құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын
анықтауында. Бұл жерде біз әлеумметтанудың болжайтын қызметін
байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне
байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың
болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады.
Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор,
атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара
халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік
құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері
қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс
жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен
арақатынастары қандай? т.б.
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси,
рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады.
Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік
жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден
алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б.
кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтік қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты
әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік
немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп,
олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін
пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-
қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-
сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол
қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік)
функцияны да атқарады.
4.
Достарыңызбен бөлісу: