Еліктеу сөздерді оқыту. Еліктеу сөздердің алдыңғы сөз таптарынан басты ерекшелігі - олар табиғаттағы дыбыстың және бейнелік құбылыстарға байланысты туғандығында және олардың не қосарланып, не көмекші етістіктермен тіркесіп берілуінде екендігі түсіндірілуі керек. Еліктеу сөздердің халықтық таныммен байланысты екенін , сондықтан оларлы бір тілден екінші тілге дәл аудару мүмкін еместігін немесе өте қиын екендігін атап өткен дұрыс.
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық және бейнелік сипаттарны білідруіне қарай еліктеуіш және бейнеленуіш болып бөлінуі мен олардың жасалуы оқулықта жүйелі түрде берілген теориялық мәліметтер мен арнайы жаттығулар арқылы бекітіледі.
Одағайды оқыту. Одағайдың өзге сөз таптарынан басты ерекшелігі - ол сөздердің топтастырылуына негіз болатын үш белгіге де сәйкес келмейтіндігі түсіндіріледі. Мысалы, біріншіден, одағайдың толық лексикалық мағынасы жоқ, екінішден , сөйлемдегі басқа сөз таптарымен байланысқа түспейді,оқшау тұрады, үшіншіден, ол белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды. Сонда одағай неге сөз табына жатқызылып тұр? Деген сұрақтың жауабын оқушылармен әңгімелесу барысында табуға болады. Одағай нақты бір мағынаны білдірмегенмен, оның сөйлеу тілінде өзіне ғана тән ерекше қызметі бар. Ол - адамның көңіл -күйін білдірудегі мәні. Адам өмірі үнемі бір қалпта болмайды, сондықтан одағайлар да сол алуан түрлі күйді көсететін тілдік құбылыс.
Одағайдың тағы бір басты ерекшелігі - оның ешқандай да түрленбейтіндігі. Сонымен қатар айтылар бір мәселе - оның емлелік сипаты. Одағай сөз сөйлемнің басында да, ортасында да , аяғында да келе беретіндігін, осыған байланысты қойылатын тыныс белгілерін дұрыс түсіндіру қажет.
Көмекші сөздерді оқыту. Өз алдына дербес мағынасы болмағанмен, негізгі сөздердің жетегінде тұрып, оларға көмекшілік қызмет атқаратын да біршама сөздер бар. Бірақ олар да кез келген сөз табымен байланыста емес сол шоғырдың басты әрі негізгі түрі болып табылатын зат есімге қатысты болып келеді. Сондықтан олардың зат есміге қатыстыра көмекші есімдер, ал етістікке қатысы көмекші етістіктер деп бөлінетіні айтылады.
Ал, осы көмекші сөздердің қатарында айтылғанмен, өзіне дейінгі барлық сөз табымен қатысты айтылатын сөздер тобы бар, олар -шылау сөздер. Сондықтан да шылау қызметі жағынан көмекші сөздер аясында түсіндірілгенмен , оның мағыналық, қолдану аясы жағынан атқарар ролі қомақты. Шылаулардың жалғаулық, септеулік, демеулік секілді түрлерінің әрқайсысының өзіне тән даралық сипаттары мол.