тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет13/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ

10-ТАҚЫРЫП. ЕРКІНДІК ФИЛОСОФИЯСЫ.


Мақсат: Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтарын ашу.
Дәрістер жоспары(2 сағат)
1 дәріс
1. Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза).
2. М.Хайдегердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
3. Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
4. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
2 дәріс
1. Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік.
2. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
3. Сөз және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі.
4. Абайдың «толық адам» концепциясы.
5. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.


Кілттік сөздер: Еркіндік философиясы, шығармашылық, толық адам.



  1. Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта

механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай — табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.
Ең бастысы — Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты — адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату — құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік — себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана нәрсе.
Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы.
Томас Гоббс (1588-1679) — кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі», » Азамат туралы», » Дене туралы», «Адам туралы».
Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат » теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, «фи-лософия — танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия». — дейді
Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі — оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шек-тен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды.
Гоббстың пікірінше, «адам адамга қасқыр «, адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болады.
Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі — мемлекет. Ол туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді және моральдық немесе азаматтық философия деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қогамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан кешетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету — Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.

  1. Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті

өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамның бол құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер (1889-1976) ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы — болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана — онтологияның кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі — адам ғана.
Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол — азап шегуші сана. сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің «Адам дегеніміз — маза» деуі де сондықтан. Азап шегуші- уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Гуссерльдің «мәнді көре білу» әдісін таңдады, оның «көңіл-ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады. Оның өзінің «маза», үрей». «қорқыныш» терминдерінде адам болмысына тән негізгі сипаттарды көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет