Девиация- «қалыпты» болып есептелетін немесе қоғамдағы,
не әлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінез-құлықтан
ауытқитын әлеуметтік мінез-құлық.
17.
Парадигма- зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде
алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық
принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік
нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму
кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және
болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде
туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде
пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер
жиыны.
18.
Позитивизм- (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) —
нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып,
қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай
танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық
бағыт.
Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм
негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы
өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль,
Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық
ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің
кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық
философия қалыптасты.