Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
Валюта бағамдары – басқа валютаны ақша бірлігімен көрсетілген ұлттық валюта бірлігі құны.
Валюта бағамыны (алмастыру) үш негізгі жуйесі бар:
-бекітілген бағам- бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құрамын белгілейді, осылайша өз валютасы мен басқа елдердің валюта алмастыру бағамын анықтайды. Ел ұлттық валютаның тіркелген бағамын ұстап тұру ушін өз шетел валютасы резервтерін немесе алтынды сатып алу-сату резервтерін пайдаланады;
-еркін құбылмалы бағамдар ұсыныстар мен сұраныстар негізінде анықталады және өз валютасының құнына мемлекеттің ешқандай ықпал етуін болдырмайды. Валюта бағамдарының еркін ауытқуы тапшылықты және төлем баланстарының активтерін автоматты турде реттейді;
-басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жуйесі әр турлі елдер орталық банктерінің валюта бағамдарының қысқа мерзімді және елеулі ауытқуларын (көбінесе алып-сату операциялары әсерінен) деңгейлестіру үшін ашық нарықтарда шетел валютасын сатып алуын және сатуын қарастырады.
Орталық банктер валюта нарығында алыпсатарлық операциялардың әсерінен болған валюта бағамын деңгейлестіру мақсатында валюталық басқыншылық жургізуі тиіс