«Көкшіл жағалылар» – АҚШ-та дене еңбегімен айналысатын жұмысшыларды білдіру үшін қолданылатын термин.
Корреляция – (өзара байланыстылық) –өзара тәуелділік, өзара сәйкестілік, түсініктердің, заттардың, құбылыстардың ара қатынасы; бір белгінің бір маңызына басқа белгінің бірнеше маңызы сай келетін, өзінің орта маңызынан қайсыбір жаққа ауытқитын ауыспалы нәрселердің байланысы.
Коммуникация – бұл бір тұлғалардан немесе топтан ақпараттың басқасына берілуі. Коммуникация әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық түрлері үшін қажетті негіз болып табылады.
Конвергенция – әлеуметтануда бұл қарама-қарсы қоғамдық жүйелердің біртіндеп жақындасуы үдерісі.
Конгениальдылық – рухты, қабілеттіліктері, ойлау бейнесі бойынша ұқсастық.
Құндылықты бағдарлар– жеке тұлғаның өмір мақсаттары мен оларға қол жеткізудің негізгі құралдары санасында көрініс беретін, бөлшектенген әлеуметтік құндылықтар: жеке тұлға мен оның мінез-құлық мотивациясын басым ететін, реттейтін маңызды фактор.
Құндылық– қоршаған ортаның нысандарының және қоршаған нақтылық құбылыстарының адам мен нақтылы қоғам үшін жағымды және жағымсыз болып келетін маңыздылығы.
Құндылықтар – бұл тұлғалардың немесе адамдар тобының қалаулы, жағымды, жақсы немесе жаман туралы түсініктері. Құндылықтардағы айырмашылық мәдениеттерді түсінудің кілті болып табылады.
Қол жетімді статус –бұл оның қалыптасуы үшін адам нақтылы іс-әрекетті іске асыратын, арнайы күш-жігер жұмсайтын статус (депутаттың, профессордың, офицердің жоғары білімі бар адамның статусы және с.с.)
Макроәлеуметтану – әлеуметтануда талданудың әр алуан деңгейлері болады. Макроәлеуметтану – бұл ірі қауымдастықтар (қала, діни конгрегация) деңгейіндегі болмаса аса абстрактылы түрде түсінілетін әлеуметтік жүйелердің және әлеуметтік құрылымдардың деңгейіндегі талдануы.
Матриархат – бұл термин антропологияда әйелдер билік ететін қоғамды белгілеу үшін ХІХ ғасырда қолданылды. Қазіргі уақытта ол отбасы басшысы әйел, ал шығу тегі әйел жағынан жалғасатын отбасылық қарым-қатынасты белгілей отырып, аса тар мағынада болады.
Маргинал – әр түрлі әлеуметтік топтардың, жүйелердің, мәдениеттердің шегінде тұрған, олардың нормаларынан, құндылықтарының және с.с бір-біріне қарама қайшы келетіндердің ықпалын бастан өткерген адам.