тақырып Сұрастыру және науқасты жалпы қарап тексеру. Обьективті тексеру әдістемесі, техникасы және диагностикалық мәні. Қосымша тексеру әдістері


 тақырып Зәр шығару жүйесі патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері)



бет7/7
Дата31.08.2022
өлшемі33,79 Kb.
#38335
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Клиникалық тексеру әдістері

3.10 тақырып Зәр шығару жүйесі патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері)
1. Бүйрек шаншуы синдромы;
2. Бүйректің артериалық гипертензиясы синдромы;
3. Ісіну синдромы;
4. Нефроздық синдром;
5. Зәрдің өзгеруімен байланысты синдром;
6. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы).
№ 6 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушы бауыр, өтқалта мен ұйқыбездің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Нефрология бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
3.11 тақырып Эндокринді жүйенің және зат алмасу ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері, олардың клиникалық синдромдары
Сұрастыру. Шағымдар, даму механизмі, әлсіздік, арықтау, семіру, шөлдеу, қызу көтерілу, тәбеттің бұзылуы, қозу, тері түсінің өзгеруі.
Қарап тексеру. Гипергидроз, гиперпигментация, теріде іздердің болуы, теріасты шелмайының жағдайы (семіру, жүдеу). Ісіну. Экзофтальм, қабақтар пигментациясының болуы.
Қалқаншабез пальпациясы. Қалқаншабез пальпациясының диагностикалық мәні.
Қосымша зерттеу әдістері.
Қанда, зәрде қантты және зерде ацетонды зерттеу. Қант профилі (гликемиялық қисық). Катехоламиндер мен кортикостероидтарды анықтаудың мәні. Негізгі зат алмасу және оны анықтау әдістері. Қалқаншабезді радиоизотоппен зерттеу. Қаңқаны рентгенологиялық зерттеу. Май және көмірсу алмасуының биохимиялық көрсеткіштері. Қанда және зәрде витаминдерді және оның метоболиттерін анықтау (жалпы түсігіні). Клиникалық синдромдар (себептері, даму механизмі, диагностикалау әдістері):
1. Гипергликемия және гипогликемия синдромы;
2. Қалқаншабез функциясының жоғарылау және төмендеу синдромы (тиреоток-сикоз, микседема);
3. Бүйрекбез дисфункциясы туралы түсінік;
4. Семіру және кахексия.
№ 7 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушы қалқаншабез ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультацға жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Эндокринология бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрл зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет