Гидрохлортиазид (дихлортиазид) Әсер механизмі
Энергияның түзілуін тежейді, бүйрек өзекшелерінде иондардың (Na, CI, HCO3, Mg, K) реабсорбциясын төмендетеді
Бүйрек өзекшелерінде кальций иондарының реабсорбциясын жоғарылатады, гиперкальциемия дамиды, нәтижесінде паратгормонның секрециясы төмендейді
Паратгормонның азаюы магний ионының реабсорбциясын азайтады, гипомагниемия дамиды, аз мөлшерде – зәр қышқылының шығуын төмендетеді, ал үлкен дозада – жоғарылатады. Ацидозда және алкалозда белсенділігін сақтайды. Гипотензивті қасиет тән (айналымдағы қанның көлемін азайтады, қан тамырларының тонусын төмендетеді). Көз ішілік қысымды төмендетеді
Қолданылуы: ісінулер
артериялық гипертензия
кальциурия
зәр шығару жолдарында тастың пайда болуының алдын алады
қантсыз диабет (қан сарысуында және интерстициалды сұйықтықта осмостық қысымды төмендету арқылы натрий ионының шығуын – шөлдік орталықтың қозғыштығын төмендетеді)
глаукома
КЛОПАМИД
гидрохлортиазидке қарағанда натрийуретикалық белсенділігі жоғары
Әсері 1-3 с кейін басталады, 8-24 с созылады
ИНДАПАМИД (АРИФОН)
айқын натрийуретикалық әсер
қан тамырларын кеңейтеді (простациклиннің синтезін жоғарылатады)
кардио- және вазопротекторлық қасиеттер тән
ОКСОДОЛИН
Әсері ұзақ, 2-4 с кейін басталады, 2-3 тәулікке дейін созылады
Калийуретикалық әсері гидрохлортиазидке қарағанда төмен
Спиронолактон
Альдостеронның конкурентті антагонисті
Диуретикалық белсенділігі төмен
Зәр айдайтын әсері 1-3 тәулікке дейін созылады
Нефронның дисталды бөлігінде Na+,K+ -АТФазаны тежей отырып калий ионының секрециясын азайтады (калий сақтаушы диуретик)
Қан тамырлары қабырғаларына натрий ионының деңгейін төмендетеді, олардың тамыртарылтқыш заттарға сезімталдығын төмендетеді
Миокардқа тікелей оң инотропты әсер көрсетеді
Қолданылуы
біріншілік гиперальдостеронизм (Кон синдромы – бүйрек үсті безінің ісігі)
екіншілік гиперальдостеронизм (СЖЖ, бауыр циррозында дамиды)
гипокалиемия шақыратын диуретиктермен бірге
жүрек гликозидтерінің әсерін жоғарылату үшін, себебі калий сақтаушы
гипертониялық ауруда
Жанама әсерлері:
Диспепсиялық бұзылыстар
Ұзақ қолданғанда — гиперкалиемия.
Ұйқышылдық, батың ауыруы
Гормоналды бұзылыстар (құрылымы стероидты):
ер кісілерде — гинекомастия;
әйелдерде — менструалды циклдың бұзылыстары
тромбоцитопения
Триамтерен Әсер механизмі
-натрий каналдарын тежейді, Na+ экскрециясын жоғарылайды,
-К+ ионының секрециясын тежейді, ағзада ұсталуын жоғарылатады
Диретикалық белсенділігі төмен
Аздап зәр қышқылының бөлінуін жоғарылатады
Максималды әсері – 2 с кейін, ұзақтығы – 6-8 с.
Гипотензивті әсері спиронолактоннан жоғары
Жүрек жеткіліксіздігінде дамыған ісінулерде
Жүктілік кезінде қолдануға болмайды, себебі фолий қышқылын фолиниев қышқылына айналдыратын фермент – редуктазаны тежейді