Тақырып «Несепті айдайтын дәрілер (Диуретиктер). Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер»


Тек миометрия тонусын жоғарылататын дәрілер



бет6/7
Дата24.04.2023
өлшемі495,93 Kb.
#86431
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 теория

2. Тек миометрия тонусын жоғарылататын дәрілер (Утеротониялық дәрілер) Бүл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды. Утеротониялық дәрілер босанғаннан кейінгі гипо-және атониялық қан кетуді тоқтату үшін, босанғаннан кейінгі және түсіктен кейінгі жатырдың инволюциясын {қайтадан дамуы) тездету үшін, жатырдан гинекологиялық қан кетуде қолданылады. Жүктілікте және босануда (жатыр бүлшықет тонустық жиырылуы іштегі баланың түншығуына алып келуі мүмкін) қолдануға болмайды. Кара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрии (метилэргобревин), эрготамин, эрготал. Қара күйе - дәнді өсімдіктердегі паразитті саңырауқүлақ.
Эргометриннің белсенділігі жоғары болып келеді. Эрготамин ми қан айналым жүйесіне әсер етіп, мигренде (ми қабықшаларының артерияларының пульсын төмендетөді) қолданылады. Қара күйе алкалоидтары ОЖЖ-не тыныштандырғыш әсер көрсетіп, климакстық неврозда, вегатативті дистонияда, неврогенді және т.б. бүзылыстарда қолданылады, «Беллатаминал», «Белласпон» (эрготамин). «Беллоид» (эрготоксин) препараттарының құрамына кіреді. Жанама әсері: көбінесе эрготаминде байқалады: лоқсу, қүсу, іш өту, әлсіздік, бүлшық ет ауырсынулары. Эрготаминді стенокардияда, гипертониялық ауруларда, атеросклерозда, тромбофлебитте, сепсисте, бауыр және бүйрек қызметінң бүзылуында қрлдануға болмайды.
Эргометрин малеаты ; 0,0002 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-3 рет белгіленеді, 0,02% 0,5 және 1 мл амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.
Метилэргометрин тартраты: 0,000125 таб., 0,025% 10 мл флаконда - 10-20 тамшыдан тәулігіне 3 рет; 0,02% 1 мл амп. шығарылып, 40% 20 мл глюкоза еріт, б/е және к/т енгізіледі.
Синтетикалық препараттары: котарнин (стиптицин). Котарнин - жатырдан қан кетуде қолданылады, қара күйе алкалоидтарына қарағанда әсері әлсіз. Котарнин хлориді : 0,05 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 3 рет белгіленеді. Өсімдіктекті дәрілері («әлсіз» жатыр дәрілері): қалақай (крапива) жапырағының түнбасы, жүмыршақ (пастушья сумка) түнбасы мен сығындысы, бұрыш таран (горец перечный) тунбасы мен сығындысы, мыңжапырақ (тысячелистник) шөбінің тұнбасы мен сығындысы, бөріқарақат (барбарис) тундырмасы, тоққүдыс (чистец) сығындысы, шәңгіш (калина) қабығының қайнатпасы, арника түндырмасы - босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуде, жатырдың субинволюциясында және меноррагияда қолданылады. Жүктілікте қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет