Тасымалдаушы - бұл сыртқы ортаға инфекциялық қоздырғыштарын таратқанымен, клиникалық белгілер болмайды.
Эпидемиялық процесстің екінші элементі инфекцияның жұғу жолдары мен берілу факторлері жатады. Қоздырғыштың берілу механизмі - бұл паразиттің эволюциялық қалыптасқан бір иеден басқа иеге берілу қабілеттілігі. Ол үш сатымен (фазамен) іске асады:
1) ауру адамнан шығу сатысы;
2) сыртқа ортаның биотикалық және абиотикалық объектілерінде уақытша бола түру сатысы;
3) қабылдағыш организмге ену сатысы;
Берілу механизмінің екінші және үшінші сатысы белгілі бір (немесе бірнеше) фактор арқылы іске асады. Берілу факторлары міндетін атқаратындарға жататындар: ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынаяқтылар. Қоздырғышты инфекция көзінен қабылдаушыға тасуға қатысатын буынаяқтыларды коздырғышты тасымалдаушы деп атайды.
Л.В. Громашевский қоздырғыш адам ағзасында орналасуына байланысты 4 берілу механизмін анықтады:
фекальды-оральды берілу механизмі - бұл кезде қоздырғыш асқазан-ішекте орналасады (ішек инфекциялар);
аэрозольды берілу механизмі - қоздырғыш тыныс жолдарының кілегей қабатында орналасады (тыныс жолдары инфекциялар);
жанасу берілу механизмі - қоздырғыш көбінесе теріде және сыртқы кілегей қабаттарында орналасады (тері және сыртқы қабат инфекциялары).
Вертикальды берілу механизмі анадан – жүктілік кезде балаға қоздырғыштардың берілуі.
Парентеральді кейбір кезде биопрепараттар жасау кезінде технологиялық тәртіп сақталмағандағы, техника қауіпсіздігі ережелері бұзылмағандағы немесе апат болғандағы жұғу жағдайларын келтіруге болады.
Ерекше жұғу жолдары кейбір медициналық тексерулерді жүргізгенде (эндоскопия), парентеральдық процедуралар (егу, қан құю, операция, т.б.) жасағанда іске асады.
Эпидемиялық процесстің үшінші элементі қабылдағыш - организмнің бірқатар патологиялық реакциялармен қоздырғышты енгізуіне жауап беру қабілеті. Организмнің қабылдаушылық қабілетті болса, қоздырғыш жұғады және ауру пайда болады, ал ол жлқ болса, яғни қабылдаушылық қабілетті болмаса (мысалы, иммунды организм) ауру пайда болмайды. Бұл адам ағзасының күйіне, оның жасына, жынысына, қоздырғыштың сапалық сипаттамаларына, оның дозасына және эпидемиялық процестің даму орны мен уақытының нақты жағдайларына байланысты. Мысалы, қызылша, полиомиелит және басқа ауруларда эпидемиялық процесстің үшінші бөлігіне әсер еткенде (алдын ала иммундау) аурушандықты тоқтатуға болады.
Қазақстан Республикасындағы және облыстардағы (аудандардағы) санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қызметін санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Оларға мыналар жатады:
( облыстар бойынша департаменттер, қала, аудандар)
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және бақылау ғылыми-практикалық орталығы (яғни зертханалар)
Қалалық обаға қарсы станциялар
Санитарлық - карантиндік бақылауды жүзеге асыратын карантиндік пункт, яғни. елге инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығына қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылатын адамдар мен тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өтуін бақылау санитарлық – карантиндік пункт.