Тақырып «Несепті айдайтын дәрілер (Диуретиктер). Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер»


Миометрияның жиырылу белсенділігін куаттандыратын дәрілер



бет5/7
Дата24.04.2023
өлшемі495,93 Kb.
#86431
1   2   3   4   5   6   7
1. Миометрияның жиырылу белсенділігін куаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар) Миометрия - жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты жиырылуын күшейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді, Окситоцин тобының препараттары: окситоцин (синтоцинон), метилокситоцин, дезаминоокситоцин (сандопарт), питуитрин, гифотоцин (питуитрин М). Окситоцин - миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гипофиздің артқы бөлігінің (синтетикалық препараттарда осындай атауға ие) гормоны. Окситоцин миометрия мембранасының жасушаларына К + иондарының өткізгіштігін жоғарылата отырып, әсер потенциалын азайтып, қозуды күшейтеді. Окситоцинге жатыр жүктіліктің соңғы айларында әсіресе босану кезінде сезімтал келеді. Окситоцин мерзімінен бүрын су кеткенде тиімді. Миометрияда окситоциннің әсерін эстрогенді гормондар күшейтеді. Окситоцин сүт бездерінің секрециясын жоғарылатады. Босануды (толғақты) шақыру және қуаттандыруда (к/т (мин. 8-40 тамшыға дейін)), босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін (б/е) және жатырдың атониясында толғақты қуаттандыру үшін қрлданылады. Жамбас пен үрықтың (іштегі бала) өлшемі сәйкес келмеуінде, үрықтың көлденең және қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қауіпінде, кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қрлдануға болмайды, Окситоцин 1 мл (1 мл - 5 ӘБ) амп. к/т (1 мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен) тамшылатып енгізіледі. Метилокситоцин - окситоциннің синтетикалық аналогы; әсері, қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай. Дезаминоокситоцин - 50 ӘБ таб. - босануды күшейту үшін трансбуккальды (шайнамай және жүтпай үртында сіңіруі қажет) әр 30 мин. сайын 1 таб. белгіленеді. Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде жатырдың инволюциясын (қайтадан дамуы) тездету және лактацияны қуаттандыру үшін қолданылады.
Питуитрин - жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Қүрамында окситоцин мен вазопресин (антидиуретикалық гормон) бар. Ағзада судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ-ы жоғарылататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге үқсас, антидиуретикалық қасиетіне байланысты қантты емес диабетте және энурезде (несептің тоқтамауы) қолданылады. Жанама әсері жағынан АҚ-ң жоғарлауы байқалады. Қолдануға қэрсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай, және де гипертониялық ауруларда, айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте, тромбофлебитте және жүктіліктің нефропатиясында қрлдануға болмайды. Питуитрин : 1 мл (5 ӘБ) ампулада - толғақты күшейту үшін 0,2-0,25 мл әр 15-30 мин. сайын 4-6 ретт/а, б/е енгізіледі; жатырдан гипотониялық қан кетуді алдын алу жәнө тоқтату үшін 1 мл б/е және 1 мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен к/т тамшылатып, ал 1 мл-ден б/е - энурезде және қантты емес диабетте белгіленеді.
Гифотоцин - құрамында вазопрессині аз питуитрин болып табылады, б/е және к/т енгізіледі.
Простагландиндер тобының препараты: динопрост (энзапрост Ғ, простагландин Ға ), динопростон (простагландин Е2 , простин Е2 , препедил гель). Простагландиндер - ағзаның барлық мүшелері мен үлпаларында түзілетін, жартылай қаныққан май қышқылдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простагландиндердің Е және Ғ түрі миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне күшті қуаттандырғыш әсер көрсетеді. Простагландиндерді босануды қоздыру және қуаттандыру (кейде окситоцинмен бірге) үшін, сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айларында (13-25 апта аралығында) оны тоқтату үшін қолданылады. Жанама әсері жағынан лоқсу, қүсу, іш ету, тахикардия, бронхоспазм, гипертермия, аллергиялық реакциялар, флебиттер (әсіресе к/т енгізгенде) байқалады. Ал интравагинальды, экстраамниальды (ұрық қабықшасының сыртынан) 15 аптаға дейінгі кезеңдегі және интраамниальды (ұрық қабықшасының ішінен) 15 аптадан асқан кезеңдегі жүктілікте жанама әсерлер аз байқалады. Окситоцинге үқсас, сондай-ақ жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының ауыр түрінде, бүйрек, бауыр, қан жүйесінің ауруларында, бронх демікпесінде, глаукомада жәнө эпилепсияда қолдануга болмайды. Динопрост : 0,001 және 0,005 қүрғақ зат амп. шығарылады, 5% 500 мл глюкоза немесе 0,9% НаС\ ерітіндісінде ерітіп, 207 нүсқауы бойынша к/т тамшылатып енгізіледі.
Динопростон 0,0005 таб. шығарылып (1 таб. әр 1 сағат сайын) тек стационар жағдайында; 0,01 % 5 мл еріт. амп. шығарылып, 500 мл 0,9% NаСІ немесе 5% глюкоза еріт, бірге к/ттамшылатып енгізіледі; 0,04% және 0,08% 3 мл гель, 0,1% 2,5 мл еріт. (бір реттік инеде) - қынапқа 1 рет немесе әр 6 сағ. сайын екеуден енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет