Тақырып: Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі Морфологияны оқыту әдістемесі


ә)Сөз таптарын оқыту әдістемесі. Сөздерді таптастыру принциптері



бет2/5
Дата02.12.2023
өлшемі48,86 Kb.
#132176
1   2   3   4   5
Байланысты:
лек

ә)Сөз таптарын оқыту әдістемесі. Сөздерді таптастыру принциптері.
Сөз таптарын оқыту - қазақ тілі грамматикасының ең негізгі және басқа тақырыптарды меңгерудің тірегі болатын ұғымдарды меңгерту деген сөз. Сондықтан бұл тақырыптарыдң мейлінше түсінікті болуы - басты шарт. Ол сөз таптарын өзінің орналасу ретіне қарай тілдігі бір үлкен морфологиялық заңдылыққа бағынатынына көз жеткізе отырып түсіндіріледі. Мәселен, «Сөз табы зат есімнен басталып, одағаймен аяқталады. Неге? еген сұраққа жауап іздеп көрелік»,- деп, оқушы назарыносы заңдылыққа аударып барып,мынадай түсіндірме жасалады: тілдегі сөздердің топтастырылуының , өткен сабақтарда айтқандай, үлкен үш белгісі болатыны анық. Олар: біріншіден, сөздердің білдіретін мағынасының ортақтығы, екнішіден, грамматикалық көрсеткіштердің жүйесіне бағынатындығы, үшіншіден, белгілі бір сөйлемдегі атқаратын қызметінің бірлігі. Тағы бір ескеретін мәселе: осы сөз таптарының түзілісінің, яғни ретінің де белгілі бір заңдылыққа бағынатындығы. Мұны білу - оларды ретін бұзбай айту үшін ғана емесе, олардың бір -бірімен байланысын ,
Сабақтастығын тану үшін де қажет. Әдетте, сөз таптарының реті бойынша былайша беріледі.

  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Етістік

  6. Үстеу

  7. Еліктеуіш

  8. Шылау

  9. Одағай

Сөз табының зат есімнен басталуының себебі адам баласының дүниені танып - білуі, ең бірінші, нақты бір заттарды танудан басталады. Не нәрсенің болса да қасиетінен, сапасы мен санынан, оның әркеттерінен бұрын оның өзін танымаймыз ба? Олай болса, егер сөз табы біз білетін бүкіл сөздердің өз ерекшеліктеріне қарай топталуы болса,оның зат есімнен басталуының мәні де осында. Енді қарап отырсақ, одан кейін келетін сөз таптары осы заттың әр тұрғыда танылуына қарай жүйеленеді екен. Кез келген заттың сапалық, сындық қасиеттері болатыны сөзсіз, сондықтан зат есімнен кейінгі орында «Сын есім» тұруға тиісті. Заттың сынын кейінгі мәселе оның сондық ұғымға қатысында болғандықтан «сан есім» үшінші болып тұрады. Ао одан кейінгі тұрған «Есімдіктің» жөні бөлектеу. Байқасақ, алдыңғы үш сөз табының атауларындағы ортақ сөз «есім» екен: зат есім, сын есім, сан есімтөртінші «есімдік» тобына енетін сөздер осы үшеуінің орнына жүретін сөздер болғандықтан, бәрі бір ортақ атауға байланған екен.
Әрбір зат үнемі қозғалып, өзгеріп әрекет етеді. Осы ұғымдарды білдіретін сөздер «етістік» деп аталатын топқа енеді. Яғни осы етістікке дейінгілердің бәрі де зат есімге қызмет ететін сөз таптары болып саналады. Ал, одан кейінгілер енді етістікке тәуелді болады. Мысалы, үстеуге назар аударайық. Етістіктенр ,әрине, іс -әрекеттерге қатысты сөздерді біріктіреді. Ал кез келген іс -әрекет бір уақыт ішінде, белгілі бір кеңістіктің ішіндегі орын -мекенде жүзеге асады, әр қилы қалыпта болады, белгілі бір мақсаттарға сай болып жатады. Міне, әрекеттің оындай қырларын білдіретін сөздер «үстеуге» топтасып, олар етістікке бағындырылады. Сол сияқты еліктеуіш сөздер де табиғаттағы түрлі құбылыстар мен дыбыстарға еліктеуденпайда болған атаулар. Олар да , негізінен, етістікке тәуелдіболып тұрады. Белгілі бір мағынаны білідріп, белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде белгілі бір қызмет атқаратын осы сөз таптарының соңынан шылау келеді. Шылау өзіне дейінгі сөз таптарының қай -қайсымен де байланыса алатын қасиетке ие. Ал. одағай , керісінше, олардың ешқайсысына қатыссыз, оқшау тұрады. Сондықтан ол осы жүйенің ең соңында тұр. Олай болса, сөз таптарының ішкі байланыстарын былай көрсетуге болады.:
Бұл байланыстар әр сөз табын өткен сайын қайталанып, оқушы ұғымына сіңдіріледі де, оның тіл туралы білімін тереңдетуге негіз қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет