Тақырып: Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі Морфологияны оқыту әдістемесі



бет3/5
Дата02.12.2023
өлшемі48,86 Kb.
#132176
1   2   3   4   5
Байланысты:
лек

Зат есімді оқыту.
Зат есімнің сөз табы ретінде түсіндірілуі қалған сегіз сөз табының да игерілуіне кепіл болады. Сондықтан зат есімнің сөз табы болуға құқылы екнедігін көрсететін басты белгілерін жинақты, түйіндеу қажет. Олар:
1.зат есім тобына енетін сөздердің барлығы да қоршаған ортадағы белгілі бір зат не құбылыс атауын білдіруі керек. (деректі және дерексіз)
2. осы ақпарат берілгеннен кейін , осы топтардың әрқайсысына мысал жаздырылады, олардың қандай сұрақтарға жауап беретіні анықталады.
3. Олардың бәріне ортақ түрлену жүйесі боады. (з.е. көптеледі, тәуелденеді, жіктеледі, септеледі)
Зат есімдердің білідретін мағыналывқ және ұғымдық атауларына қарай деректі -дерексіз, жалпы -жалқы, дара -жинақтау секілді топтпрғп бірігетінін оқушылар арнайы тапсырма беру, түрлі өздік жұмыстар жүргізу арқылы көз жеткізге тиіс. Зат есім тақырыбынан берілген теориялық мәліметтер тест сауалдары , грамматикалық ойындар арқылы тереңдетіле түседі.
Сын есімді оқыту.
Сын есім тақырыбын өткенде осы топқа енетін сөздердің адам танымындаығ ролі қандай , олар не үшін қажет және оларды қолдану ерекшелігі қандай болады деген сауалдар төңірегінде түсінік беру қажет. Оқушылармен әңгіме түрінде жүргізілетін сұхбат- түсінік «жақсы», « жаман» «ұзын», «қысқа» деген түсініктердің қандай жағдайда қолданылатына көңіл аударылады, бұл сөздердің белгілі бір затқа я заттық ұғымдағы нәрселерге қатысты болатыны дәлелденеді, Сонымен қатар, бір сын есім мағынасындаығ сөзден басқа бірнеше сындық мәндегі сөз бір затқа қатысты болады. Себебі, зат біреу болғанмен, оның сан түрлі қасиеттері, белгілері болады. Мысалы, ағаш -биік, пайдалы, қалың, жапырақты, жалғыз, жас, тамырлы, жемісті, жуан, қураған.
Сын есімді оқытуда ерекше мәні берілуі тиіс мәселенің бірі - негізгі сын есімдер мен туынды сын есімдердің, сапалық және қатыстық сын есімдердің өзара байланысы мен бірлігін таныту.
Сан есімді оқыту.
Сан есімнің де ең әуелі зат есімге қатысты екені аңғартылады.да, оның тек заттың санын ғана емес, мөлшерін, бөлшегін де білдіретіні баяндалады. Себебі сан есім туралы көбіне тек сандық нақты атаулармен шектелу құбылыстары жиі байқалып қалады.Сондықтан мөлшерлік ұғымдағы сан есім де, бөлшектік мәндегі сан есім де қоса түсінідірілуі тиіс.
Сан есімдердің жасалу жүйесі жағынан , семантика -лексикалық мағыналары жағынан іштей жеке -жеке категорияларға топтарға бөлінетіні туралы түсініктер дара және күрделі сан есімдердің ерекшеліктері таныстырылғаннан кейін жеке тақырыптар негізінде беріледі. Есептік сан есімнің басқа мағыналық топтарға терек ретінде алынатынына айрықша назар аударылады.
Сан есімдерді оқытқанда есте болатын бір мәселе - осы сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру. Мысалы, қазақ ұғымындаығ онға дейінгі тақ сандардың бәрі ; бір,үш,бес, жеті, тоғыз және қырық секілді сандардың белгілі бір ырымға негізделетіні, олардың киелі деп есептелетіні тұрақыт тіркестерді, тыйым сөздерді, белгілі бір тіркестерді пайдаланып, олардың құрамындаығ аталған сөздердің білдіртеін мағыналық сипаттарымен таныстыру баланың білімін кеңейтіп қана қоймайды, оның көзқарасын да қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет