамесі» (ХІҮ ғ.) Орта түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштердің қыпшақ-оғыз, оғыз-қыпшақ аралас тілі. Қарахандықтар тілінде (ХІ-ХІІ ғғ.), Орта Азия түркілері тілінде (ХІ-ХІV ғғ.), көне қыпшақ (ХІІ-ХV ғғ.) және шағатай (ХV-ХVІІ ғғ.) тілдерінде жазылған ортағасырлық жазба ескерткіштердің ерекшеліктері. Шағатай тілі. Көне қыпшақ тілі. Мәмлүк қыпшақтарының тілі. Армян қыпшақтарының тілі. А.Е.Крымскийдің, А.Н.Гарковецтің, Н.Г.Шаймердинованың еңбектері.
Жаңа дәуір.Жаңа дәуірдің хронологиясы (ХV ғасыр мен ХХ ғасырдың 1917 жылына дейін). Түркі тілдерінің даму тарихындағы жаңа дәуірдің өзіндік сипаттары. ХV ғасырдағы түркі тайпалары арасындағы тарихи-этникалық, қоғамдық-саяси үдеріс. Түркі тілі мен халықтарының ұзақ уақытқа созылған іштей бөлінуінің тәмамдалуы, жекелеген ұлттар және олардың ұлттық тілдерінің қалыптасуы. Түркі тайпаларынан жекелеген ұлттардың пайда болып, олардың өзіндік тілдерінің қалыптасуына әсер еткен экстралингвистикалық факторлар. Генеологиялық туыстық белгілері ғана емес, территориялық белгілері негізінде қалыптасқан жекелеген түркі халықтарының этникалық құрамының күрделілігі.Жалпыхалықтық тілдің пайда болуына әсер еткен түркі халықтары мен олардың тілдік ерекшеліктері.