Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ



бет54/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

9 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ.


  • 1. Дүниежүзілік шаруашылық: мәні, құрылымы.

  • 2. Халықаралық валюта қатынастары.

  • 3. Глобалды әлеуметтік – экономикалық мәселелер.


  • 1.Дүниежүзілік шаруашылық: мәні, құрылымы

  • Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуының материалдың негізі болып басқа елдермен шаруашылық байланыстарды қалыптастыруға бағытталған ірі машина өндірісі табылады. Дүниежүзілік болып мыналар табылады: халықаралық еңбек бөлінісі,халықаралық транспорт пен байланыстардың дамуы, капитал және жұмысшы күші нарығын қалыптастыру.

  • Дүниежүзілік шаруашылық-бұл ұлттық шаруашылық пен олардың арасындағы экономикалық байланыстар жүйесінің жиынтығы.Шаруашылық өмірді интернационализациялау- бұл әртүрлі елдердегі кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Соның нәтижесінде бір елдегі өндірістік процесс процестің бір бөлігі болып табылып, интернационалды масштабта жүреді. Бұл халықаралық еңбек бөлінісін тереңдететін және жоғарғы қоғамдық өндірісті қамтамасыз ететін обьективті процесс.Шаруашылық өмірді интернационнализациялау процесіне ғылыми –техникалық ревалюция үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі автоматтандырылған өндірістер ғылыми зерттеулергүе күрделі қаржыларды, ірі капиталды қажет етеді. Ол әлемдік рынокқа көп өнім көлемін шығарғанда тиімді болады. Шаруашылық өмірді интернационализациялауда халықаралық транспорт пен байланыстың әсіресе қазіргі ақпараттық технологиялардың ролі зор.

  • Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық жүйе құруын халықаралық экономикалық интеграция процесі дейміз. Осы интеграциялық құрылымға –Европалық экономикалық қауымдастық жатады. Интеграциялық процестер аймақтық сипат алуда. Мысал ретінде Европалық Одақты алуға болады, мұнда біріңғай ішкі рынок, біріңғай куәліктер, стандарттар жүйесі, коммуникация және транспорт, жалпы кедендік жүйе, сауда саласындағы салық жеңілдіктері, жеке ақша бірлігі-евро енгізілген.

  • Интеграциялық процестер орталық Америкада,Батыс Африка, Оңтүстік ШығысАзия елдерінде жүріп жатыр.ТМД елдері арасында Қазақстан,Ресей,Белоруссия,Украйна мемлекеттері.Біріңғай экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды. Бұл одаққа оның талаптарына келісетін басқа да мемлекеттердің кіруіне болады. Мұндай интеграцияның экономикалық потенциалы мемлекеттер үшін өсу қарқынын тездетеді және жаһандану жағдайында сыртқы күштердің қысымына төтеп береді.

  • Ғаламдық проблемалардың дамуының қажетті негізі адамзат тіршілігінің әрқилы жағын интернационалдандыру болып табылады. Ғаламдық проблемалар адамның жалпы адамзаттық сан қырлы мәселелерін қамтиды.Бұл проблемаларды тез арада шешпеу цивилизацияның күйреуіне алып келеді. Негізгі глобалды экономикалық проблемаларға мыналар жатады:

  • - даму үшін қарусыздану проблемалары

  • - экологиялық проблемалар

  • - азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы

  • - кедейлікті ,ашаршалықты, ауруды жою.

  • Екі әскери блоктың бір-біріне қарсы келуі кезінде жаппай қарулану механизмін іске қосқан болатын. Оның салдары қазіргі уақытқа дейін өз әскерін тигізуде. Ядролық қару және ракеталық техникасы бар мемлекеттердің саны жылдан-жылға артуда. АҚШ-ң әскери мақсатқа жұмсайтын бюджеттік шығындардың көлемі 300 млрд.долларды құрайды және оның көлемінің азаюы жылдан-жылға шамалы ғана.Әлемде мұндай шығындардың көлемі 1 трлн. Доллардан асты.Жаппай қарусыздану нәтижесінде әлемде көптеген проблемалар өз шешімін табар еді.

  • Ғаламдық проблемалар дүние жүзіндегі халықтардың өмірлік деңгеціне ықпалын тигізіп отырады. Кейбір проблемалардың әсері соншалықты оларды деркезінде шешпеу цивилизацияға қауіп төндіреді.

  • Ғаламдық экономикалық проблемаларға мыналар жатады:

  • -қарусыздандыру проблемалары,

  • -экологиялық проблемалары,

  • -азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемалары,

  • -аштық, ауру және кедейщілік аймағын азайту.

  • Ядролық қаруы және зымырандар техникасы бар мемлекеттердің саны өсіп келеді. Соған байланысты шығындарда өсуде.Мысалы, АҚШ –ң әскери мақсатқа арналған бюджеттік шығындары 300 млрд. Долларға жетті,қазіргі кездерде бірте-бірте аз қарқында азаюда. Жалпы дүние жүзінде осындай шығындардың жылдық мөлшері 1 трлн. Долларды құрайды. Егер осы қаржылар өндірісті дамытуға бағытталса адам өмірінің деңгейі айтарлықтай деңгейге көтерілер еді.Өндірістің қарқынды дамуы және оның индустриялық деңгецінің өсуі, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану адам қоғамын экологиялық катастрофаға әкеледі.Өндірісте пайдаланатын шикізаттардың 5% дайын өндіруге пайдаланыс тауып, қалғаны атмосфераны .жерді, суды, ластайды.Сондықтан өндірістегі технологияларды жетілдіру қажет.Осымен қатар табиғи ресурстардың мүмкіншілігін негізге ала отырып, оларды тиімді пайдалану механизімдерін қолдану керек.

  • Ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда дүние жүзінде ашаршылық жағдайындағы халықтың саны шамамен 1 млрд. Адам. Көптеген мемлекеттер ресурстарының жоқтығынан, техникалық және қаржылық қиындықтарына байланысты бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан дамыған мемлекеттердің мақсаты осындай елдерге көмек көрсету.

  • Кедейшілік пен аштық проблемалары кейбір мемлекеттерде халықтың тез өсуімен де байланысты екені байқалады. Өйткені мұндай елде рде халықтың өсу қарқыны ұлттық табыстың өсу қарқынынан озып отырады.Осымен қатар халықтың тығыздығына байланысты ауруларда жиі тарайды. «Құс грипі», «СПИД», ауруларының Африка, оңтүстік-шығыс Азия елдерінде бірінші болып таралуы кездейсоқ емес. Ғаламдық проблемаларды жеке бірнеше ел шше алмайды. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдар бірігу арқылы шешуге болады.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет