Тақырып: Модульді оқыту технологиясы Орындаған: Кенжехан Маруан (М2-хо-22) Тексерген: проф. Кокибасова Г. Т



бет2/3
Дата09.02.2023
өлшемі281,25 Kb.
#66495
1   2   3
Байланысты:
Кенжехан М. Модульдік оқыту технологиясы арқылы бейорганикалық курсын оқыту

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.


Қорытынды бөлім
Модульдің мазмұны оқу үрдісінде төмендегідей бірнеше блогқа жіктеледі:
  • Модульге кіру блогы. Мұндағы мақсат оқушылардың тақырыпқа қатысты бұрынғы білетіндерін толықтыру, еске түсіру, білім деңгейін тексеру, қайталау сұрақтары гипермәтінге сәйкес беріледі.
  • Проблемалық блокта оқушыларды ойландыратын, іздендіретін құзыреттілік түріндегі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
  • Тереңдету блогында білім алушыларға ұсынылған ақпараттық мәліметтер, жазба жұмыстары, әдеби-теориялық ұғымдар тереңдетіп талдауды қажет етеді, ізденушілік бағыт басым болады.
  • Қорыту, бекіту блогы. Оқытушы оқушылардың әр алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуына бақылау жасайды.
  • Тексеру блогы. Мұнда берілетін тапсырмалар білім, білік, дағдылардың мақсатқа сай орындалуын, оқушылардың оқу жетістігінің нәтижелілігін тексереді.

Оқу модульдерін әзірлеу үшін:

  • Барлық оқу материалды пысықтап, оны оқу бірліктеріне бөлу.
  • Оқушы нені біліп,үйрену тиіс.
  • Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың формасын ойластыру.
  • Тақырыптың негізгі ұгымдарынан тірек сызба – конспект құрастыру.
  • Оқушылардың білім, білік , дағдыларын тексеруге тестілер – диагностикалық және бақылау жұмыстарын әзірлеу.
  • Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.

Модульді оқыту технологияны пайдаланып химия пәнін оқытуды жүзеге асыру үшін оқытушыға келесі талаптар қойылады:
  • оқу үрдісінде модульдік технологияны пайдалануды жүзеге асыру барысында оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу;
  • білім беру жүйесіндегі модульдік технологияны қолданудың ролін түсіну және оларды дамыту перспективаларын көру;
  • оқыту үрдісінде модульдік технологияны жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық негізін білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет