Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Тақырыбы: Педагог және оның қазіргі қоғамдағы рөлі Педагогтік мамандық және оның қоғамдағы маңызы Мақсаты



бет31/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Тақырыбы: Педагог және оның қазіргі қоғамдағы рөлі
Педагогтік мамандық және оның қоғамдағы маңызы
Мақсаты: болашақ ұстаздарға педагогтық мамандықтың әлеуметтік құндылығын, қоғамдық маңызын ашып көрсету және мұғалім тұлғасына қойылатын талаптармен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: әлеуметтік маңыздылық, ҚР «Білім туралы» заңы, мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар, мұғалім профессиограммасы, мұғалімнің міндеттері.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Қазіргі қоғамдағы педагог еңбегінің әлеуметтік маңызы
2. Қоғам дамуына байланысты педагогке қойылатын талаптардың өзгеруі. Педагог профессиограммасы
3. Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдар моделі және ондағы педагог тәрбиеші еңбегінің ерекшеліктері
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазіргі қоғамдағы мұғалімдік кәсіптің әлеуметтік маңызы. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор. Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпаққа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған. Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.
Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру процесстерін ұштастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі қажет, онсыз нағыз мұғалім, нағыз педагог тұлғасы қалыптаспайды және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен ролін тереңірек қарастырған жөн. Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамандығы «адам-адам» жүйесіне қатысты мамандық. Бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандық иелері жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қоғам дамуындағы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет – қоғам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау. Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жасөспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мұғалімдер жасөспірімдердің дуниетанымдарын, үлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын қалыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі. Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтер. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау қажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандық мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жыл сайын жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді педагогтер қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, мұғалімдер саны жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби құзіретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет