Тақырып. ХХ ғасыр басындағЫ Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы


Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының бастаулары



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі29,77 Kb.
#128025
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 1

1.2 Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының бастаулары.
Ұлттық тарихи сананы қалыптастыруда ұлт-азаттық қозғалыс тарихының алар орны ерекше. XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын алғаш зерттеген тарихшы-ғалым, профессор Ермұқан Бекмаханов болды. Жекуе басқа табыну кезінде, кеңестік тоталитарлық дәуірде ұлт-азаттық қозғалыстың зерттелуі мүмкін болмады, шындық бұрамаланды, шындықты айтпақ болған Е. Бекмаханов сияқты ғалымдар қудалауға ұшырады. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды. Тек елеміз егеменділікті алған кезде шындықты ашып айту мүмкіндігі туды.
Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
Ұлт-азаттық қозғалыстың үш белгісі бар:

  1. Қозғалысқа жалпы ұлттық идеяның тән болуы;

  2. Қозғалыстың алға қойған негізгі мақсаттың мемлекеттік билік мәселесі болуы;

  3. Қозғалыстың басында ұлт зияларының көрнекті өкілдерінің тұруы.

Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі уақыттағы азаттық козғалысын қозғаушы күштер мен күрес тәсілдеріне байланысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең — XVIII ғасырдың соңы және XIX ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Қазақ қоғамындағы қалың бұқара атсалысқан азаттық қозғалыстың бұл алғашқы кезеңінде белгілі объективті себептерге байланысты билеуші әлеуметтік топ жетекші рөл атқарды. Сырым Датұлы (1783—1797 жылдары), Исатай Тайманұлы (1836—1838 жылдары), Кенесары Қасымұлы (1837—1847 жылдары), Есет Көтібарұлы (1847—1858 жылдары) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856—1857 жылдары) бастаған көтерілістер, ең алдымен, орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын.


Ұлттың саяси белсенді тобы ұлттық тәуелсіздікті қорғау ісінде орасан зор табандылық танытқанымен, қазақ қоғамының шектеулі экономикалық мүмкіншілігінен асып кете алмады, қару күші, экономикалық қуаты мен отарлау әдіс-айласы басым империялық жүйе дегеніне жетті, халықтың қарсылығын күшпен басты. Ендігі уақытта сұлтан, батыр мен би сияқты әлеуметтік топтардан тұрған басқарушы элита жалпыұлттық мәселелерді шешу ісінде өз рөлін жоғалта бастайды.
Ұлт-азаттық козғалыстың келесі екінші кезеңі — зиялылар тобының қызметімен байланысты. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы қазақ қоғамында дербестіктің ізін де қалдырмады, Қабылданған Ережелер қазақ жерін орыс мемлекетінің меншігі деп жариялады. Столыпиннің аграрлық реформасы тұсында жүргізілген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп жаппай қоныстандыру шаралары қазақ қоғамының дәстүрлік құрылымына әсер етпей қоймайды. Міне, осындай жағдайда ұлт тағдыры мен оның табиғи сұраныс-тілектерін, сондай-ақ ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын заман талабына сай қабілетті әлеуметтік күш өзін көрсете бастайды. Ол ұлт зиялылары еді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция ретінде өмірге қазақ ұлтшылдығы келді. 1916 жылғы көтеріліс ресейлік биліктің терең дағдарысқа келіп тірелгендігін, қазақ халқының отарлық езгіге қарсы шығуға әзір тұрғандығын көрсетті. Ал 1917 жылдың күзінде Алаш партиясының өмірге келуі, осы жылдың соңына карай Түркістан (Қоқанда) және Алаш (Орынборда) автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы ұлт-азаттық қозғалысының империядағы басқа да азаттық үшін күресуші күштермен бірлікте жүргізген қызметінің басты нәтижелері болды.
Ұлт-азаттық күрестің келесі үшінші кезеңі — Кеңестік билік жағдайында жүрді. Жер мәселесінің толық шешімін таппауы, ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныс аударудың толастамауы, өнеркәсіптің шикізаттық сипат алуы, орыстандыру үдерісі, қазақ ұлтының өзін- өзі мемлекеттік басқару үмітінің ақталмауы азаттық үшін қозғалыстың жаңа мазмұн алуына негіз болды. Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж.Мыңбаев және басқа белсенді қайраткерлерден тұрған саяси топ, Ф.Голощекин айтқандай, алашшыл элитаның келесі екінші «жаңа буыны» болатын. Бұл буын өзінің бар күш-жігерін кеңестік автономияға ұлттық мазмұн беруге жұмсады. Империялық күштер олардың бұл қызметін саналы түрде бұрмалап, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «ұлтшыл шектеуліктің» көрінісі ретінде бағалады.
XX ғасырдың 20—30-жылдары мемлекет тарапынан тынымсыз жүргізілген саяси қуғын-сүргін алашшыл ұлт зиялыларының аталған екі буынын да жойды. 20—30-жылдар аралығында күштеп ұжымдастыруға қарсылық ретінде көрінген 372 шаруалар көтерілісі саяси жетекшісіз қалған бұқара халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ашық қарсылығы болды.
Кеңестік тоталитарлық жүйе орнағаннан кейінгі мезгілде азаттық үшін күрес шетелдік эмиграция күшімен жүргізіле бастайды. Ал оның ең ірі өкілі Мұстафа Шоқай болды. Ол өзінің басшылығымен Париж және Берлин қалаларында шығып тұрған «Жас Түркістан» журналында (1929—1939 жылдары) үздіксіз жариялап отырған мақалалары мен зерттеу еңбектері арқылы отандастарының талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу міндетін өз мойнына алды. Осы бағытта ол азаттық қозғалысқа өлшеусіз үлес қосып, жаңа тарихи кезеңде ұлттық сананың қайта жаңғаруына зор ықпал жасады.
XX ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысқа тән ерекшелік — оның тағдырлас көрші түрік халықтарымен күш біріктіруге ұмтылысы болды. Қай тұрғыдан болсын мұндай әрекет 1917 жылғы революциялық өзгерістерге шейін қазақ және татар, 1916—1917 жылдары қазақ пен қырғыз және өзбек, азамат соғысы тұсында қазақ пен башқұрт азаттық қозғалыстарының өзара саяси қолдаушылық әрекеттерінен анық байқалды.
Кеңестік дәуірде республика тұрғындары Коммунистер партиясының орталық органдарының саясатына қарсы наразылық білдіріп отырды. 1929—1931 жылдары күштеп ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері, 1959 жылы Теміртаудағы әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуінен туған жұмысшылар толқулары, ұлт саясатындағы қателіктер себеп болған 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар да сондай қарсылықтардың бірі еді.
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ғасырлар бойғы күресін аяқтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет