Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет26/29
Дата03.05.2023
өлшемі245,03 Kb.
#89536
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Демографиялық жарылыс – жоғары бала туудың сақталуы кезінде өлім-жітімнің төмендеуі аясында халықтың өсу қарқынының шұғыл түрде жылдамдауы.
Денсаулық сақтау – әлеуметтік экономикалық және медициналық іс-шаралардың және де іс-әрекетті халықтың денсаулық деңгейінің сақталуына және жоғарылауына бағытталған әлеуметтік институттар жүйесі.
Денсаулық – сыртқы ортамен толық теңгермешілікте және аурумен байланысты қандай да бір ашық өзгерістердің болмауымен сипатталатын, адам ағзасының тірі жүйе ретіндегі жағдайы.
Дін – бұл бірқатар қауымдастықтың мүшелері бөліп тұратын сенім-наным, оған аса зор құрметпен және бойұсынумен және де салт-жоралғылардың әрекеттермен қатысты символдар да қосылады.
Жаһандану – бүкіл әлемдік экономикалық, саяси және мәдени интеграция мен біріздендіру үдерісі.
Жаһандану – бұл түрлі адамдардың, аймақтардың және әлемдегі елдердің арасындағы өзара байланыстылықтың өсуі.
Жатсыну – бұл адамзат ретінде біз ие болатын мүмкіндіктерімізді басқалар иеленетін сезім.
Жұмыссыздық – егер де адам осындай іс-әрекетке дайындалған болса, жалдамалы немесе өзіндік дербес істер бойынша жұмыстың болмауы жағдайы.
Интервьюер – ауызша вербалдық коммуникация жолымен ақпараттарды жинауды жүргізетін тұлға.
Кедейшілік – салауаты өмір сүруді қолдап тұру үшін жеткілікті материалдық және мәдени ресурстардың болмауы
Көлбеу ұтқырлық – жеке тұлғаның немесе топтың басқа, бірақ статусы бойынша тең әлеуметтік ұстанымының бір стратификацияланған қабаты аясындағы қолданысы.
Конвергенция теориясы – екі әлеуметтік жүйелердің – капитализм мен социализмнің өздеріне жағымды белгілері мен әрқайсының жағымды қасиеттерін сәйкестендіретін, қоғамдағы одан кейінгі синтезімен жақындасушылық тұжырымы.
Конфессия – дінге сенушілік, дін, қандай да бір дінге тиесілі болушылық. Әдетте діни ілімі, табынушылығы, ұйымдасушылығы бар бірлестіктерге қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет