Ситуациялық есеп
Науқас Е., 37 жаста, мектептің «продленка» групасында жұмыс жасайды. Екі күн бұрын дене қызуы 39 ℃, қалтырау, бозару, терінің құрғауы және бөкселер мен жамбастарда әр түрлі мөлшердегі дұрыс емес пішінді жұлдыздар түрінде геморрагиялық бөртпе пайда болды. Жүрек соғысы 100 рет / мин. артериальдық қысым 100/60 мм рт.ст. Қанның жалпы анализінде лейкоциттер 30,0 9 10 9 \ л құрайды. Балалар мекемесінде 10 күн бұрын 4 жасар балада жедел ішек оқиғасы тіркелген және 5 жасар балада жедел назофарингит диагнозы қойылған.
Сұрақ:
1) Инфекция көзін анықтаңыз.
2) Қоздырғыштың берілу механизмі мен жолын белгілеңіз.
Ситуациялық есеп
4 ақпанда Балауса балабақшаның Н есімді 5 жасар баласында қызылша ауруының оқиғасы тіркелді. Кырғызстан елінен оралман 5 жасар бала ата анасымен ҚР Орал қаласына қоныс аударады. Орал қаласына «Балауса» балабақшасына 20 қантарда тіркелген. Балабақшаның 2 күні балада қызылша ауруының белгілері байқалады. Ата анасы діни себептермен баласына жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасатпаған. Тек перзентханада БЦЖ мен В вирустық гепатит ауруларына қарсы вакцина алған. Балабақша балаларының барлығы ҚР күнтүзбеге сәйкес өз жастарына сай екпелер алған. Балалар арасында қызылша ауруының белгілері жоқ.
Сұрақ:
Балабақшада қызылша ауруының тіркелу болжамына талдау жасаңыз ?
Эпидемиологиялық процестің 3 элементтерін атап көрсетініз?
Достарыңызбен бөлісу: |