тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет16/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
12-ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ.


Мақсаты: Қоғам және мәдениет тақырыбын ашу.


Дәрістер жоспары(2 сағат)
1 дәріс

  1. Қоғам философиялық ұғым ретінде.

  2. Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негізгі тұжырымдамалары.

  3. Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар.

  4. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы.

  5. Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо).

  6. К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам».

  1. дәріс

  1. «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері.

  2. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам.

  3. Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К. Леви-Строс).

  4. Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы.



Кілттік сөздер: қоғам, мәдениет, әлеуметтік, саяси теория.

Мәдениет философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теорияляқ мәнді ұғымдарының бірі. Бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіңдік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады.


Мәдениет адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Басқаша айтқанда, адам адам болу үшін еңбек құрал-жабдықтарын жасауы қажет. Осы алғашқы еңбек құрал-жабдықтары ежелгі мәдениет ескерткіштері болып табылады. Материалдық өндіріс бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын, күрделіленуін туғызады. Материалдық әрбір жаңа белес мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни мәдениет ұғымының қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айту керек.
Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана, мәдениеттің адамзат тарихындағы, адам өміріндегі орнын түсінуге болады. Мәдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу қажет, оның өндірістік қатынастары қандай болғанын айқындау қажет, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес екен.
Мәдениет қандай түр алса да адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсақ, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлық саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі
Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады. Қандай мәдениет қөрінісін алсақ та біз белгілі тарихи жағдайларға байланысты жарық көрген адам қызметінің нәтижесін мақтан етеміз. Мәдениет көрінісін өткінші, бүгін бар да ертең жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи сабақтастықты ақиқат деп қараушы әрбір адам мәдениеттегі шындықты әлеуметтік қажеттіліктер туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.
Мәдениет ерекшелігі – ол тек объективті шындық қана емес, өзінің шығу тегі жағынан ол субъективті мазмұнды. Мәдениеттің материалдығының өзі, оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру тәсілі және объективтік қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Маркстің сөзімен айтқанда, мәдениет туындысы өз тұрмысынан затталған адам мәні. Бұл айтылғаннан мәдениеттің дайын зат ретінде, заттық форма ретінде өмір сүретіндігіне қорытындылауға болады. Шынында да, материалдық мәдениет өндіріс құрал-жабдықтары, архитектуралық мұралар арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы мәлім болады. Зат мәдени бағаға ие болу үшін ең алдымен адамдық сипат алу керек.
Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық өмір сүру тәсіліне негізделеді. Осыдан келіп адамдық мәдениет дәрежесін анықтау туады. Табиғаттағы қөпті таудай қылу, азды әлпештей білу адам мәдениетінің даму дәрежесін білдіреді.
Мәдениеттің мазмұндылығы философиямен арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи формасының негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Шынында да, мәдениет тарихы, мәні, жасалуы, дамуы ірі философиялық мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет біркелкі емес: онда пргрессивті, болашаққа қызмет ететін және регрессивті, кертартпа, тек өткенге, немесе өткіншіге қызмет ететін элементтер болады. Философия мәдениетті тек сипаттап қоймайды, оны сын тұрғысынан бағалай, топшылай отырып, мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Турасын айтсақ, философияның өзі қоғамдық сана формасы ретінде мәдениет қатарына жатады.
Мәдениеттің философиялық сипаттамасын мәдениет құрылымынан көре аламыз. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениет қатысқан сөз тізбектерін кездестіреміз. Олардың әрқайсысы жекелеп алып қарағанда философиялық мәселелер. Басқаша айтқанда, философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп қарау қажеттілігі туады.
Мәдениет адамзаттың цивилизация сатыларымен жоғары көтеріліп келе жатқанын білдіреді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым көтеріледі.
Цивилизацияның өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес. Өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуін қамтиды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет дәрежесін және цивилизацияның қандай қалыпта екенін көрсетеді. Олай болса, цивилизация мен мәдениет өзара байланыса дамуда бір объективті негізге тәуелді болады екен.
Сонымен бірге цивилизация мен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Антагонистік қоғамдарда олар шешілімі қиын терең қайшылықтарда болады. Еңбекші бұқара жасаған мәдениет қазыналары көбінесе үстем тап өкілдері меншігіне айналады. Тіпті қазіргі капитализм өз мәнін қаншама демократияландыруға ұмтылса да, тұтыну заттарын қөбейтіп, қоғамдық жайларды біршама жақсартса да өзінің антагонистік таптық сипатынан арыла алмайды. Социализм тұсында мәдениет шын мәнісінде халықтікі. Бірақ мұндағы цивилизация мен мәдениет диалектикасын даңғыл жолмен ешқандай бөгетсіз жүріп бара жатқан процесс деп қарауға болмайды. Мысалы, ұлтаралық қатынас мәдениеті социалистік цивилизация жағдайында дүмпулі қайшылықтардан аулақ болуы қажет сияқты. Ал социалистік әлеуметтік-саяси шындық социалистік цивилизация мен социалистік мәдениет арасында әлі шешімі табылмаған күрделі қатынастар қайшылықтары бар екендігін көрсетіп отыр. Оны ғылыми-техникалық революция жетістіктерін пайдаланудан да табуға болады. Мәдениет дамуы цивилизация жүрісінен шабандау келеді,оның есесіне ол мазмұны жағынан күрделі және көп салалы болып келеді. Цивилизация қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Цивилизация мәдениеттің дамуына жағдай туғызады, өз кезегіңде мәдениет сол цивилизацияны жетілдіреді.
Жалпы алғанда философия тарихында марксизмге дейінгі материалистер мен атеистер дінге қарсы өздігінше күрес жүргізіп, оның шығу себептерін түсіндіруге әрекет жасады. Бірақ олардың ешқайсысы бұл мәселені ғылыми тұрғыдан дәйекті шеше алмады. Марксизмге дейінгі атеистер – ХVІІІ ғ. француз материалистері Гольбах, Гельвеций, Дидро және т.б., мәселен, дін кездейсоқ шықты, бір топ қулардың аңқау, надан адамдарды алдауынан шықты деп түсіндірді. Бірақ оқушылар надандықтың жеке өзі діннің шығуының бірден-бір себебі деп қарау міндетті түрде субъективтік идеализмге әкеліп соғады.
Философия тарихында марксизм ғана діннің пайда болуын, оның мәні мен қоғамдық ролін бірден-бір ғылыми тұрғыдан түсіндіріп берді. Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, деп үйретеді ол, діннің де шығу себебін адамдардың материалдық тұрмыс жағдайынан іздеу керек. Атап айтқанда, дін адамдардың материалдық өндіріс дәрежесі өте төмен болған алғашқы қауымдық қоғамда шықты: өндіріс құралдарының өте төмен дәрежеде болуы салдарынан адамдар табиғаттың дүлей күштерінің алдында мүлдем дәрменсіз болды: жер сілкіну, күн күркіреу мен найзағай, су тасқыны мен дауыл, аяз бен аспан айналып жерге түсетін аптап ыстық, қуаңшылық, түрлі ауру-кеселдер және тағы басқа табиғат құбылыстарының сырын ол кездегі адамдар түсінбеді, оларды табиғаттан, адамнан тыс тұратын ғаламат күштердің саладыр деп білді. Сөйтіп, адамдар оларға өз тарапынан ғаламат қасиеттер беріп, «Құдайға» айналдырды.
Адамдар діннің шығуының әлеуметтік түп-тамыры да бар екенін білулері қажет: қоғамда таптар пайда болып, адамды адамның қанауы шыққаннан кейін адамға енді әлеуметтік күштер үстемдік жасай бастады. Әлеуметтік күштер еңбекші халыққа табиғат күштеріне қарағанда әлдеқайда үлкен бақытсыздық пен дәрменсіздік ала келді. Тағы адамның табиғатпен күрестегі дәрменсіздігі құдайға, шайтанға, ғаламатқа т.б. сенуді қалай тудырса, езілгендердің қанаушыларға қарсы күрестегі дәрменсіздігі де қажетті түрде ана дүниедегі бақытты өмірге деген сенімін тудырады.
Таптық қоғамда дін рухани қанау құралына айналды. Көптеген буржуазия социологтары дін мен діни сенімдердің бұл таптық-әлеуметтік сипатын жоққа шығарып, ол сенімдер адамның табиғатына әуелбастан-ақ тән, туасы қасиет, өзгермейтін мәңгі нәрсе деп сендірді. Ал марксизм дін өзгермелі қоғамдық құбылыс, егер қоғамның экономикалық және таптық-әлеуметтік құрылысы өзгерсе, діни сенімдер де өзгеріп отырады дейді. Мәселен, қоғамның әлеуметтік өзгеруіне сәйкес алғашқы рулық құдайлар тайпалық құдайға, тайпалық құдайлар ұлттық құдайларға, ақыр соңында ұлттық құдайлар біртұтас дүниежүзілік «құдіретті» құдайларға айналды. Бұл жерде адамдарға К.Маркс пен Ф.Энгельстің жер бетінде «біртұтас патшалық шықпаса, ешқашан біртұтас құдай да болмас еді» деген сөзін ескерте кеткен жөн. Міне, осылайша дамудың барысында қазіргі үш дүниежүзілік дін пайда болды. Олар:

  • Ислам;

  • Христиан;

  • Будда.

Феодалдық қоғамда дін қоғамдық сананың басқа барлық формаларын бағындыратын үстем форма болды. Саясат пен құқық, философия мен ғылым, мораль мен өнер – бәрі де діни идеологияның талаптарына бағындырылды. Мәселен, христиан діні орта ғасыр кезінде грек пен рим философиясына тиым салып, материалистік ой-пікірлерге жол бермеді, тек діни-идеалистік философия – схоластиканы ғана жақтады. Ғылымды қуғынға ұшыратты.
Жалпы алғанда марксизм дін мәселесіне келгенде дін тіршілік мәселелерін теріс түсіндіру арқылы адамды делқұл етеді, дүниені танып білу және өзгерту мүмкіндіктерін теріске шығара отырып, адамдардың белсенді іс-әрекетіне кедергі деп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет