Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет23/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57
Тесттің кілті:
15 ұпайға дейін. Сіздің мақтануыңызға болады. Сізде мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар, іскер адамсыз. Сонымен қатар келешекте сізді қызықты өмір күтуде.
16-дан 25 ұпайға дейін. Сізге өзіңізбен біраз жұмыс істеу қажет. Өзіңіздің өмір сүру салтыңызды қайта қарастырып, оны реттеу бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдауыңыз қажет. Уақытты пайдалы іске жұмсауға тырысыңыз, әйтпесе келешекте оқуда, таңдаған кәсіби жұмысыңызда, еңбек ақыңызда қиыншылықтар кездесуі мүмкін.
25 ұпайдан артық. Өзіңіздің болашағыңыз жайлы терең ойлануыңыз қажет. Тіпті қазірдің өзінде Сізде оқуыңызда, ата-аналарыңызбен қарым-қатынастарыңызда, жоғарғы оқу орнында қиыншылықтар бар сияқты. Ал егер Сіз уақытыңызға деген көзқарасты өзгертпесеңіз басты қиыншылықтар әлі алдыда деуге болады.
Уақыт кез келген іс-әрекетіміздің негізі. Уақытқа байланысты біз өз жұмысымызды жоспарлаймыз. Ал ой еңбегінде уақыттың орны ерекше. Жұмысты тәуліктің қай мезгілінде атқару тиімді екеніне бақылау жүргізу керек. Физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты кейбір адамдарда таңғы, ал екіншілерінде түнгі уақыттарда қабылдау қабілеттері жоғары болады. Ал кейбіреулерінде осы екі тип те ауыспалы кездесіп отырады екен. Психология ғылымында таңғы уақытта танымдық қабілеттері жоғары болатын адамдарды «боз торғайлар» деп, ал түнгі уақытта танымдық қабілеттері, ой еңбегі белсенді болатын адамдарды «жапалақтар» деп образды түрде атайды. Осы екі типті анықтауға арналған тестер де жеткілікті. Әр типтің өзіндік артықшылықтары бар, тек соны дұрыс пайдалана алу қажет.
6) Ауаның тазалығы. Адамның ой еңбегінің нәтижесіне оның бөлмесінің ауасының тазалығы көп әсер береді. Егер оқу орнында сабақ оқитын бөлменің ауасы тар, тыншу болса онда адам тез шаршап, жалығып сабақтың тез аяқталуын ғана күтіп отырады. Сондықтан үзілістер арасында бөлменің терезелерін ашып желдетіп, ауаны тазартып алған жөн. Желдетілмеген бөлмеде сабақ өткізгенде ой еңбегінің көрсеткіші 5-7 % - ға кемиді екен. Таза ауаның өзі адамның миының тынығуына өте пайдалы екенін есте сақтау қажет. Ол үшін таза ауада серуендеу, кешкі серуенге шығуды әдетке айналдыру керек.
7) Алаңдатқыштарды алшақтату. Қазір студенттер сабақ әзірлеген кезде музыканы қосып қойғанды ұнатады. Олар мұны пайдалы деп есептейді. Бірақ зейін қойып оқуда, есте сақтауда сыртқы тітіркендіргіштер, алаңдатушы нәрселер бөгет жасауы мүмкін. Кейбіреулері қосылып тұрған теледидар қасында отырып сабақ қарағанды ұнатады. Олар бір оқпен екі қоянды атқандай болып екі нәрсені бірақ орындамақ. Бірақ оқу-танымдық процесте бұл мақал орынсыз. Ондай екі істің қатар атқарылғандығымен нәтижесі төмен болады, ондай материал есте жақсы сақталмайды. Сондықтан табысты танымдық еңбекпен айналысу үшін барлық алаңдататын нәрселерден алшақ болу абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет