Тақырып: Жүрек ырғағының. бұзылыстары



бет1/6
Дата07.09.2022
өлшемі3,22 Mb.
#38626
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
210089 2

Тақырып: Жүрек ырғағының. бұзылыстары

  • Қабылдаған: Ермаханова Ж
  • Орындаған: Ондосинов Е.
  • Октяброва Дурдана
  • Нұрғазы Айдана
  • Тобы: ЖМ-114

Аритмия

  • Бұл жүрек соғуының реттілігінің, жүректің жиырылу күшінің, жүрекше мен қарынша қозуы мен жиырылу үрдістерінің бұзылуы.

Жүректің қалыпты ырғағығының бұзылуын жүрек аритмиялары деп айтады.

  • Көптеген жүрек-қан тамырларының аурулары жүректің қалыпты ырғағының бұзылыстарымен қабаттасады. Әсіресе бұл бұзылыстар коронарлық қанайналым жеткіліксіздігінде, миокардтың инфарктында жиі кездеседі. Жүрек аритмиялары адамның кенеттен өлуінің себептері болуы мүмкін.
  • Жүректің автоматизмдік, қозғыштық, өткізгіштік және жиырылғыштық қасиеттері бар.
  • Жүрек аритмиялары жүректің автоматизмдік, қозғыштық және өткізгіштік қасиеттерінің бұзылыстарынан дамиды.

Этиологиясы

  • Этиологиясы
  • Аритмияның дамуына әкеліп соғатын факторлар:
  • • стресс, симпатико-адреналды жүйенің шектен тыс белсенуі (қан құрамында норадреналин деңгейі жоғарлап, аритмогенді әсер тудыруы);
  • • ЖИА (инфарктқа ұшыраған миокардта қозу үрдістерінің бұзылыстары);
  • • токсикалық факторлар (алкоголь, кокаин) немесе кейбір дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері (дигоксин);
  • • туа біткен даму аномалиялары (қосымша өткізгіш жолдар);
  • • қан құрамындағы электролитттер тепе-теңдігінің бұзылыстары (гипокалиемия);
  • • қабыну аурулары (миокардит, перикардит) және жүрек ісіктері;

Патогенезі

  • Жүйкелік гуморальдық реттеу мен зат алмасу бұзылысы нәтижесінде кардиомиоциттерде электролиттердің алмасуы бұзылады. Кардиомиоциттерде май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипазаның артық әсерленуі үлкен бүліністерге әкеледі. Сарколемма, митохондрий мембрана бұзылыстарынан дамиды. Нәтижесінде диастолалық деполяризация өзгеріп, тездетіліп, әрекеттік потенциалдың азаюы болады. Содан жүрек аритмиясы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет