тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет18/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
14-ТАҚЫРЫП. ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ.


Мақсат: Дін философиясының мәнін ашу.
Дәрістер жоспары(2 сағат)
1 дәріс

  1. Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер. «Дүниежүзілік діндер» феномені.

  2. Діннің алғашқы формалары.

  3. "Әлемдік діндер" феномені. Буддизм, оның негізгі бағыттары. Христиандық, оның пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам.

  1. дәріс

  1. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа Ахмет Яссауи).

  2. Ерте діни формалар мәселелеріне көзқарастың алуан түрлілігі: эволюционизм (Э. Tэйлор), структурализм (К. Леви-Строс).

  3. Неміс романтизм өкілдерінің діни философиялық концепциясы (Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордің діни философиясы.



Кілттік сөздер: Дін, сенім, таным.

Бұл дәуірде дін философияға, саяси доктринаға, құқықтық жүйеге және моральдық ілімге айналған еді. Христиан діні Император Константин кезінде 285-337ж. мемлекеттік дінге айналды. Византия императоры шіркеулік өмірде басты рол атқарды. Олар шіркеу соборларын шақырып дін мәселесімен байланысты қаулыларды қабылдауды қолға алды. 1054ж. Рим Батыс және Шығыс болып екі тәуелсіз шіркеуге бөлінді. Олардың бөлінуіне себеп болған нәрсе, қасиетті Рухтың әке Құдайдан ба, әлде әке Құдай және ұл Құдайдан ба шыққан деген даулары еді. Орта ғасырлық кезеңнің басынан –ақ ересьтік қозғалыстар жандана бастады. Бұл қозғалыстан Иисус пен Марияны Құдайлық емес адамдық табиғаты бар деген догматты ұсынды. Ересьтік ағымдарға жол бермеу мақсатындадін басшылары инквизицияны қолданды. Инквизицияға ұшырағандар ересьтермен қатар балгер, емші, көріпкелдерге де қолданды. Ересьтер дін бұзарлар деп отқа өртенді, бұл жазалар Батыс Еуропада кең етек алды. Испанияда шамамен 30 мың адам инквизиция отында өртенді.


Папа мәртебесі ХІІ-ХІІІ ғ. барған сайын асып түсті. Оның қолын тек император ғана сүйе алатын болды. Қалғандары оның аяқкиіміндегі айқышты сүюмен ғана қанағаттанды.олар мемлекеттің даулы мәселелерін шешуге араласты. Экономиялық, коммерциялық қызмет арқылы дүниежүзінің ең ірі қаржы орталығына айналды. Олар тіпті жасалған күналардың кешірілуіне байланысты грамоталар (индульгенция) сатуға кірісті.Осы дәуірде христиан идеологиясының адамгершілік бағыты – «сенім, үміт махаббат» үштігінің бірлігінде болды.
Білім, оқу саласы шіркеу қарамағында болып, грамматика, риторика, арифметика, Астрономия, және музыка оқытылды. Орта ғасыр Еуропада ашылған мектептер: ХІ ғ. Италияда – Балон университеті 1038 ж. Англияда – Оксфорд университеті 1167ж., Кембридж университеті 1209 ж. Францияда – Париж университеті 1160 ж. бұлар ортағасырда білім ордаларына айналды. Сабақтар латын тілінде жүрді. Университет саны 15-ші ғасырда 65-ке жетті. Университетте діни ілімдерден басқа, медицина, өнер, құқық, алхимия, әдебиет, поэзия, театр т.б. оқытылды.
Схоластика. Шіркеу Рим империясының барлық нәрсесін өзіне мирас етіп алып үлкен күшке айналды. Орта ғасыр философиясы антика философиясының ықпалында қалды. Орта ғасыр христинадық сенімі дүниеден бастартқан, салғырт бір сипатта көрініс тапты. Ал Антика дәуіріндегі философия христиандыыққа қарағанда өте белсенді, пргрессивті болған. Бұл екі дәуір арасында қалыптасқан философия арасындағы айырмашылық олардың сенімдеріне негізделген. Антика дәуірінің политеизмінде Тәңір көбінесе адамдар тәрізді қызметке сәйкестенеді. Өзі секілді мәңгі болған заттарға бейне береді.
Христиандық сенімде құтылу жолы жоғарғы күш арқылы мүмкін, сондықтан да христиандар рухани өмірге баса назар аударып, руғани тұрғыдан өркендеуге, ал материалдық жақты басып тастауға тырысқан. Христиандық сенім бойынша дүние күнәлі болуға тағайындалған, адам да бұл дүниеде қалған сайын, жамандықтардан құтылмайды. Сондықтан да адам осы дүниеден тезарада көшіп ахыреттік өмірге ұласуы қажет. Осындай көзқараста болған бір қоғамда ғылымға мән беріп оның дамуына атсалысу өте қиын.
Христиан догмасының негізін қалағандардың бірі Августин болып табылады (354-430ж). ол сын көзге, күмәнға қарсы шығып өзінің философиясын бастаған. Оның пайымы бойынша бір шындыққа, оған жетуге сенбей адам бақытқа қол жеткізбейді. Бұл христиандық философиялық бағыт схоластика деп аталды. Оның сыртында құтылу жолы жоқ, одан басқа білім жоқ. Ақиқат оның айтқан догматтарында ғана бар, одан басқа жерде ақиқат іздеу қажет емес, ондай ғылыми ізденістерді адасушылық амал (бидғат) қатарына жатқызды. Ал философияның қызметі догманы болжау, анықтау болып табылады.
Схоластика дәуірі өзінің тууы, өсуі және құлдырау кезеңін басынан өткерді. Алғашқы кезең платоншылықтың әсерінде қалса, кейіңгісі Аристотельдің әсерінде қалды. Схоластиканың алғашқы дәуірлерінде 800-1200 жж. Тәңірді бар екендігіне онтологиялық дәлелдер ұсынылды. Бұл идеяның өкілі Ансельм Кентерберийский болып табылады. Ол әр нәрсені бар етіп жатқан бір жаратушы бар, бірақ оның бар болуы басқа бір себепке негізделмеген дейді.
ХІІ ғ. соңғы кезеңдерінен бастап христиандар Аристотельдің арабша аудармасы және түсініктемесімен кеңірек танысып, оны тереңірек түсіне бастайды. Схоластиканың осы бір екінші кезеңі Аристотель философиясына негізделеді. Аристотель философиясын Батысқа таныстыруда Ибн Сина мен Ибн Рушдтың еңбегі зор. Олардың көтерген мәселелерінің бірі иман-ақыл арақатынасы болып табылады. Томас (Фома Аквинский) уахи жолымен және ақыл жолымен қолжеткізетін білімдерді екі түрлі білім деп пайымдайды. Діннің кейбір мәселелеріне ақылмен жетуге болмайды дейді. сондай-ақ Аллаһтың есім сипаттарын ақылмен дәлелдеуге болады деген көзқарасты ұстанады. Томас Аристотельдің батырлық, ұстамдылық, даналық және әділеттілік төрт парасаттылық принціпіне иман, үміт және махабатты да қосып этика доктринасының да негізін қалайды.
Схоластика ХІV ғ. бастап реалистер мен номиналистер арасындағы дағдарыстан шығалмай құлдырау кезеңін бастан кешірді. Гегельдің анықтауы бойынша схоластика мынадай сипатта: философия мен діннің мазмұны бір, мақсаттары бір, мүдделері де бір болды. Дінді анықтау арқылы философия өзін анықтауда және өзін анықтау арқылы дінді де анықтауда еді.
Номиналистер мен Реалистердін арасындағы пікір таластар – жалпылық пен жекелік мәселесі еді. Реалистер универсальдықты яғни, жалпы ұғым әмбебаптар адам санасынан тілінен тыс өмір сүретін шындықтар деп түсіндірді. Ал оларға қарсы номиналистер әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл текқана заттарды қарату арқылы пайда болған жалпылық ұғым деген көзқарсты ұстанды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет