: М. Ақтанов, Е. Құлпейісов, М. Жасмағанбетов, Ф. Иманбаев; Петербор университеті: Ж. Ақбаев, Б. Қартаев, С. Лапин, М. Шоқаев, Б. Сыртанов, Б. Құлманов; Мәскеу университеті: С. Аппасов, ағайынды Ниязовтар, С. Нұралыханов, Х. Ғаббасов; Петербор орман институты: Ә. Бөкейханов; Петербор жол қатынасы институты: М. Тынышбаев; Петербор Әскери медицина академиясы: Х. Досмұхамедов;Том технология институты: А. Ермеков және т.б.
Орысша білім алған қазақ жастары өз жұртының ортасында орыс мемлекеті мен мәдениетінің мүддесін жүргізуші құралға айналуға тиіс болды. Дегенмен, патша өкіметінің бұл саясаты толықтай жүзеге асқан жоқ. Бір жағынан олар еуропалық білім мен мәдениетсіз қазақ жұртының ортағасырлық надандықтың шырмауынан шыға алмайтындығын жақсы түсінді. Сонымен бірге олар тереңдеп еніп келе жатқан отаршылдықтың келеңсіз жақтарын да аңғарып отырды.
1917 ж. қазан революциясына дейін Қазақстанда жоғарғы білімді адамдар саны 120 адам, ал ресейлік орта арнаулы оқу орындарында білім алған мамандардың саны 700-ден асқан еді.
Ұлттық саяси элита қалыптасуның бұл кезеңінің ерекшелігі: саясат сахнасына ұлт тағдырын, заман ағымын, уақыт сұранысына лайық теориялық дәрежеде қорыта алған, сондай-ақ ұлт өмірін модернизациялауға ынталы жігерлі саяси күш келді.