тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты


Сана – объективті дүниенің бейнесі



бет3/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Сана – объективті дүниенің бейнесі.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынсайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан кейін идеалистер сананың құдіретін айтпақ болмақ. Ал, енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген қорытынды шығарды. Бұған не жауап қайтару керек. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Мәселен, шайтанды (черт) көптеген халықтар мүйізі, сақалы, тұяқтары бар, ұзын құйрықты ешкі тектес, адамға зиянды рухани құбылыс етіп суреттейді. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың тікелей мидан емес, ми арқылы объективтік дүниеден бейнеленіп алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін байқатады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан – таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде дәлме-дәл баламасы болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында қобалжу мен арнаға түсу, елендеу мен басылу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады. Ол өзін қоршаған әлемге бейтарап қарамайды.
Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі емес. Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның көргендері, білгендері, естігендері, түйгендері) әсер етеді. Сондықтан бір нәрсені көріп тұрып, адам толып жатқан ойға шомады, ойын сан-саққа жүгіртеді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам объективті өмірді шын да, жалған да, дұрыс та, бұрыс та бейнелейді. Олай болса, сол дәлдікті шығармашылық тұрғыдан түсіну қажет. Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктеріне таңдану, таңырқай білу, үңіліп қарап, бір нәрсеге ұқсату, оймен салыстыру – осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Ал адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол – сананы құбылыс емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине, көргендік түстер де болады. Оның себептері басқа. Айталық, көптеген уақыт ойлап, шешуін таба алмай қиналып жүрген кейбір жағдайлардың шешуін, немесе басқа бір ойланып, уайымдап, толғанған істің ақырғы нәтижесін адам түсінде көруі де мүмкін. Бірақ осыдан келіп түс саналы болады екен деген түсінік тумауға тиіс. Әлгі психикалық құбылыстардың өзіндік себептері бар. Ал адам тек түсінде ғана емес, ояу кезінде де көптеген үйреншікті, әдеттегі істерді ойланбай-ақ жасай береді. Айталық, музикалық аспаптардың клавиштерін, пернелерін ойланбай-ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам неше түрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәрін санамен ойлап, толғанып жатпайды. Көп нәрсе жаттықан, дағдыланған түрде жасалады.
Әрбір адамның психикасында санасыздық та (иррационалдық), ақылсыздық та (нерационалдық) әрекеттер бар. Оның ауқымы кең. Адам әр ісін, әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай-ақ, дәлме-дәл жүзеге асырады. Мұндайда кейде ойлап жатудың өзі де кедергі жасайды. Мәселен, жүрісі көп көшедегі автомабиль жүргізушінің іс-қимылы сондай. Сондықтан ұдайы, үздіксіз ойланбай, миға демалыс беріп, кейбір іс-әрекетті адам қашаннан үйреншікті дағдымен атқарып үйренген. Бұл – өмір диалектикасы. Философияда саналық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселе қашанда идеологиялық күрес объектісі болып келеді. Кьеркегор, Шопенгауэр, Ницше иррационализмді адам өмірінде басыңқы етіп көрсеткен болатын. Ғылым бұл пікірді қостамайды. Дегенмен адам өмірінде ақылдылықпен қатар ақылсыздық та бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ адам өмірінде инстинкті психикалық санасыздық не ақылсыздық әрекеттері де, сайып келгенде, сана билейді. Сонымен инстинкті ақылсыздық дегеніміз – дәл осы сәтте санамен басқарылмайтын, бірақ түптен келгенде адам миынан онша алық кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті, қасиетімен бақаланатын психикалық процесс. Саналық пен ақылсыздық қасиеттердің арасы жақын. Сондықтан кейде, кейбір ғылыми жаңаклықтарда, көргендік түстерде санадан тыс кездер де байқалады. Мәселен, Д. И. Менделеев химиялық элементтердің қайталама жүйесінің кестесін жасарда ең алдымен оны түсінде көрген. Олай болса, ақылсыздық құбылыс кезінде де адам миының кейбір бөлімдері қарауыл болып, жұмыс істеп тұратынын байқаймыз. Ал адамның іс-әрекетінде ақылсыздық деп мидың, сананың іске араласпауын, дағдылы әдіспен естелікке сеніп, өзін соларға тапсыратынын айтамыз. Сондықтан ақылсыздық кезде де адам әдептіліктен шығып кетпейді. Нағыз санасыздықты біз жануардан ғана көреміз. Оларда қарым-қатынас та, әдептілік те, міндет-мақсат та, ар-ұят та жоқ. Адам ақылсыздық жағдайында да оншалықты құлдырап төмендемейді. Өйткені, адам психикасы (мінез, сезім), жаңағы айтқандай, санамен басқарылып, бағытталып отырады. Міне, бұл адам психикасы жануарлар психикасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Австриялық психоаналитик З. Фрейд санасыз, ойсыз инстинкт, айталық, аналық, жыныстық инстинкт адамда да басым, ол санаға бағынбайды деп дәлелдемек болды. Оның ойынша, түрлі ұяттылық, әдептілік дегендер жасанды, тек қоғамда ғана қолданылатын тәртіп қана, ал адам өзінен-өзі оңаша қалғанда, оның бәрін жиып қойып, нағыз ұятсыздық, тағылық халге түседі дейді. Бұл, әрине, адамгершілікке ешбір сыймайтын, адамдық қасиеттері аяққа басып, оны хайуан тәрізді етіп көрсететін пиғыл. Біз З. Фрейдтің көптеген ойларын қабылдадық. Оның ойлары А. Шопенгауэр, Ф. Ницшеден жоғары екенін айттық. Қайталамақ болсақ, Шопенгауэр, Ницше санасыздықты (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырыққа бағындырды. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де санасыздық емес. Бірақта адамда, жоғарыда айтылғандай, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі – «ол» (id) (аморальдық қасиет), екіншісі – «мен» (ego) (тәртіптілік). Ego id ti қыспақта ұстайды, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «di» – ті қолдайтынын айтады. Мұны ол «Мәдениеттегі қанағаттанбаушылық» деген еңбегінде айтқан болатын. Сондықтан, З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды.
Р. Авенариустың пікірінше, сана мидың жемісі емес, ол – принциптік координация бойынша сырттан келген дайын құбылыс. Сондағы «мен» деген адам, оның саңасы, сезімі, ал «мен емес» дегені – объективтік дүние. Одан соң ол «мен»және «мен емес» арасында байланыс бар дейді. Осы байланыстың түп негізі, оның ойынша «мен», ал «мен емес» «менсіз» өмір сүре алмайды. Бұл, әрине, субъективті идеалистік пікір. Ал мәселенің шынына келсек, керісінше «ен» «мен емеске» бағынышты. Сол сияқты «мендегі» барлық сана, сезім объективті дүниенің бейнесі, соның жаңғырығы, рухани сәулелі екенін жоғарыда талдап көрсеттік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет