Триггерлік белсенділіктің артуы–жүрек ет жасушаларын- да серпін туындауын “оталдыратын” не соған бастама беретін күштің артып кетуі. Ол серпін туындататын қосымша ошақтарды “эктопиялық ошақтар” деп атаймыз. Оларда өз бетінше диастолалық деполяризация дамуы не серпін туындауының артуы шекті қозу потенциалының – 60 мВ-тан азаюынан және жасуша мембраналарында иондық каналдардың қызметтері өзгерістерінен болады.
Экстрасистола – эктопиялық ошақта пайда болған серпіндердің әсерлерінен тұтас жүректің не оның жеке бөліктерінің кезектен тыс, мезгілсіз жиырылуы.
Диагностика әдістері.
Аритмиянытексеру әдістерінің ең негізгісі - электрокардиография. Диагностикалық түсініксіз жағдайларда :
• инвазивті электрофизиологиялық зерттеулер (өңеш ішілік және жүрек ішілік).
Толық атриовентрикулярлық бөгет – серпін қарыншаға мүлдем өтпейді (Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы)
Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы (WPW)
Жүректің туа біткен аномалиясы. Қарыншалардың уақыттан тыс қозуы, ол қосымша Кент шоғырының болуымен түсіндіріледі. Импульстың осы шоғыр арқылы тез өтуі нәтижесінде P-R (P-Q) интервалы қысқарып, Δтолқын пайда болып, аритмия дамиды.
Синоаурикулярлық және атриовентикулярлық блокаданың емі:
1. Негізгі ауруды емдеу (ревматизмді, миокардитті, ЖИА т.б.)
2. блокадаға әкелетін дәрмектерді (хинидинді в-адреноблокаторларды, калий дәрмектерін күрт тоқтату)
3. блокаданың клиникалық бұзылыстарға әкелмейтін жеңіл түрінде арнайы антиаритмиялық емнің қажеті жоқ.
4. импульстің өтуін жеңілдететін жүрек соғуын жиілендіретін дәрмектерді қолдану
5. калийді шығару осы мақсатта диуретиктерді қолдану
6. гемодинамика бұзылыстарында ауыр брадикардияда, синкопэ жағдайларында науқасты уақытша немесе тұрақты электрокардиостимуляцияға көшіру
Жыбыр аритмиясы
Жүрекшелерден шыққан жиі және жүйесіз импульстер әсерінен пайда болатын қарыншалардың ретсіз ырғағы.
Жиілігі жағынан ол аритмиялардың ішіндегі экстрасистолиядан кейін екінші орын алады.