Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет15/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
I топ - «Адам-табиғат» саласы.
Сізді не ерекшелендіреді? Байқағыштық, бір істі ұзақ уақыт жалықпай істей беру, жауапкершілік, тиянақтылық.
Қандай кәсіптерді таңдауға болады? Дәрігер, геолог, агроном, микробиолог, фитодизайнер, малшаруашылығы, ветеринар, фармацевт, лаборант.
II топ - «Адам-техника» саласы.
Сізді не ерекшелендіреді? Көңіл-күйдің тұрақтылығы, техникалық бағыттағы ойлау (стресс кездерінен тез жол тауып шыға аласыз), математика және физика пәндерін оқуға бейіміңіз жоғарырақ.
Қандай кәсіптерді таңдауға болады? Инженер, көлік жүргізушісі, радиомонтажник, электрик, товаровед, закройщик, токарь, слесарь, технолог, тігінші.
III топ - «Адам –белгілер жүйесі» саласы.
Сізді не ерекшелендіреді? Жалпылап қорытынды жасай алуыңыз, математикаға жақындығыңыз, абстрактілі ойлауыңыз, басты мәселеге назар аудара алуыңыз, және сізді бағалататын, құрметтететін сіздің мақсатқа жетудегі талпынушылығыңыз.
Қандай кәсіптерді таңдауға болады? Бухгалтер, программист, экономист, корректор, ғалым, физик, химик, сызушы, нотариус, почтальон, телеграфист.
IV топ - «Адам-көркем бейне» саласы.
Сізді не ерекшелендіреді? Қиялшыл болу, фантазия, шығармашылыққа бейімділік, сұлулықты сезіне алу, көз жітілігі, есту, әр-түрлі иістерді ажырата алу, дәмдерді, түстерді ажырата алу қабілетіңіз.
Қандай кәсіптерді таңдауға болады? Музыкант, актер, архитектор, дизайнер, өнертанушы, декоратор, мүсінші, зергерлік жұмыстарға бейімділік, суретші, модельер, жазушы, композитор, биші, фотограф.
V топ - «Адам-адам» саласы.
Сізді не ерекшелендіреді? Жұғымдылық, адамдарды өзіне тарта білу, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, басқа адамдарды сезініп оларды түсіне алу қабілетіңіз.
Қандай кәсіптерді таңдауға болады? Педагог, тәрбиеші, журналист, дәрігер, сатушы, персоналдар бойынша менеджер, экскурсовод, зерттеуші-ізденуші, аудармашы, официант.
Әр болашақ педагог өзі таңдаған кәсіптің шебері болып кемелденуі үшін кәсіби жетістіктер мен табысты нәтижелерді көздеуі қажет. Жас маманның қалаған кәсібін теориялық жағынан меңгеріп қана қоймай, сол іс арқылы өзін танытып, бойындағы қабілеттердің көзін ашып дамытуы маңызды мәселе. Әр адамның таңдап алған ісі оның қабілетіне сай келсе нұр үстіне нұр жауар. Барлық қызығушылығымен, ынта-ықыласымен, жан-тәнімен, ізгі ниетімен істеген еңбегі адам бойындағы қабілеттердің арта түсуіне септігін тигізіп, кәсіби еңбектің қуанышына бөленуіне мүмкіндік туғызады. Адам өз еңбегі арқылы ғана шыңдалады, өз еңбегі арқылы ғана өзінің мүмкіндіктерін бағалай алады, өз еңбегі арқылы ғана өмірден өз орнын дұрыс табуы ықтимал. Ал егер адам өзі қаламайтын қызметті таңдаса, ол ондай іске ықылассыз болады, өзін өзі мәжбүрлеп жұмыс істейді. Ондай жұмыс адамды тез шаршатып психологиялық күйзеліске ұшыратады. Бірақ әрқашан осылай болып шыға бермеуі де мүмкін. Кейбір адамдар әр түрлі істерде өздерін сынап, қабілеттерін анықтап, өздеріне лайықты орындарды табуда.
Дүниеде мамандықтардың түрлері сан алуан. Қай мамандыққа адамның қабілеттері жеткілікті, қай мамандыққа бейімділігі басым екендігін анықтау үшін әр адам жастайынан өзін-өзі зерттеуі қажет. Бұл қабілеттіліктерді дамытудың бірден бір жолы – болашақ кәсіптік іс-әрекетке байланысты ғылыми әдебиет көздерімен, көркем-әдеби шығармалармен танысу. Жастардың өздері таңдаған кәсіпке байланысты қызықты материалдарды жинақтауы, сол салада еңбек еткен адамдармен кездесіп сұхбаттасуы, кеңестер алуы адамның кәсіпті таңдауының дұрыс болуына септігін тигізетіні анық. Бір кәсіпті таңдаудағы шешімнің дұрыс немесе бұрыстығын тексеру үшін практика жүзінде сол салада жұмыс істеп көруге болады. Мысалы, мұғалімдік кәсіпті ұнатқан жастарымызға жазғы каникул кезінде балалар лагерьлеріне барып тікелей балалармен қарым-қатынасқа түсіп жұмыс істеп көрулеріне, сондағы педагогтардың тәжірибелерін бақылауларына болады. Ең бастысы адамның білімдері жан-жақты терең болуы керек. Білім – болашақ кәсіптің теориялық негізі. Теориялық білімдерді, практикалық іскерлік, дағдыларды жетілдіру үшін түрлі үйірмелерге, факультативтік сабақтарға, олимпиадаларға, студенттердің ғылыми конференцияларына қатысып, ізденген бағытта қосымша білімді жетілдіруге болады. Адамға өзін-өзі жан-жақты белсенді түрде дамыту, жетілдіру оның әлеуметтенуі үшін де өте маңызды.
Педагогикалық кәсіпті жақсы меңгеру үшін психологиялық-педагогикалық басылымдармен, бұқаралық ақпараттық құралдармен тығыз таныс болған жөн, себебі оларда заманауи оқыту-тәрбиелеу мәселелері жан-жақты талқыланып көрініс табады. Кәсіпке деген сүйіспеншілік жеке тұлғаның интуициялық сферасында туындайды. Ал егерде бұндай сүйіспеншілік болмаса, онда адамның шығармашыл маман болуы да екіталай. Жас өспірім кезден бастап бала өзі туралы басқа адамдардың пікірін тыңдап, өзінің бір кәсіпке деген икемділігін аңғара бастайды. Педагог еңбегін оқушылар мектепте жүріп-ақ қызығы мен қыйындығын, қыры мен сырын тани біледі. Сондықтан да олардың педагог кәсібін таңдауы кездейсоқ процесс болуы мүмкін емес. Бірақ кейбір зерттеушілердің пікірінше педагог мамандығын таңдаудың басқа да мотивтері кездеседі: саяси, экономикалық ақыл-ой, қоғамдық және жеке мақсат. Оларды екі түрге ажыратуға болады:
1) айқын анықталған белгілі мотивтер (яғни бір нәрсені жақсы көру, оған деген ұмтылыс);
2) анық емес мотивтер (яғни мұнда негізгі себепті табу қиын).
Е.А.Климов жастардың кәсіби таңдауын анықтайтын мынандай 8 негізгі факторларды атап көрсетеді:

    1. Отбасының, үлкендердің пікірлері;

    2. Құрдастарының пікірлері;

    3. Мектептегі педагогикалық ұжымның пікірі (мұғалімдер, сынып жетекшісі т.б.);

    4. Жеке кәсіби және өмірлік жоспарлары;

    5. Қабілеттері және олардың байқалуы;

    6. Қоғамдық құрметке иеленуге талпыныс;

    7. Кәсіби іс-әрекет жайлы хабардар болуы;

    8. Бейімділіктер.

Педагог Б.Р. Айтмамбетованың пікірінше «адамның педагогикалық еңбекке бейімділігі – оның басқаға қамқоршы болуынан, адамды әрдайым қажет етіп, оған қуана алатынынан көрінеді. Баланың адамға қайырымды болуы, қолынан келгенше біреуге жақсылық жасау, адамға деген ерекше сүйіспеншілігі болуы сияқты қасиеттері отбасы, мектеп, мұғалім, қоғамдық орта арқылы дамып мұғалімдік мамандыққа деген икемділігі біртіндеп көрініп отырады. Сөйтіп адамның еңбек жолын айқындайды».
Адамның бір кәсіпті саналы түрде таңдауы оның әлеуметтік құндылықтарына негізделеді. Педагогикалық қауымдастықты және жоғары оқу орындарын алаңдататын мәселе – педагогикалық мамандықты таңдаған студенттердің басым көпшілігінің бұл мамандыққа деген қызығушылықтарының төмен деңгейде болуы.
Бірінші курс студенттерінің педагог кәсібін таңдау мотивтері де әртүрлі. Олардың басым көпшілігі педагогикалық іс-әрекетке қарағанда нақты бір пәнді жақсы көретіндерін, өзін оқытқан мұғалімдер ұсыныстарын, ата-анасының ақыл кеңесін, басқа жоғары оқу орындарына қарағанда оқуға түсу жеңілдігін тағы басқа кездейсоқ жағдайларды атап көрсетеді. Өкінішке орай студенттер арасында тек жоғары білім туралы диплом алу үшін ғана оқитындары да кездеседі. Қазіргі таңда педагогикалық мамандыққа түсетін студенттерді қабылдауды күрделендіру, нақты педагог болғысы келетін студенттерді қабылдау мәселелері кәсіптік білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі.
Көптеген психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде студенттердің педагогикалық кәсіпті таңдау мотивтерін жан-жақты зерттеу мақсатында түрлі әдістемелер құрастырылған. Мысалы, И.П.Ильинаның «Жоғары оқу орындарында оқу мотивтері» атты әдістемесі студенттердің өздері таңдаған кәсіптеріне қатынастарын анықтауға бағытталған. Бұл әдістеме бойынша студенттердің жоғары оқу орындарына келулерінің үш шкаласы анықталады.

  • «білімді меңгеру» шкаласы (нақты бір пәнге деген қызығушылықтың басым болуы, білімдерді игеруге деген құлшыныс, білім алуға деген талпыныс);

  • «кәсіпті, мамандықты меңгеру» шкаласы (кәсіптік білімдерді меңгеруге құлшыныс, кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру);

  • «диплом алу» шкаласы (білімдерді үстіртін меңгеріп диплом алуға тырысу, емтихандар мен сынақтарды өтуде жеңіл жолдарды іздестіруге ұмтылу).

Осындай түрлі зерттеулер барысында А.Э.Штейнмец (1998 ж) педагогикалық жоғарғы оқу орынына келген студенттердің 30-45 % мұғалімдік кәсіпті қызықтайтынын, 40 % - жоғарғы оқу орынын өздері сүйіп оқитын пәндерімен ғана байланыстыратынын, ал студенттердің 13-22 % не педагогикалық кәсіпке, не бір пәнге қызықпай, әйтеуір жоғары білім алып шығу үшін ғана оқитындарын анықтаған.
Сондықтан да мектеп қабырғасындағы мұғалімдердің барлығының дипломдары біркелкі болса да, олардың кәсіби шеберліктерінің деңгейлері әр түрлі. Бұлай болуы заңды да шығар, өйткені педагогикалық жоғары оқу орынының дипломы – аса үлкен де күрделі іске кірісуге жас маманның құқығы бар екенін білдіретін құжат қана. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша анықталғандай, егер студент таңдаған мамандығының қыр-сырын түсініп, оның қоғамдағы алатын орнын, мәртебесін маңызды деп санаса, онда оның оқуға деген ынта-ықыласы да жоғарлай түседі. Студенттің өз болашағына жауапкершілікпен қарауы, өмірдегі өз орнын таба алуға деген ұмтылысы, өзін шыңдай білуге деген құлшынысы оның жақсы маман болып қалыптасуының негізгі шарттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет