1.3.2 Мобилді қосымшаларды әзірлеу процесі 1 Тапсырма. Мобильді қосымшаны қолданудың барлық сценарийлері үшін әртүрлі жағдайлар қай кезеңде көрінеді?
А) дизайн әзірлеу;
B) пайдаланушы интерфейсін прототиптеу;
C) техникалық тапсырманы құрастыру;
D) графикалық элементтерді әзірлеу;
E) тестілеу.
2 Тапсырма. Қосымшаның әртүрлі компоненттерін таңдау және орналастыру үшін пайдаланатын, қосымшаның «сырт көрінісі» жасалатын режим қалай аталады?
А) дизайнер;
B) палитра;
C) блоктар;
D) процедуралар;
E) айнымалылар.
3 Тапсырма. Мобилді қосымшаның техникалық тапсырмасы – бұл ...
А) функционалдың сипаттамасы;
B) пайдаланушы интерфейстің прототипі;
C) қосымшаның дизайны;
D) қосымшаны тестілеу;
E) графикалық элементтерді әзірлеу.
4 Тапсырма. Қосымшаны редакциялау мүмкіндігі бар файл кеңейтімінің түрін таңдаңыз
А) .aia;
B) .apk;
C) .exe;
D) .ai;
E) .txt.
5 Тапсырма. Қай интерфейстің келесі қасиеттері бар: табиғи, үйлесімділік, төзімділік, пайдаланушының кері байланысы, қарапайымдылық, икемділік.
А) пайдаланушы;
B) графикалық;
C) достық;
D) түсінікті;
E) командалық.
1.3.3 Конструктор.Әзірлеудің негізгі құралдары. Интерфейс жасау. 1 Тапсырма. Пайдаланушы интерфейстің экраны болып табылатын Android-тің негізгі компоненті қалай аталады:
А) Activity;
B) Views;
C) Intents;
D) Services;
E) Settings.
2 Тапсырма. Графикалық дизайнның бөлігі болып табылатын және құрылғының экранында көрінбейтін қосымшаның функционалды элементтері.
А) компоненттер;
B) палитра;
C) блоктар;
D) процедуралар;
E) айнымалылар.
3 Тапсырма. Ғаламдық және жергілікті параметрлердің мәні қай блокта анықталады және орнатылады?
А) айнымалылар;
B) логика;
C) дизайнер;
D) процедуралар;
E) массивтер.
4 Тапсырма. Бұл режим қосымшаның компоненттерінің пайдаланушының әртүрлі әрекеттеріне реакциясын бағдарламалауға арналған
А) блоктар;
B) процедуралар;
C) компоненттер;
D) логика;
E) айнымалылар.
5 Тапсырма. Бұл блок барлық компоненттерге ортақ тармақтау блоктары, цикл, бірнеше экрандармен жұмыс және т.б. қамтиды.
А) басқарма;
B) процедуралар;
C) массивтер;
D) логика;
E) айнымалылар.