Тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, оның негізін салған ғалымдар?



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата27.01.2023
өлшемі498,34 Kb.
#63363
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тақырып 1



Тақырып 1. Әлеуметтану ғылым ретінде 
1.
Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, оның негізін 
салған ғалымдар? 
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен 
ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің 
объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу 
нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен 
саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму 
зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен 
заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше 
формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні 
ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне 
зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. 
Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай 
қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: 
әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, 
әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , 
әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу 
объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-
қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект 
қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның 
пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам 
өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен 
үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір 
әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың 
немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың 
негізгі пәнін құрайды. 
2.
Әлеуметтану құрылымы және күнделікті өмірде 
пайдалану қажеттілігі? 


Қандай да бір ғылым белгілі бір объективтік қажеттілікте, өмір 
сұранысына байланысты пайда болады. Өмір, тәжірибе қажеттілігі, 
сұранысы болмаса, ғылым пайда болмаған болар еді. Осыған орай 
әрбір ғылымның, тіпті теорияның өзіне тән шығу, пайда болу 
тарихы бар. Сондықтан әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын 
білу қажет, өйткені бұларды білмейінше біздің нақтылы ғылым 
туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болады.
Бұл шарттардың да әлеуметтану ғылымына тікелей қатысы 
бар және біз оның әрбір теориясына, тұжырымдамасына тарихи 
тұрғыдан қарасақ, біз ондағы ескі, кертартпа ой-пікірлерді, 
қателерді жағымсыз тәжірибені болдырмауға, қайталамауға 
тырысып, болашағы зор теорияны, тұжырымдарды тәжірибені кең 
қолдануға мүмкіндік тудыратын процестерге жол ашамыз. 
Олардың ілгерілеп дамуына мүмкіндік жасалады. Сөйтіп қоғамның, 
адамның жан-жақты дамуына тікелей ықпалын тигізеді.
Әлеуметтану қалай пайда болды, оның алғы шарттары, шығу 
себептері қандай, оның ғылым болып қалыптасуына қандай 
қозғаушы күштер түрткі болды?
Бұл сұрақтарға бірден жауап беру емес оңай емес. Өйткені 
әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. 
Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан, 
біздің жыл санауымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген ұлы 
ойшылдары Платонның “Заңдар”, “Мемлекет туралы” еңбектері 
мен Аристотельдің “Саясат”, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл 
мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. 
еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.
Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтану ғылым ретінде көне немесе 
қайта өрлеу дәуірлерінде қалыптасты деп айтуға бола ма деген 
заңды сұрақ туады. Әрине, жоқ. Бұл жерде әлеуметтанудың 
жетекшісі -әлеуметтік философия өмір сүріп, онда қоғам, адам, 
осылардың дамуы туралы мәселелер қойылып, өзінше шешілді 
десек орынды болар еді.
Әлеуметтану қалай пайда болды, қай уақытта, оның өмірге келуіне 
қандай алғышарттар себеп болды, т.с.с. сұрақтарға ғылыми дұрыс 
жауап беру үшін біз ғылымдардың шығуы мен дамуы зертейтін 


“Науковедение” атты кітаптың деректеріне сүйенеміз.
Бұл ғылымның ұйғарымы бойынша, әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-
жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст 
Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі 
шыққанан кейін пайда болған. О.Конт бұл 6 томдық еңбегінің 3-ші 
томында “Социология” деген ұғымды бірінші рет қолданып
қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді міндет қойды.
Ұоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану 
ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі 
болды.
Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ 
ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды 
баяндай сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан 
бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, 
әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы 
ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше 
мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде 
әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын 
қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және 
әдістік 
аппаратын дайындау басталды
, әлеуметтану 
эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. Оның әр 
түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты 
кеңінен қолдана бастады.
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде 
әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан 
түрлі ой-тұжырымдарын өміре қолдана бастады. Қазіргі кезде 
Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың 
қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси 
серіктестердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі 
білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі 
тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын 


грек ойшылары Сократ, Платон, Аристотель, т.б.әлеуметтануға 
қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар қоғам 
дамуының кейбір мәселелерін қарапайым түрде қарағандарымен, 
көптеген ұнамды, жақсы ойлар айтқан. Бірақ, әлеуметтану ол кезде 
өз алдына дербес, тәуелсіз ғылым болып әлі қалыптасқан жоқ еді.
3.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет