тақырып. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері – акад с. Кейс тапсырма



Дата21.10.2023
өлшемі30,71 Kb.
#120410
Байланысты:
БӨЖ 3 Тарих М


БӨЖ 3-апта. Модуль 1
2-тақырып. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері – 1 акад.с.
Кейс тапсырма.
Көшпелі халықтардың этногенезі мен мәденигенез үрдістерін, көшпелілер мәдениетінің қалыптасу және даму кезеңдерін ұғыну Орталық Азияның ортағасырлық тарихын оқып білудің маңызды міндеті болып табылады. Этностың таралуы, ғұндар, түркілер, ұйғырлар, қырғыздар және монғолдар мәдениеті мен мемлекеттілігінің таралуы соңғы екі мыңжылдық бойы Орталық Азияның этникалық және мәдени тарихындағы шешуші оқиғалар болды. Түркі қағанатын құру барысында ерте орта ғасырлар кезеңі мен оның бүкіл еуразиялық далалық аумаққа ықпалының кеңеюі аралығында көне түркілік мәдениет ескерткіштері кеңінен тарады. Ислам дінінің енуі мен түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланыстарын орнатуының басталуы. Түркілер арасында қожалар этно сословиелік топтарының пайда болуы. Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы.
Проблемалық, негізгі сұрақтар

  1. Көне түркілер дәуіріндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің рөлін бағалаңыз. Көне түркілердің рөлі мен орнын анықтайтын жазба және археологиялық дерек көздеріне баға беріңіз.

Түркі халықтары – түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар. Түрік атауы – ежелгі атау. Алғаш рет біздің дәуіріміздің VI ғасырынан бастап белгілі бір тайпа тобына қатысты қытай жылнамаларында айтылады. Алайда, түріктер олардың этнонимі тарихта тіркелмеген заманға дейін де өмір сүрген. Түркі халқының шығу тегі мен салт-дәстүрлері ғылымда аз зерттелген мәселе. Түркі-тілдес халықтардың ежелгі дәстүрлі мәдениеті, ең алдымен, көшпелі мал шаруашылығымен байланысты болды. «Халықтардың ұлы көші» дәуірінде батысқа қарай өз қозғалысын бастай отырып, түркітілдес халықтар (хазарлар, печенегтер, қыпшақтар және басқалар) Қазақстанның жазық кеңістіктеріне және үндіеуропалық семьядағы халықтар секілді солтүстік Индиядан Скандинавияға дейін қатар қоныстанған. Алайда кейінгі ғасырларда көптеген түркі-тілдес халықтар тарих сахнасынан жойылып кеткен немесе егінші-славяндардың отарлау ағынының салдарынан кері шегінген. Сондықтан XIX ғ. соңында түркітілдес халықтар үлкен кеңістіктерде өмір сүрсе де, (батыста Қара теңізден Орта Еділге дейін, оңтүстік-шығысында Алтайға дейін, шығысында Чукоткаға дейін), Қазақстан мен Орта Азияны қоспағанда, аталған кеңістіктің жекелеген немесе шағын аймақтарын ғана мекендеген.
Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті. Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән берген тарихшы Л.Н. Гумилев болды. Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады. Көшпелілер далалы, шөлді, шөлейтті табиғатта өз шаруашылығын қалыптастыр-ған, олардың негізгі күнкөріс көзі мал болған, мал басы өскен сайын жайылым айырбастау қажеттілігі туған, сөйтіп көшпелі өмір салты қалыптасқан. Шығыстағы Ембіден, батыстағы Днестрге дейінгі ірі кеңістікте ежелгі-ям атауына ие болған мәдени-тарихи орта қалыптасты. Кең алқапты қамтыған бұл тарихи-мәдени ортаның шеңбері ұлғая келе, егіншілікпен айналысатын үш іргелі орталықтармен (Еуропа, Алдыңғы Азия және Орта Азия) тоғысты. Осы сәттен бастап аталмыш алпауыт кеңістіктер онда қоныстанған тайпаларды ажыратушы фактордан гөрі біріктіруші факторға айналды. Бұл кеңістіктер өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысатын ірі құрылымдардың қалыптасуына және кәсіптердің алмасуына маңызды ықпал етті. Сөйтіп, ежелгі тайпалардың араласу және қоныстану процесін жеңілдетті. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың өзара және өзге жерлердегі егін шаруашылығын кәсіп еткен басқа тайпалармен тоғысуы ежелгі көшпелі және отырықшы тайпалардың экономикалық және мәдени жетістіктерінің жылдам таралуына зор мүмкіндіктер ашты.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.

  1. Ислам дінінің енуі мен түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланыстарын орнатуының басталу себептерін, түркілер арасындағы қожалардың этносословиелік топтары қандай рөл атқарғанын ашып көрсетіңіз.

Қазақ тарихына терең үңіліп, шындығын тану үшін түркілік тарихын білу керек. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді. Тарихи шындық түркі халықтары жоғарыда аты аталған екі дәуірдің тарихына, мәдениет пен әдебиетіне, рухани құндылықтары мен өркениетіне ортақ. Сол үшін түркілер Ислам өркениетіне не берді? Ислам өркениетінен қандай үлес алды деген сұрақтарға ортақтаса жауап беруге де тиіс. Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Бұдан кейінгі кезеңде Түркі тарихын Ислам тарихынан бөле-жара қарастыру мүмкін емес. Ислам тарихын рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөліп қарастыруға болады. Мұхаммед )с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін ( рухани билік, пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі ретінде төрт кезеңі бар. Түркі ғалымдары мен ақындары парсы тіліне жүгіне бастады. Сөйтіп түркі тілі араб бен парсы тілдерінің ықпалында өз болмысынан алыстап кете берген заманда түркінің Қара хан әулеттері билікке келіп түркінің ұлттық болмысын сақтап қалу жолы тек қана елінің тіл, дін, діл бірлігі екендігін алға тартты. Қожалар елдің рухани өмірінде мұсылмандық мәдениеттің ең жоғарғы қызметшісі, сондықтан да Орта Азия халқы мен қазақ халқы арасында мұсылман дінін таратып уағыздаушы, әрі Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтарының ұрпағы болып есептеледі. Осы орайда, қожалардың әлеуметтік ерекшеліктері мен этномәдениетінде кейбір ерекшеліктері сақталғандықтан, ол қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтың бірі саналады. Қазақстан тарихындағы қожалар, төрелер, төлеңгіттер сияқты субэтникалық топтардың этногенезі мен этникалық тарихын және этномәдениетіндегі ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеу қазақ этнографиясы үшін маңызды мәселердің бірі. Қазақтар арасында генеалогиялық қатынасқа түспейтін қожалардың этникалық шығу тарихы, саяси әлеуметтік құрылымы мәселелері осы уақытқа дейін төл тарихнамамызда түпкілікті зерттеліп бір арнаға түсе алмай келген. Кейбір зерттеулерде бұл мәселелер сыңаржақты, үстірт қарастырылған. Қожалар қазақ халқындағы ру-тайпаларға рухани мәдениет өкілі ретінде танылып, бірте-бірте сол ру-тайпалардың атасына айналды. Қазақ шежірелері тарихының генеалогиясынан қожа есімдері орын алды.

  1. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этно-саяси тарихындағы түркілік фактордың маңыздылығын анықтап, Орталық Азия кеңістігіндегі түркілердің әскери жеңісі кезеңіне баға беріңіз.

Еуразияның осынау кіндігінде ғұндардың, түркілердің, түркі-
моңғолдардың мемлекеттері өмір сүріп, қайталанбас дала өркениеті жасалынды.
Онда көшпелі және отырықшы халықтардың басы қосылды. Қазіргі қазақ халқы
осы өркениеттің тікелей мұрагері болып отыр.
Қазақстың қалыптасу тарихында түркі дәуірі маңызды орынға ие. Осы
кезең тарихын зерттей отырып, біршама кейінгі кезеңді талқылауға, әрі
оларға қатысты объективті тарихи көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.
VI-XIII ғ.ғ. аралығында өмір сүрген түркі тайпалары (түркеш, оғыз, қимақ,
қарлұқ теле және т.б.) аутақтық орналасу тарихын зерттей отырып, біз сол
тайпалардың саяси, мәдени тарихын, олардың байланыстарының дамуына, сол
кездегі тарих үрдісінің қалай жүргеніне еркін көз сала аламыз. Біз көтеріп
отырған мәселе ұзаққа созылған соғыстар мен ішкі талас тартыстарға толы
тынышсыз дәуірдегі көші-қон мәселесі, тайпалардың өзара байланыстары,
олардың күшеюі және әлсіреуі сынды ауқымды мәселелерді қамтиды.
Тарихқа көз салатын болсақ, орта ғасырлардағы халықтар мен елдердің
даму деңгейі біркелкі болмағанын көреміз. Мәселен, бұл кезең Еуропа тарихы
үшін халықаралық байланыстардың үзілуімен, сауданың құлдырауымен, қоғамның мәдени кеңістігінің тариылуымен ерекшеленедіАл Отандық
тарихнамамызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алады. Біртұтас түркі
қағанатының қол астына біріккен, ұлан-байтақ аумақты алып жатқан түркі
халықтары көрші мемлекеттермен тығыз саяси-экономикалық ғана емес, сонымен
қатар мәдени-этникалық дамудың да жаңа кезеңдері басталды. Жалпы түркі дәуірінің зерттелу деңгейін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі жазылған шығармаларды жатқызуға болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап орыстың әскери тарихшылары Шыңғыс хан мен оның әскер басыларының жорықтарын зерттеп, жан-жақты талдай бастады. М.И.Иванин, И.Бичурин, С.М.Соловьев, И.И.Карамзин сынды тарихшылар Шыңғыс хан мен оның қолбасыларының жасаған жорықтарын әскери тұрғыдан талдап, өз көзқарастарын білдірді. В.Вилямин-Зернов, В.В.Радлов, И.И.Крофин т.б. тарихшылар да қалам тартты.

  1. Түркі кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстанның сәулет ескерткіштеріне сипаттама беріңіз: Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениетінің өркендеуі.

VI-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Көшпенділерден бөлініп,егіншілік пайда болды,тұрақты қыстаулар салынды.Сауда,қолөнер дамыды,жазу қалыптасты,қалалар салына бастады.Оңтүстік Қазақстанда ең ірі қала Исфиджаб деп саналады,ол кейде Сайрам деп те аталған.
Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениетпң 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас — Шу аңғарына, Жетісу мең Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі мұнан 5 мың жыл бұрынғы қоныстың орны Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы Бесшатыр қорғандары (б. з. б. ҮІІ—ІҮ ғ.), Қаракеңгірдегі Домбауыл ғибадатханасы (ҮІІІ ғ.), Маңғыстаудағы Шақпак Ата мешіті (X ғ.) халқымыздың мақтанышы, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің жетістіктері болып табылады.
Қазір ғылым тарапынан қолдау таба бастаған Отырар өркениетін Отырар мен оның өзінен кем түсе коймайды, іргелестері — Көкмардан, Кедер (Құйрық төбе). Оқсыз, Қаракөншек, Шілік (Бұзық), олардың тікелей ықпалында болған Иасы (Түркістан), Сауран, Сьнанақ, Шорнақ, Қарнақ, Хүзақ (Созақ), Баба Ата, Құмкент, Сүткент, Қараспан, Хұрлық (Шымқент.) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырылған. Мұны біз Отырар-Қаратау мәдениеті дегенге жататын Көкмардан, Күйкімардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан әсіресе балшықтан күйдірілген, тастан қашалған; металдан соғылған бұйымдардан, еңбек құралдарынан аңғарамыз.
Отырар— 18 ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіңдісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған.
Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналастырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тіркесе жатқан бөлігінің өзінде оннан астам үлкенді-кішілі қалалар болған. Ғажайып сулаңдыру жүйесі бар қала еіістігінің өзі әлденеше шақырымға созылып жатқан. "Отырардағы баспананың негізгі ұясы,— деп жазған археологтар К.Ақышев, К. Байпақов, Л. Ерзакович,—дәлізді немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп бөлмелі тіркеспелер отырықшы қазақтардың үйлеріне ұқсас".
Сыр бойында отырықшы және жартылай отырықшы халқының бірінде өздері тұрып, екіншісінде қонақ күтетін ортасы дәлізбен ажырасатың екі бөлмелі "қоржын үйі" (мұны қоржын іспетгі болғандықтан осылай атаған), оның өн бойына түнек (қойма) салатыны археологтар пікірін растайды.
Профессор М. Мендіқұлов қазақ арасында кеңінен тараған тұрғын жайдың негізгі екі түрінен — далалық қыстаудан, ондағы "ауыз үй", "оттық үй", "жатақ үй", "қонақ үй" тіркеспесінен де, оңтүстіктің "қарсы есіктісінен" де қоржын іспетгі ұядан тұратын баспана сұлбасын ашқан. Сонымен Қазақстан жеріндегі түркі қалаларының дамуына тән құбылыс — түркілерде отырықшылық пен көшпенділік тығыз байланыста болған. Отырардың біз үшін аса маңызды болатыны — әлемге әйгілі осы бір көгалды алқапта атам заманнан, шамамен айтқанда, мұнан 2 — 2,5 мың жыл бұрын қоныс тебе бастаған қаңғұй (қаңлы), каңғар, кеңгерес, кейініректегі қият (қоңырат), қыпшақ тайпаларының қазақтың тектестік құрамында аса күрделі қоспа болып қазақ халқының қалыптасуына жол ашқанында болып отыр.

  1. Орхон-Енисей (руналық) жазуы, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауи шығармалары мысалында «Көне түркілік өркениеттің өркениеттік маркері» анықтамасына негіздеме беріңіз.

Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын).
Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым - энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік - эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл - Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн - Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті. "Мұсылман мәдениеті" феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Ғалымдар айтуынша, артына 160-қа тарта еңбек қалдырған (түгелі жеткен жоқ)."Заң кітабы", "Субстанция туралы", "Ақыл мен сананың мәні", "Ғалымдардың тілі мен түрі", "Өлең сөз және шешендік туралы" т.б. Орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбианың айтуы бойынша, Фарабидың өлең құрылысын зерттеуге арналған "Өлең және ұйқас туралы сөз" деген шығармасы болған. Жүсіп Баласағұни "Құтты білік"Өмірі. 9-13 ғ.ғ. (840-1212) Қарахандар дәулетінің дәуірлеген тұсы. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн өмірі туралы там-тұм деректерді негізінен шығарма мәтінінен табамыз. Қарахандар мемлектінің Баласағұн("Тауарих хамса": "Бала"-көрікті қашалған тас, "сағұн"-қала деген монғол сөзі) шаһарында 1015-1016 жылдары дүниеге келген. "Құтты білік". 1069 жылы жазылған. Дастанды Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтайды. Еңбекті Бограханға (Табғаш Қара Богра хан, Қарахан мемлекетінң қожасы) тарту етеді. Бұған разы болған Бограхан Хас Хажип атағы, береді (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы). Онда әлеуметтік, саяси, мораль, этика, адамгершілік мәселелері қамтылған. Бұл дастан-мемлекет басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет