Байланысты: Түркі тілдерінің қалыптасуы және дамуы (копия) (копия)
Ең жаңа дәуір.1917 жылдан бастап түркі тілдерінің даму тарихындағы ең жаңа дәуірі басталады. Бұл дәуірдің басты сипаттары. Қазан төңкерісінен кейінгі түркітілдерінің қарқынды дамуы. Әдебиет пен мәдениет, ғылым мен техника, экономика саласына қатысты терминдер есебімен терминологиялық қордың кеңеюі, лексикалық қордың баюы, графика мен орфографияның жоғары сатыға көтерілуі. Кеңестік кезеңдегі түркі тілдерінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесінің өзгеруі. Ең жаңа дәуірде түркі тілдерінің әдеби- нормативтік, теориялық-грамматикалық жақтарының дамуы және функционалдық қолданбалы жағының тоқырауы. Бүкілодақтық ресми тіл ретінде орыс тілінің жаппай қолданылуы салдарынан ұлттық тіл қызметінің тарылуы. Бұл үдерістердің түркі тілдерімен байланысы. Түркі тілдерінің даму тарихының екі кезеңге бөлінуі: 1917-1928 жылдар аралығындағы кезең және 1928 жылдан бергі кезең (Н.А.Баскаков). 1991 жылғы Кеңес Одағының құлауымен байланысты туындаған түркі тілдері дамуының жаңаша бағыттарымен ең жаңа дәуірдің кезеңдерге бөліну (үш кезеңге) шарттылығы. 1991 жылғы кезеңнен бастап түркі республикаларында түркі тілдерінің ұлттық тіл мәртебесіне көтерілуі. Мемлекеттік тілді дамытуға байланысты тәуелсіз түркі мемлекеттерінің тіл саясаты.
4. Түркітану ғылымында маңызды орын алатын мәселелердің бірі – түркі тілдерінің дамуы және қалыптасуы жағынан, туыстық элементтер негізінде классификациялау. Түркі тілдері арасындағы байланыс пен ұқсастықтарды анықтау және түркі тілдеріне классификация жасау тек лингистер үшін ғана емес, сондай – ақ әдебиетшілер, тарихшылар, этногрофтер үшін де өте маңызды мәселе.
Классификация - тілдерді ортақ белгілері бойынша топтастыру.
Түркі тілдерінің классификациялау – шешімі қиын, өте күрделі мәселелердің бірі. Себебі түркі халықтарының қалыптасу және даму тарихы өте күрделі сипатта. Сондықтан да түркі тілдерінің классификация лау осы түркі тілдерінің тарихымен тығыз байланысты. Түркі тілдерінің классификациясы мәселесімен И.Н.Березин, Н.И. Ильминский, В.В.Радлов, А.Ремюза, Н.А.Аристов, Н.Ф.Катанов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойлович, В.В.Богородицкий, Н.А.Баскаков сияқты белгілі түркітанушылар айналысты. Осы ғалымдардың барлығының бірдей зерттеулері түркі тілдерін топтастыру бойынша озық жетістіктерге ие болды деп есептеуге болмайды
Түркі тілдерінің Батыс Ғұн тармағы Ғұн империясының ыдырауы нәтижесінде батыс бағытқа бөлініп шыққан тайпалар негізінде қалыптасқан.Батыс Ғұн тармағына төмендегідей ру-тайпалық одақ пен тілдік группалар бөлініп шыққан (4-кесте).
1) Бұлғарлар және бұлғар тілдері тобы; 2) Оғыздар және оғыз тілдері тобы; 3) Қыпшақтар және қыпшақ тілдері тобы; 4) Қарлұқтар және қарлұқ тілдері тобы; Батыс Ғұн тармағы тілдерін Шығыс Ғұн тармағы тілдерінен ажырататын негізгі тілдік ерекшеліктер мыналар:
1) Фонетикалық құрылысында: - з,д дыбыстарының орнына m,й дыбыстары ауыстырылып қолданылады.Мысалы, айақ // адақ // азақ // атақ; - қатаң дауыссыз дыбыстары мен сонор дауыссыз дыбыстары сараланған. Мысал, б-п, к-г, с-з, д-т т.б.;
- х, в, қ секілді дауыссыз дыбыстары қалыптасқан.
2) негізгі сөздік құрамында: моңғол лексикасына қарағанда араб, парсы тілдерінен енген сөздер көп кездеседі;
3) грамматикалық құрылысында:
- күрделі сөйлемнің құрылысы дамыған түрлері кездеседі;
- шылаулар саны көп болып келеді.
Бұл ерекшеліктер Батыс Ғұн тармағы тілдерін Шығыс Ғұн тармағы тілдерінен бөлектейтін ерекшеліктер болып саналады. Сонымен қатар, әрбір топтың тілдеріне де тән ерекшеліктер бар. Тіпті кейбір топтағы подгруппалардың өзі өзіндік тілдік сипатқа ие болып келеді. Ол ерекшеліктердің барлығы әрбір топты жеке – жеке сипаттаған кезде анықталады.