тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет14/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ

Француз жазушысы Жан Поль Сартр (1905-1980) қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге келді. Сатаның қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді. Оның түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни, елестету адамға еркіндік береді. Өз философия-сының негізгі мәселелерінің біртне айналған еркіндікті. Сартр тек сана еркіндігі ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей қоймайтынын ол жақсы ұғынды. Бұл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-әрекет жасауға, өзін де, басқаны өзгертуте итермелейтінін Сартр жақсы түсінді. Адамның еркіндігі ең елі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.
Ардамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап алуында: «Адам …әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анық-талады. Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиын-дығының себебі оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзің қандай етіп елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей». Сатр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.
Адамды қоршаған дүние — мәнсіз, абсурд» деген қағида француздың тағы бір көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Аль- бер Камюдің (1913-1960) экзистенциализмінің негізі болды. Адамның бойындағы абсурдты Камю Хайдеггер мен Сартрдың экзистенциалдық философиясының ұғымдары секілді адамның ішкі сезімінен, уайымдар ағымынан туындатады, абсурд адамның ойынан бір сәт шықпайды,басқа уайымдар оның қасында түк емес деп тұжырымдайды. Дүниенің абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екендігін мойында-ғанымен, Камю өмірмәндік ізденісті тоқтатпауға бекінді, өзініңойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, «бір жөні болар» деп ойын күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге кұштарлығын жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды.
Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі — » Сизиф туралы аңыз» шығармасын жазуы және фашизмге карсы қозғалысқа қатысуы. Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: «Абсурдқа кездескенге, адам өз мақсаттарымен, болашақ немесе ақталу (кімнің немесе ненің алдында екені — бәрібір) туралы мазасымен өмір сүреді. Ол өзінің мүмкіндіктерін бағалайды, алдағы күнге, зейнетақыға немесе ұлдарына үміттенеді, өмірінің әлі де түзелетініне сенеді. …Осының бәрі абсурдпен шайқалды. …Абсурд менің иллюзияларымды ыдыратты: ертеңгі күн деген жоқ. Осы менің еркіндігімнің негізіне айналды».
А.Камюдің кейіпкері Сизиф абсурд өмірмен күресуді еркін тандайды. Адамның өз өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы түруы Камюдің «Оба» романының да желісі Адал болды. Адал болу дегеніміз — өз ісімен айналысу. Адамның абсурдпен күрес бүлік түрінде де көрінеді. Бүлік көтеруші адам — «жоқ» деуші адам. Бүлікшілдік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Ең басты — күйзелмеу.

  1. Рухани-адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу

Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе орта арнаулы оқу орындарындағы студенттердің рухани дамыту, соның ішінде менің тоқталатыным кәсіптік білім беруде студенттердің имандылық тәрбиесін қалыптастыру.
Кәсіптік білім беру оқу орындарында студенттердің өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіруге тәрбиелеу маңызды шара.
Рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту үшін балалардың бойына кішкентай кезінен бастап ең маңызды адамдық сапаларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру қажет.
Абай-ұлттың атасы, рухани әкесі: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп және хак жолы осы деп әділетті»-деген асыл қасиетті қастерлеумен бұл дүниеден өтті. Осы қасиеті оны халқына қамқор, ұлтына жанашыр болуымен қатар, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтеріп, әлемдік сана деңгейіне жетеледі.
Рухани бай адам ең алдымен ең әділ, мейірімді және қанағатшыл болады.
Тұлғаның бай руханилық санасы-өмірдің мәнін сезінуге, өзінің өмірдегі орнын табуға, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсінуге, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезінуге, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындауға сара жол ашады.
Жас ұрпаққа рухани тәрбие, білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен
үйлесімдікте ұстай білуге, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етуге көмектесеміз.
Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тұлға бойына сіңіреді.
Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптастырамыз.
Жас ұрпақ бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды \руханилық, адамгершілік, қаырымдылық және т б\ сіңіру-тәрбиенің басты мақсаттарының бірі.
Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы-руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап жетілдіруге ұмтылады.
Жеке тұлғаның іс-әрекеті мен тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын, өмірлік ұстанымының беріктігін анықтайтын, адамзатқа, қоғамға, идеологияға, саясатқа, имандылыққа, білімге, ғылымға, өнерге қатысты өзі терең түсініпқабылдаған және өзінің іс-әрекетін, тұрмыс-тіршілігін солардың негізінде құрған идеялардың жиынтығына сенім де тұлғаның дүниетанымын кеңейте түседі. Адамның көзқарасы оның ішкі сеніміне айналған жағдайда ғана оның дүниетанымы, қоршаған ортаға деген қатынасы қалыптасты деуге болады.
Тұлғаның меңгерген білімі оның өмірдегі атқаратын барлық істеріне, қоғамда, отбасында өзін ұстауға ұмтылдыратын түрткі дәрежесіне дейін көтеріледі. Ерік-жігері, сенімі қалыптасқан жағдайда сол армандарына жету жолында әрекеттер жасайды.Осы әрекеттердің барысында өзінің мақсат еткен идеалына байланысты адамда құндылықтар дүниесі қалыптасады.
Құндылықтар дүниесі-жеке тұлғаның дүниетанымына негізделген іс- әрекет пен тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын, өмірлік ұстанымының беріктігін анықтайтын, адамзатқа, қоғамға, идеологияға, саясатқа, имандылыққа, білімге, ғылымға, өнерге қатысты, өзі терең түсініп қабылдаған, ішкі және сыртқы әсерлерге байланысты адам бойында қалыптасқан, биік мақсат көздеген ізгі қасиеттердің өмір сүру барысындағы көрінісі деп тұжырымдауға болады.
Қазақ қоғамының өмір сүру салтында рухани құндылықтарды жоғары бағалау, өскелең ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған.
Белгілі философ Н.Бердяев: «Рух-сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, жанашырлықта, әділеттілікте, шығармашылықта, еркіндікте, борышта т.б көрініс табады » деген.
Еліміздің егемендігін алып, әлеуметтік өмірдегі салауаттандыру мақсатындағы жұмыстың бір қыры ұлтымыздың ғасырлар бойы кәдесіне жарап келген тәлім-тәрбие мазмұнын, қазіргі жастарды оқыту мен тәрбиелеуде пайдалана білу қажеттігін анықтайды.
Тәрбиелеу мен оқыту процесінде ұлттық тәрбиенің алатын орны ерекше.
Ұлттық тәрбие-тұлғаның тілін құрметтеуге, дінін қастерлеуге, ділін қалыптастыруға, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге, ұлттық, құндылық қасиеттерін үйренуге, бүгінгі күн талабындағы жетістіктерді нақты жағдайда пайдалануға үйрететін теориялық сипаттағы ғылым.
Ұлттық тәрбиені оқыту барысында ұлттық қадір-қасиеттерді қалыптастыруда діни білім негізін оқыту негізгі факторларының бірі ретінде қызмет етеді.
Дін дегеніміз-тәнге дәрі, жанға шипа. Ол ең алдымен имандылыққа бастау алса, оның негізі тәртіптілікпен жалғасып жатады
Ұлттық тәрбиені салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты дәріптеп оқыту арқылы білім алушының бойына күнделікті өмір тұрғысындағы тәрбие нақыштарының сан белесінен хабардар етеміз. Сол дәстүр нақыштарымен, әдет-ғұрыптардың бүгінгі таңдағы рөлін айқындай отырып, жастардың халық үрдістеріне деген сүйіспеншілігін оятуды мақсат етуді негіздейміз. Жалпы, салт-дәстүр, әдет- ғұрып адам психологиясымен етене байланысып, замана жаңаруына сай өзгеріп отыратын құбылыс.
5. Еркіндік мәселесін диалектикалық материализм тұрғысынан қарастыру Ф.Энгельстің шығармашылығымен байланысты. Ал кеңестік философияда еркіндік көбінесе тек қажеттілікпен байланысты қарастырылды.
  Қазақ халқының дүниетанымында еркіндік болмыстың іргетасы ретінде қарастырылады. Адам мен әлемнің қатынасы контексінде еркіндік мәселесі адамның табиғаттың ажырамайтын бөлігі ретінде қарастырылуынан туындайды.
Адамдық мәнділік еркіндікте. Өмірде адамдық мәнділікті еркіндік жағдайында таңдай алады. Адам таңдау жасау арқылы алдағы өмір сүру жоспарын анықтайды. Өзінің идеяларын, нені құндылыққа балап, нені өмірінің мәні ететінін осы таңдау еркі болмаса жүзеге асыруы мүмкін емес. Ал таңдау жеке тұлға үшін үлкен сын болып табылады. Осы таңдау жасауларымыздың өзі еркіндіктің болуымен анықталады. Адамдар күнделікті қатынастарында табиғат жағдайларына ғана емес, өздері жасаған күштерге де тәуелді болып жүреді. Ол күштер әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, салт-дәстүрлер мен сана түрлері болып табылады. Осы кезге дейін философия тарихында зерттеушілер еркіндікті бар деп дәлелдеп жүрсе, оған қарама-қарсы пікірдегілер еркіндікті жоққа шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет