Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Мәдениет – бұл осы қоғам үшін тән болып келетін құндылықтар, нормалар мен өнімдер. Микроәлеуметтану



бет28/29
Дата03.05.2023
өлшемі245,03 Kb.
#89536
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
лекциялар (6)

Мәдениет – бұл осы қоғам үшін тән болып келетін құндылықтар, нормалар мен өнімдер.
Микроәлеуметтану – әлеуметтанулық талдаудың осы дәрежесінде адамдардың тікелей әлеуметтік өзара әрекеттестігі топ кіші топтардың тұлғааралық мінез-құлқы қарастырылады.
Моногамия – некеге тек бір жұбаймен тұру тәжірибесі.
Некелік мінез-құлық – некелік әріптестің таңдауын ортақ ететін және некеге тұратын іс-әрекет пен қарым-қатынастар жүйесі.
Неке – ересек ер мен әйел арасындағы әлеуметтік түрде нақтыланған және кейде заңды түрде расталған одақ.
Нормалар – бұл нақтылы әлеуметтік қауымдастықта қабылданған мінез-құлық ережесі. Нормалар мінез-құлықтың нақтылы типін тағайындайды немесе тыйым салады.
Отбасы – бұл әлеуметтік институттың және кіші әлеуметтік топтың белгілері болатын әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік институт ретінде отбасы жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа да туыстардың арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады.
Отбасы саясаты – отбасының өз функцияларын әлеуметтік түрде қорғауы, нақтылы типтегі отбасыларға арнайы түрде қолдау көрсету бойынша оңтайлы болатын мемлекеттік және басқа да қызметтердің әрекеті. Демографиялық саясаттан айырмашылығы – отбасылық саясат қандай да бір демографиялық нәтижелерге жетуге бағытталған.
Онтогенез – ағзаның ұрықтануынан өмірінің соңына дейінгі мезетінде ондағы барлық бірізділіктік қайта құрулар мен өзгерістерді қосатын, дербес ағзаның даму үдерісі.
Патриархат – ер адам отбасылық, шаруашылық, қоғамдық өмірде басыл рөл алатын әлеуметтік ұйымдасушылық формасы.
Респондент – ауызша немесе жазбаша ақпараттың дереккөзі болып табылатын нақтылы әлеуметтанулық зерттеулерге қатысушы.
Саяси-дәстүр – әлеуметтік және мәдени мұраның бір бөлігі, ол ұзақ уақыт бойына қоғамда немесе әлеуметтік топтардың арасында сақталады және құндылықтар мен нормалардың жүйесіне кіреді.
Секулияризацияқоғамның, мәдениеттің әртүрлі әлеуметтік топтар мен жекелеген тұлғалар діни санкцияланудан және ықпалдан босап шығатын үлкен секторының нәтижесінде болатын үдеріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет