Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет44/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

10.4-сурет. Филлипс қисығы

  • Дегенмен соңғы жылдары әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, инфляцияның жоғары қарқынымен қатар жұмыссыздықтың жоғары деңгейі де бірге жүріп отырады. Дәлірек айтсақ, бұл күрделі құбылыс жоғарыда аталып өткендей, стагфляция деген атқа ие болып, 1973-1975 жылдары орын алған экономикалық дағдарыспен байланысты еді, сонымен қатар, 80-жылдары жұмыссыздық пен инфляцияның бір уақытта төмендегендігі де байқалған. Сол себепті Филлипстің теориясына және оның аясында жүргізілген экономикалық саясатқа сенімсіздік туындады. Осыған байланысты осы теорияны ары қарай жетілдірудің қажеттілігі пайда болды.

  • Инфляцияға қарсы саясат - бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

  • Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізіледі. Табыстар саясатын шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағаларды өсу нысаналарымен белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып атаулы табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге бағытталған шараларды анықтауға болады. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы мөлшерлемелерінің өсуінің максималды шегі пайдаланылады. Жалақы мөлшерлемелерінің өзгерістері әдетте, барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланыста болады, бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға арқылы реттеледі.

  • Инфляцияға қарсы саясат - инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет