Тақырып Дәріс 5 Түркі тілдерінің қалыптасуы және даму дәуірлері. Жоспар



бет4/4
Дата06.02.2023
өлшемі36,65 Kb.
#65445
1   2   3   4
Байланысты:
Түркі тілдерінің қалыптасуы және дамуы (копия) (копия)

Бақылау сұрақтары:

  1. Түркі тілдерінің қалыптасуының кезеңдері ?

  2. “ Ұлы қоныс аудару дәуірі” деп қай кезеңді атайды ?

  3. Орта түркі дәуірі қай кезеңдерге тиесілі?

  4. Классификация дегеніміз не?



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Түркітануға кіріспе. Ә. Қайдар, М. Оразов. Алматы. “Арыс” - 2004.

  2. Түркітану. О. Бүркіт. Алматы. “Арыс” – 2003.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 1-том. Алматы “Атамұра” – 2010.

Тақырып-4.
Дәріс 7-8. Түркі халықтарының түп тамыры.
Жоспар:

  1. Еуразия құрлығындағы ұлы даланы мекендеген алғашқы адамдар

  2. Ариліктер дәуірі

  3. Сақтар дәуірі

1.Алғашқы адам Қазақстан аумағында тас дәуірінің өзінде-ақ, яғни бұдан 700-500 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оны Қаратау жотасында, сондай-ақ Есілдің жоғарғы сағасында, Балқашпен Маңғыстау өңірлерінде табылған кейбір құралдар дәлелдейді. Ол кезде климат қазіргідей емес еді. Таулар аласа болатын. Қазақстанға оңтүстіктен, Үнді мұхитынан жылы ауа кедергісіз қаптап келіп тұратын. Жылы жауынның көп жаууы нәтижесінде өсімдіктер қаулап өсетін. Мұнда сан алуан жануар өмір сүрген. Өзендер мен көлдердің жағалауында, сайларда пілдер жүретін. Алтай тауларының солтүстік етегіңде мамонттар, жүндес мүйізтұмсық, үңгір аюлары кезігетін. Шамамен осыдан 100 мың жыл бұрын климат бірсыпыра суып, жылылыққа үйренген жануарлар біртіндеп құри бастайды. Қазақстанда климаттың сууы ұзаққа созылды, біздің заманымыздан 15-20 мың жыл бұрын климат жылып, қазіргіге ұқсайды. Мұның өзі адамзат қоғамының дамуына игі әсер еткен.


Бұл кезде тас өңдеу техникасы жетіле түсті. Құралдарды жасағанда адамдар отты қолдана білді. Сөйтіп әр түрлі еңбек құралдары пайда болды: сындырғыштар, қалақтар, кескіштер, тескіштер, найзалар мен сүңгінің ұштары. Сүйектен ине жасалды, адам теріден киім тігуді үйренді.
Б.з.б. V ғасырдан бастап жаңа тас (неолит) дәуірі басталады. Бұл кезде тастың пайдалы қасиеттері барынша пайдаланылады: тас балта, кетпен, диірмен, келі, келсап, осы кезде тұңғыш рет балшықтан иленіп отқа қақталған құмыра тұрмысқа енді. Мұның өзі ас пісіруге көшуге жағдай жасады.
Мал өсіру мен егіншіліктің қолға алынуы дәуірдің аса маңызды белгісі еді. Шаруашылықтың жаңа түрлері адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор әсер етті, адамның еңбек қызметінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапа жағынан өзгертті.
Қазақстанда жаңа тас дәуірінің аяқ кезінің өзінде (бұдан 4 мың жылға жуық бұрын) құралдар табиғатта сол күйінде кездесетін мыстан жасалына бастады, тек неолиттен кейінгі қола дәуірінде (б.з.б. II мың жыддықтың басы) ғана металл пайдаланылып, тас құралдар ығыстырылды.
Әлеуметгік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым кезеңі еді, онда ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге осы шақта қоғамның ұйымдасу формалары неғұрлым жоғары дамиды. Қандас-туысқандық байланысына және шаруашылықтың біртекті сипатына қарай (саны азды-көпті) бірнеше рудың басын қосқан бірлестіктер құрылды. Бұған ежелгі Қазақстанның тайпалары да жатады. Олардың шекаралары өте кең болатын — Қазақстан мен Орал маңынан басқа, Батыс Сібірдің далалық аймағын, Алтайды және Орта Азияның солтүстік аудандарын қамтыған. Бұл мәдени орталықтың Андронов мәдениеті аталуы 1914 жылы Ачинск қаласы маңындағы Андронов деревнясында адамдар құралдарының қалдықтары табылғандықтан. Олар егіншілікпен, мал өсірумен, аңшылық, балық аулау, тоқымашылық, тері илеу, металдан және сүйектен құрал жасау сияқты кәсіппен айналысқан. Осы мәдениеттің қуатты орталығы Қазақстан аумағыңда болған. Тайпалар қоладан шеберлікпен қару-жарақ және еңбек құралдарын жасаған. Қола мен мысты пайдалану, мал өсіру мен егіншілікті дамыту қоғам өміріндегі ірі өзгеріске өкелді. Матриархат патриархатпен алмасады, патриархалдық отбасылық меншіктің нышаны пайда болды.
Қола дәуірі — мал шаруашылығының үздіксіз дамыған кезі. Сірә, ол кезде Қазақстанның кең байтақ аумағындағы халықтың бәрі бірдей шаруашылықтың осы жаңа формасына көше қоймаған болуы керек. Тайпалар қола дәуірі тұсында үй маңында мал өсіруден жайлауда мал бағуға, одан кейін көшпелі мал шаруашылығына көшті. Нақ осы жағдай материалдық мәдениеттегі өзгерістерді туғызды, дегенмен, бұл өзгерістер барлық жерде біркелкі болмады. Географиялық және басқа факторларға байланысты кейбір аудандарда әуелі жабайы хайуандарды қолға үйрету басталды.
Еңбек құралдары мен қару-жарақтар жетілдірілді. Алысқа ататын садақ, ұшы металдан жасалған үш қырлы найза, қылыш — қорғаныс және шабуыл жасаудың сұсты қаруларына
айналды. Мал мен жайылымдықтар үшін жүргізілген соғыстар тайпа басшыларын байыта түсті. Осы мақсатта рулар мен тайпалар одақтарға бірігеді, олардың басында көсемдер тұрды. Осылайша қуатты одақтар пайда болады. Мысалы, б.з.б. III ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде тайпалар одақтары құрылады, олардың ішінде үйсіндер мен қаңлылар жетекші орын алады. Олар осы өңірді мекендеген сақтардың ұрпағы болатын. Үйсіндер Жетісуды, қаңлылар — Қазақстанның оңтүстігін мекендеді. Бұлардан басқа үге, юс-жи, аландар да осы өңірдің халқы.
2. Арилер — ежелгі тайпа. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) және үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы — “арья”. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар оңт.-шығысқа қарай бет алып, Солт. Үндістанға, Иран мен Месопатамия жеріне барып тоқтаған. Үндіарилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін қалдырған. Өте ерте замандарда арилер мен үндіарилердің ата-бабалары бір халық болып саналып, түпкіүндіирандықтар (протоиндоиранцы) деп аталуда. Олардың қоғамы басты екі топқа бөлінді: қызметкерлері — абыздар және бақташы-жауынгерлер. Үнді-иран халықтарының көші-қонына байланысты археологиялық мәдениеттер. Андронов мәдениеті қызылмен бөлінген, маргиандық — сарғылт, яздікі — сарымен, гандхар (Swat) — қызыл күрең, H зират мәдениеті — күлгін, культура охряной расписной керамики (Copper Hoard) — қара-көк, сұр жазба қыш мәдениеті ақшыл-көкпен боялған. Арилер көшпелі тіршілік етіп, мал шаруашылығымен айналысқан, ұрыстарда әскери арбаларды пайдаланған. Арбаға жегу үшін жабайы жылқыларды ұстап, қолға үйреткен. Ежелгі Қазақстанның таулы аймақтарында, әсіресе, Алтайда мыс пен қоланың мол қоры болған. Арилер метал өндіріп, әртүрлі тұрмыс құралдарын, қару-жарақтар соққан. Металдан жасалған қарулармен жарақтанған дала тұрғындары сұсты жауынгерлерге айналды. Арбаның пайда болуына байланысты “қаһармандық ғасыр” (“героический век”) басталды. Мұздай қаруланған далалық жасақтар табыс табу, әрі даңқын асыру үшін көршілес елдерге жорықтар ұйымдастырып отырған. Ұлы қоныс аудару кезеңінде Арилердің бәрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі — сақ, сармат, скифтерге араласып, сіңісіп кетті. Арилер өзін қоршаған орта, әлемнің тылсым сырларын түсінуге ұмтылды: тылсым күштердің иесі құдай деп танып, әрбіріне ат таңды, құдаймен тілдесуге ұмтылып, табыну мінәжаттарын тудырды. Әлемдегі жалғыз Жаратушыға ғана табынуды қолдаған дін Ұлы Даладағы көшпелілер ортасында туып, өзге халықтар арасына тарап, насихатталды. Бұл діни ілімнің негізін салушы — Заратуштра пайғамбар, ал оның діни ілімі қазіргі ғылымда заратуштрашылдық (зороастризм) деп аталады.
3. Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген.. Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі. Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте «Азиялық скифтер, Құдіретті еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар» деп аталады. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен парсы-иран жазбаларында кездеседі.
Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар жағынан келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті сақтар.
Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген
Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды мекендеген.
Хаома сусынын даярлайтын сақтар: Мургаб алқабы мен алтынға бай Алтайды мекендеген.
Жазбаша деректер мен археологиялық деректер б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ. Қазақстан және Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен – Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. ҮІ ғ. ортасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап – Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Кир Лидия патшасы Крезбен соғысу барысында сақтармен одақтасып, әскери көмек алған. Кейінен Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындырғысы келіп, көптеген қол жинап соғыс ашады. Бұл жорығы б.з.б. 530 жылға тұспа –тұс келеді. Бірақ жорықта Кир сақ патшайымы Томиристен жеңіліс табады.
Б.з.б. 518 жылы Кирдің жорықтарын І Дарий жалғастырып, массагет-сақтармен соғысады. Бірақ ол жеңіліске ұшыраған.
Б.з.б. ҮІ ғ. аяғы – Ү ғ. Басында ежелші Шығыста гре-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі саяси оқиғалар болған. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Б.з.б. 500 – 449 жж. Грек-парсы соғыстары парсылардың жеңілуімен аяқталды. Бұл кезде Грецияда экономикалық және саяси дағдарыс шиеленісіп, құл иеленушілер бұдан шығу жолын Шығысқа шабқыншылық жорық ұйымдастыру деп білді. Б.з.б. ІҮ ғ. 30 – жылдарында македондық – гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның әскерін талқандап, Орта Азияға басып кірген. Маракандты (Самаркандты) алып, Сырдарияға бет алды.
Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер ретінде массагеттер белсене қатысты. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, македондық-гректердің әскеріне бірнеше дүркін соққы берген. Оларды әлсірету үшін Александр Маедонский араларына жік салып, өзара арандатушылық тудырып отырған. Үш жыл бойы болған соғыстың нәтижесінде македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырады. Тек Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
Шаруашылығы. Сақ тайпалары көшпелі мал шаруашылығы (әсіресе қой шаруашылығы) және кей жерлерде жартылай отырықшылықпен айналысты.
Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның далалы, шөлдері мен шөлейтті аймақтарында жыл бойы көшіп-қонып жүрумен сипатталды. Бұл жерлерде егіншілік дамымаған, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана таралды. Өсірілетін мал түрі: негізінен, қой, түйе, жылқы, ал ірі қара аз болған.шаруашылықытың қосалқы түрі ретінде аң аулау дами бастаған.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Жетісу, Шығыс Қазақстанның дала, орман және биік таулар араласып отыратын аудандарында, сонымен қатар, Тянь-Шань мен Алтай таулары сілемдерінде дамыған. Бұл шаруашылық түрінде маусымдық жайылымдар кеңінен қолданылып, олардың арақашықтығы жақын болған. Мұнда тік әдіс қолданылған, яғни өзен бойларындағы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымға, одан әрі биік таулардағы шөбі қалың жайлауларға көшетін болған.
Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан аудандарындағы Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жоталарының баурайларында дамыған.
Сақтардың шаруашылығында малдың басым көпшілігін жыл бойы жайып бағу болып табылатын шаруашылықтың жайылымдық-экстенсивті сипаты мал шаруашылығы экономикасының барлық нұсқаларының ортақ сипаты болды. Кейбір сақ тайпаларында қосалқы кәсіп ретінде аңшылық пен балық аулау да қоса жүргізілген.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой шаруашылығы болды. Жылқы малы да көшпелі және жауынгер сақтың өмірінде маңызды рөл атқарды.
Б.з.д. 1 мыңжылдықта Ұлы Жібек жолының жұмыс жасай бастауына байланысты сақтарға жібек, иран кілемдері келіп, өздері лазурит пен нефритті саудалай бастады. Сонымен қатар ішкі сауда да дами бастады.
Қоғамдық құрылысы. Сақ тайпасын- тайпа көсемі басқарды ол әрі әскердің қолбасшысы болды. Тайпа одақтарының көсемдері: жайылым, көш, жер бөлу, жер дауы, ру мен тайпа арасындағы дау жанжалдарды қадағалады. Сонымен қатар сақ қоғамында адамдардың үш әлеуметтік тобы болды. Олар: жауынгерлер, абыздар және қауым адамдары болды. Әр қоғамдық топтың өзіне тән киімі болды. Жауынгерлер - қызыл, абыздар – ақ ал қауым адамдары – сары және көк болды.
Мәдениеті. Сақтарда ата-баб аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген туыстарының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүниелік өмір бар деген сенімге негізделді. Осыған байланысты өлген адам бұл дүниедегі дәрежесі, материалдық игіліктерімен қоса жерленген.
Сонымен қатар, олар отқа, жылқыға, күнге және басқа да аспан шырақтарына табынған. Кейбір деректер бойынша сақтардың сыйынатын негізгі құдайы – Күн.
Сақ тайпаларының көркем өнерінде қолданбалы өнер ерекше орын алады. Сақтардың әйгілі даналық өрнектері- «аңдық стиль» өрнек үлгілерімен жасалған заттар Алтайдағы Пазырық, Шілікті, Берел, Алматы түбіндегі Есік қорғандарынан табылды. Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
Көне заманғы – б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ.
Гүлдену, өрлеу кезеңі – б.з.б. ҮІ – ІҮ ғғ.
Құлдырау кезеңі – б.з.б. ІІІ – ІІ ғғ.
Қолданбалы өнерде әртүрлі ою - өрнектер қолданылған: геометриялық, өсімдік тектес, зооморфтық, символдық.
Жартастардағы суреттер – петроглифтер сақтар мәдениетінің бір көрінісі болып табылады.
Археологиялық ескерткіштері:
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда – Бесшатыр қорымы, „Есік” обасы, Қарғалы-1, Алтынемел-2, Қадырбай – 2.
Шығыс Қазақстанда сақтардың материалдық мәдениеті үш кезеңнен тұрады:
Майәмір кезеңі – б.з.б. ҮІІ – ҮІ ғғ.
Берел кезеңі – б.з.б. Ү-ІҮ ғғ.
Құлажорға кезеңі – б.з.б. ІІІ – І ғғ.
Негізгі ескерткіштері: Мәйәмір, Шілікті, Берел
Солтүстік Қазақстан – Бірлік-2, 5, Бірлік, Алыпқаш -1, 13, Покровка-1, Бектеңіз-3,
Орталық Қазақстанда тасмола мәдениеті дамыған. Ол үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – б.з.б. ҮІІ – ҮІ ғғ. (Тасмола – 1-5, Қарамұран -1, Нұрманбет-4 қорымдары)
Екінші кезең – б.з.б. Ү – ІІІ ғғ.
Үшінші кезең – б.з.б. ІІІ – І ғғ. (Нұрманбет-1, Қарамұрын-2 қорымдары)
Батыс Қазақстанда савромат-сармат мәдениеті негізгі рөл атқарды (Елек өзені бойында, Целинный-1, Сынтас, Бесоба, Нагорный қорымдары).
Бақылау сұрақтары:

  1. Андронов мәдениетін қамтитын аумақ ?

  2. “Арья” тайпалары кімдер ?

  3. Хаома сусынын даярлайтын сақтар қай жерде мекендеді ?

  4. І Дарий бастаған парсы әскерлерімен соғыс болған жыл?



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан республикасының тарихы. Рысбай К. Алматы. 2005.

  2. Түркітану. О. Бүркіт. Алматы. “Арыс”. 2003.

  3. Қазақстан трихы ( көнеден бүгінге дейін). 1-том. Алматы. “Атамұра” – 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет