Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
2. Нарықтың қызметтері Нарықтың атқаратын маңызды қызметтері:
-делдалдық- нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыстар орнайды. Нарыққа қатысушы әр адам бір мезгілде, әрі сатып алушы, әрі сатушы болады. Ол өз өміріне қажет нәрселерді сатып алады немесе нарықта өзі өндірген тауарларды немесе мүлігін немесе жұмыс күшін сатады;
- реттеуші нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни не өндіру қажет, қалай өндіру қажет, кімдер өндіру қажет проблемалары өз шешімдерін табады;
- нарық арқылы өнімдерді өндіруге жұмсалған шығындарды есепке алу жүзеге асырылады. Нарық нені өндіру қажет екендігін белгілеумен шектелмейді, сонымен бірге өнімнің белгілі бір түрлерін өндіру үшін қоғам қандай шығындар жұмсауы тиіс екендігі анықталады. Егер де шығындар көп болса, ондай өнімдерді сатып алу мүмкін болмайды және оны одан әрі өндіру тоқтатылады. Демек, нарықта шығындарды өтейтін бағалар бойынша өнімдер сатылады;
-баға белгіленімі- нарықтың маңызды қызметі бағаны белгілеу болып табылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерімен құбылып отырады. Егер де нарықта белгілі тауарлардың мөлшері оған деген сұраныстан басым болса, онда баға арзандайды, демек сол тауарды ұсыну мен өндіру кемиді. Керісінше, бағаның көтерілуі өндірісті ынталандырады, оның өсе беруі сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдік орнағанша жалғасады және соның салдарынан тепе-теңдік баға белгіленеді;
-сауықтандырушы- нарық өндірушілерді өзара жіктейді. Бәсеке кезінде тек өнімдерді өндіруге нарық бағасынан төмен шығындар жұмсаған фирмалар ғана өмір сүре алады. Бұл жағдайда фирма пайданы иемденеді. Егер шығындарды нарық бағасынан жоғары болса, онда зиян шегіп, шығындарға ұшырайды. Яғни, өндірушілердің жіктелуі дегеніміз тиімді фирмалардың нығая түсуі және тиімсіз фирмалардың күйреуі болып табылады.
Нарық экономикасы тәжірибиеде өзінің жоғары тиімділігін дәлелдейді. Оның негізгі тиімді жақтары:
экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделгіштігі мен икемдігі;
өндіріс шығындарын азайту мен пайданы көбейту үшін жаңа технологияны жылдам пайдалануы;
өндірісшілер мен тұтынушылардың шешімдер қабылдау, мәмілелер жасау кезіндегі тәуелсіз еркін болуы;
әртүрлі қажеттіктерді қажетті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті.
бағаның еркін қозғалысы. Нарық бағаның мөлшері мен динамикасы, сұраныс пен керексінудің еркін өзара қатынасы процесінде қалыптасады. Бағаның еркін қозғалысын нарық қана қамтамасыз етеді;
экономиканы «сауықтыру» өз алдына шаруашылық жүргізушілердің еңбек нәтижиесін қоғамдық бағалау бағаның еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырылса, артта қалған өндірушілерді озық өндірушіден аяусыз алшақтатады;
бәсекенің жалпыға ортақ бірдейлілігі.
Нарық осы аталған негізгі тиімділіктерін іске асыру барысында шаруашылық механизмінің басқа да процестеріне тиімді ықпал жасайды.
Нарық жоғарыдағы аталған күш- қуатына қарамастан маңызды қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды. Оның себебі нарық қатынастарына қатысушылардың дербестігі мүмкіндік бермейді. Ол үшін арнаулы институттардың қатысуын қамтамасыз ету қажет. Демек нарық қатынасын реттеуге мемлекеттің белгілі бір шеңберде өзінің қаржы- қаражат т.б. институттары арқылы қатысуы қажет. Сонымен, нарықтың әлсіздігі:
Еңбек пен табысқа кепілдік бермейді нарық жүйесі теңсіздікті одан әрі күшейте түседі;
Әлеуметтік қажеттілікті қорғау үшін пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді ынталандырмайды;
Нарық экономикасы халық шаруашылығы салалары арасындағы қарым- қатынастарды, макроэкономикалық пропорцияларды реттей алмайды, керісінше диспропорциялар тудырады.
Нарық экономикасы ғылыми- техникалық жаңалықтарды қолдануға ерекше ұмтылғанымен осы жетістіктерді пайдалануда сараңдық жасайды. Себебі ҒТП тәуекелдікпен жұмсалатын көп қаржы- капитал. Нарық экономикасының бұл кемшілігін ғылыми-техникалық прогресс саласындағы капиталды қолдайтын мемлекеттік бюджеттен арнаулы қаржы бөлу арқылы бәсеңдетуге болады.
Капиталдың айналымын тездетуді көздейтін нарық экономикасы күрделі құрылыс жоспарына қаржы жұмсауға ынталы емес, себебі бұл салада қаржы айналымы ұзақ мерзімге созылатындықтан, бұл қызметті қоғам атқаруы керек.
Нарық экономикасы өте күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырады. Оған жататын- жұмыссыздық, табыстардың күрделі жіктелуі, инфляция. Нарық экономикасының осы тәрізді қолайсыз жақтарын азайту мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс.
Жоғарыдағы аталып отырған мәселелердің бәрі бір орталықтан басқаруды қажет етеді. Сондықтан бұл мәселелерді мемлекет өз құзырына алуы қажет.
Нарық экономикасының қолайсыз бір жағы- тапшылықтың болуы.
Арзан ресурстар тапшылығы болғандықтан өндірушілер оларды неғұрлым үнемдеуге мәжбүр.
Төлем тапшылығы- тауар тапшылығы емес, төлем құралының жетіспеуі. Осы жағдай мол табысты қызмет атқаруға ынталандырады, бірақ та бұл жағдай ұсыныстың сұраныстан артық болғанында орын алады.
Бюджет тапшылығы- мемлекеттік шығындардың мемлекет табысынан артық болуы.
Сауда балансы тапшылығы- импорттың экспорттан артық болуы немесе шет елден келген тауарлардың шетке шығаратын тауарлардан артық болуы.
Төлем балансының тапшылығы- басқа елдерге ақша төлемдерінің олардан алатын ақшалай төлемдерден артық болуы экспорт-импорт операцияларынан тыс, төлем балансы көлік тасымал шығындарын туристік қызмет, қамсыздандыру, халықаралық кредит /несие/ және процентті қамтиды.
Осы тапшылықтардың әрқайсысы ерекше шара қолдану арқылы азайтылады.
Қорыта айтқанда, мемлекеттің нарық жағдайындағы басты міндеті- нарықты экономиканың бүкіл тұлғаларының өзара қатынастарын реттейтін қоғамдық институттарды, яғни ережелердің жиынтығын құруы болып табылады. Ережесіз, заңдары мен қоғамдық институттары жоқ нарықты қатынастар, белгілі бір жағдайларда мафиозды қатынастарға айналуы мүмкін. Дамыған Батыс елдері нарықтың өркениетті ережелері мен Заңдарын жасауға 500 жылдай уақыт жұмсады.
Нарықтың субъектілері немесе онда әрекет ететін тұлғалар- үй шаруашылығы, фирма және мемлекет болып табылады.
Үй шаруашылығы (жанұя) деп құрамында бір немесе бірнеше адамдар болатын экономикалық буынды айтады, ол:
адам капиталын өндіру мен ұдайы өндіруді қамтамасыз етеді;
дербес шешімдер қабылдайды;
қандай да бір өндіріс факторының иесі және оны арендаға тапсырады немесе өз мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сатады;
өз қажеттіктерін мейлінше мол қанағаттандыруға ұмтылады.
Мемлекет қоғамдық мақсаттардың орындалуына қажет нарық пен шаруашылық тұлғаларын бақылап отыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық және саяси биліктерді қолданатын өкіметтің мекемелерінен құралады.
Үй шаруашылығы, фирма мен мемлекет- нарық объектілеріне иелік ету, пайдалану, сату мен сатып алуға байланысты өзара экономикалық байланыстарда болады. Нарықты шаруашылықтың объектілеріне жататындар: тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс факторлары, ақша, бағалы қағаздар, субсидиялар, әлеуметтік төлемдер және т.б.
Нарықтың өзіне тән құрылымы болады. Нарықтың құрылымы деп оның өзара құрамдас жекеленген элементтерінің болуын айтады.