14. Судызалалсыздандырудыңхимиялықреакциятеңдеуінжаз. Судызалалсыздандыру — суқұрамындағыауружұқтыратынбактериялардыжоютәсілдері. Судызалалсыздандырудыңмынадайнегізгітөртәдісібар: термиялық (қыздыру), өтекүштітотықтыру,физикалық(ультрадыбыстық,радиоактивтісөулелендіру жәнет.б.)және олигодинамия әдістері. Судызарарсыздандырудыңкөптарағантүрі — хлорлау.
Хлорлауүшінсұйықхлорнемесехлорлыәкқолданылады. Суға сұйық хлорды енгізген кезде хлорлы және тұз қышқылдары пайда
болады. Cl2+H2O=HOCl+HCl . Одан ары пайда болған хлорлы қышқылдың диссоциациясы (ыдырауы) жүреді. HOCl↔H+ +OCl-
15. Өндірістік суларды тазалау. Ақаба су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы басқа ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.
Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға:шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.
Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін) ластанған болып ажыратылады. Өндірістік ақаба сулардың құрамына технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын) болып ажыратылады.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялық, химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады.