тақырып Сұрастыру және науқасты жалпы қарап тексеру. Обьективті тексеру әдістемесі, техникасы және диагностикалық мәні. Қосымша тексеру әдістері


 тақырып Бауырдың, өтқалта мен ұйқыбездіц патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері



бет6/7
Дата31.08.2022
өлшемі33,79 Kb.
#38335
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Клиникалық тексеру әдістері

3.8 тақырып Бауырдың, өтқалта мен ұйқыбездіц патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептерісимптомдары, олардыц даму механизмі, диагностика әдістері)
1. Сарғаю синдромы (ұлпалы, гемолитикалық, механикалық);
2. Портальды гипертензия синдромы;
3. Гепатолиенальды синдром;
4. Бауырдың қабыну синдромы;
5. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі синдромы (бауыр комасы);
6. Өтқалта дискенезиясы синдромы;
7. Өтқалтаның қабыну синдромы;
8. Ұйқыбездің қабыну синдромы.
№ 5 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушы бауыр, өтқалта мен ұйқыбездің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Гастроэнтерология белімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
3.9 тақырып Зәр шығару жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әіістері
Сұрастыру. Бүйрек тұсының ауырсынуы. Даму механизмі. Сипаттамасы, үдемелігі, ұзақтығы. берілуі. Ісіну. Ісінудіқ даму механизмі. Бүйрек ісігінің қан айналым жүйесімен ауыратын науқастардың ісігінен айырмашылығы.Зәр шығару қызметінің бұзылуы. Дизурия, олигурия, полгурия, никтурия, поллакиурия.
Бастың ауыруы. Ентікпе, оның даму механизмі. Диспепсиялық көріністер. Қансырау (қан кету), терінің қышуы.
Қарап тексеру. Бүйрек ауруларымен сырқаттанатын науқастардың келбеті. Бел аймағының ісінуі және қызаруы. Ісіктің таралу ерекшеліктері, оның басқа аурулар кезінде туындайтын ісіктерден айырмашылығы. Терідегі қасыну іздері және мочевина кристаллдары.
Пальпация. Науқасты жатқызып және тұрғызып бүйректі пальпация жасау әдісі. Бүйректің төмен түсуі, ығысуы, үлкеюі және ауырсынуы.
Перкуссия. Пастернацкий симптомын анықтау. Бүйрек тұсын жаймен соққылау әдісі және оның диагностикалық мәні. Қуықтың жоғарғы шекарасын анықтауда перкуссияның мәні.
Бүйрек пен несеп жолдарын зерттеудің қосымша әдістері.
Зәрдің жалпы анализі. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы, реакциясы, мөлдірлігі. Протеинурия, гаюкозурия, билирубинурия, уробилинурия, ацетонурия. Зәр тұнбасын микроскопиялық түрде зерттеу және оның диагностикалық мәні. Реберг, Нечипоренко және Аддис-Каковский сынамалары. Зәрді Зимницкий бойынша зерттеу. Гипостенурия, изостенурия, никтурия. Мочевинаны, креатининді, қалдық азотты қанның сарысуында анықтау, олардың диагностикалық мәні.
Бүйректі зерттеудің рентгенологиялық әдісі. Веналық және ретроградты пиелография. Нефроангиография. Қуық пен несепағардың цитоскопиясы және оларды катетерлеу. Хромоцитоскопия. Бүйректерді сканерлеу. Радиоизотопты нефрография. Бүйрек биопсиясы. Бүйректі ультрадыбыспен зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет