Тақырып «Несепті айдайтын дәрілер (Диуретиктер). Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер»


Калий ионының алмасуына байланысты



бет2/7
Дата24.04.2023
өлшемі495,93 Kb.
#86431
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 теория

Калий ионының алмасуына байланысты
Калий ионының ағзадан шығарылуын жоғарылататын заттар
Тиазидтер
Ілмектік диуретиктер
Осмостық диуретиктер
Калий сақтаушы диуретиктер
Спиронолактон Амилорид
Триамтерен
Ілмектік диуретиктер


Фуросемид (лазикс)
Әсер механизмі
Генле ілмегінің жоғарылағыш бөлігінің эпителиалды жасушаларында энергияның түзілуін төмендетеді, нәтижесінде хлор иондарының белсенді реабсорбциясын тежейді (натрий иондарының пассивті реабсорбциясын және аздап калий иондарының)Проксималды өзекшелерде натрий иондарының реабсорбциясын төмендетеді. Магнийдің белсенді реабсорбциясын тежейді, эндотелиалды жасушалар мембранасынан простагландин Е2 мен простациклиннің босап шығуын жоғарылатады, қан тамырының кеңеюі, бүйректік қан айналымды жақсартады
Фармакологиялық әсерлері
Зәр айдайтын әсер
Тікелей кардиостимуляторлық әсер
Қан тамырларын кеңейтетін әсер (гипотензивті әсер)
Аритмияға қарсы әсер
Ми қан тамырларын кеңейту, ми ісінуінің алдын алу
ҚНТ әсер етпейді, ацидозда және алкалозда тиімді
Ағзада зәр қышқылын ұстайды
ФК: әсері к/т енгізгенде өте жылдам 3 мин дамиды, 3-4 с созылады
Қолданылуы
Жедел улану
Гипертониялық криз
Өкпе, ми ісінуі
Жүрек жеткіліксіздігіне, бауыр циррозына байланысты дамыған іркілістік ісінулерде
Бүйрек жеткіліксіздігі (препарат шумақтық фильтрацияны тежемейді)

Жанама әсерлері: гипокалиемия, гиперурекемия, гипотензия, гипергликемия, бастың айналуы, естудің бұзылыстары, аритмия


Торасемид
Диуретикалық әсері белсенді
Тромбоксанның синтезін төмендетеді, вазоспазмның алдын алады
Миокардтың альдостерондық рецепторларын тежейді, фиброзды азайтады, миокардтың қызметін жақсартады. Әсері ұзақ, 18 с дейін. Гипертониялық ауруда таңдамалы препарат. Гипокалиемия сирек дамиды. Этакрин қышқылы (урегит). Жинағыш түтікшелерде антидиуретикалық гормондардың белсенділігін төмендетеді, Әсері баяу дамиды (к/т енгізгенде 15 мин, ал ішке – 60-90 мин кейін), ұзақ әсер етеді - 8 с дейін
Уыттылығы жоғары, жиі ототоксикалық әсер (көбіне кішкентай балаларда)


Тиазидтік диуретиктер
Тиазидтік диуретиктердің артықшылығы:
Белсенділігі жоғары;
Салыстырмалы түрде әсері жылдам (1 с кейін);
Әсері ұзақ (10-12 с дейін);
Қышқыл негіздік тепе теңдікке әсері төмен
Тиазидтік диуретиктердің кемшілігі:
Гипокалиемияны ең жиі шақыратын диуретиктер
Ағзада зәр қышқылын ұстап қалады, подаграның өршуіне ықпал етеді
Препараттар қанда қанттың деңгейін жоғарылатады, қант диабетінің өршуіне ықпал етеді
Жиі диспепсиялық бұзылыстар шақырады
Сирек, дегенмен қауіпті жанама әсер — панкреатит, ОЖЖ бұзылыстарын дамытады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет