Тақырып: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару Қарастырылатын сұрақтар



бет4/7
Дата21.12.2022
өлшемі69,2 Kb.
#58863
1   2   3   4   5   6   7
Еңбектi көлденеңiнен бөлу – бұл еңбек қызметiнiң сапалық және сандық саралануы мен мамандануы. Негiзiнен бұл барлық жұмысты құрағыш компоненттерге бөлу, яғни жалпы өндiрiстiк процестi бөлшектерге бөлу, болып табылады.
Әдетте, еңбек көлденеңiнен функционалдық, тауарлы-салалық және бiлiктiлiк белгiлер бойынша бөлiнедi.
Еңбектi функционалдық бөлу ең алдымен қызметкерлердiң қызмет түрлерi бойынша мамандануынан көрiнедi. Бұл жағдайда жекелеген қызметтер оқшауланады және оларды орындау үшiн сәйкес қызметкерлер бөлiнедi.
Еңбектi тауарлы-салалық белгi бойынша бөлу нақты еңбек операциялары мен рәсiмдерiн орындауда мамандану және шектеумен байланысты.
Еңбектi бiлiктiлiк бөлу еңбек қызметiнiң түрлерiн анықтаған кезде жұмыстың күрделiлiгi мен оны орындау үшiн қажет бiлiктiлiкке сүйенетiндiгiне негiзделедi. Мұндай жағдайда бiлiктiлiгi мейлiнше төмен қызметкер орындай алатын жұмысты бiлiктiлiгi жоғары бiрде-бiр қызметкер орындамауы тиiс қағида бұзылмауы керек. Бұл қағиданы бұзу жұмыстардың құнын арттырады және адам ресурстарын босқа шығындауға әкеледi.
Педагогикалық кеңес – бұл мектепті басқарудың педагогикалық алқалы органы. Педагогикалық кеңес педагогтардың кәсіби қызметінің барлық мәселелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды. Педагогикалық кеңес мектеп басшылығының басқарушылық қызметінің педагогикалық мақсаттылығын қамтамасыз етуге арналған Педкеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері. Мақсаты – мұғалімдердің мектеп қызметін жетілдіруге және оны жаңа сапалы жағдайға көшіруге бағытталған шығармашылық белсенділігін дамыту. Міндеттері: мұғалімдер дайындығының ғылыми-теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру; бүкіл ұжымды оқу-тәрбие үдерісін ары қарай жетілдіруге жұмылдыру; ОТМ ұйымдастыру, айқындау, жалпылау және тарату; алқалы шешім шығару және оны біртұтас ұжымдық қалыптасқан пікір мен мектептің барлық мұғалімдерінің бірлескен іс-қимылының негізінде жүзеге асыру. Мектептің барлық педагогикалық қызметкерлері педагогикалық кеңес мүшелері болып табылады. Қажет болған жағдайда педагогикалық кеңес отырысына ата-аналар комитетінің төрағасы, оқушылардың өзіндік басқармасы органының өкілі, жекелеген оқушылар, ата-аналар, мектептен тыс ұйым қызметкерлері, базалық кәсіпорын, қоғамдық ұйым өкілдері және т. б. шақыртылуы мүмкін. Мектеп директоры педагогикалық кеңес төрағасы болып табылады. Бірінші педкеңесте бір оқу жылы мерзіміне хатшы бекітіледі. Педкеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды әкімшілік мүшелері немесе арнайы құрылған топ жүзеге асырады. Педкеңес қызметі демократия, жариялылық, пікірлер плюрализмі, мектеп ұжымының барлық мүшелерінің мүдделерін құрметтеу және ескеру қағидаттары арқылы жүзеге асырылады. Педкеңес мәжілістері қажеттілігіне қарай, тоқсанына ең көбі тоқсанына бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңестік шешімдері кем дегенде оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқанда басым дауыс бойынша қабылданады және мектептің барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. Қажет болған жағдайда педкеңес шешімдері құпия дауыс беру арқылы қабылданады. Мектеп ұжымының мүшелері педкеңестің шешімімен келіспеген жағдайда мәселені қайта қарастыру үшін білім бөліміне жүгінуге құқылы. Талқыланатын мәселелердің, қабылданған шешімдердің мазмұны хаттамаларға тіркеледі, оған кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды. Педкеңес хаттамалары белгіленген тәртіп бойынша мектеп істерінде сақталады. Әкімшілік педкеңес мүшелерінің басқарушылық-педагогикалық біліктіліктерін арттыруға септігін тигізеді. Мектеп әкімшілігі педкеңес қызметінің нәтижелілігіне жайлы жағдай жасайды, оның шешімдерінің орындалуына ықпал етеді.Әкімшілік өзінің басқарушылық қызметінің нәтижелері туралы педкеңестің алдында есеп береді. Педагогикалық кеңес әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын, әдістемелік кеңестің сандық және сапалық құрамын, төрағаға үміткерді бекітеді. Мерзім сайын әдістемелік кеңестің жұмысы туралы есептер тыңдайды. Басшылық пен әдістемелік кеңес арасындағы жанжалды мәселелерді шешеді.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан, ал ол белгілі бір ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Әдіс дегеніміз – қандай да басқару мақсатына жетуге қабілеті бар және басқаруға сәйкес әрекеттің түрін немесе бейнесін білдіреді. Бірақ қойылған мақсатқа жету үшін ынталандыру арқылы басқару ұжымының мүшелеріне ықпал етуі керек.
Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жекелеген операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіндер:
- мақсаттарды анықтаудың ережесі;
- басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;
- нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру; жекелеген міндетті істерді орындау әдістері: болжау және жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу, бақылау және т.б.
Осылайша,тек жекелеген жұмыстарды орындауға келетін басқару процесінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, ол (басқару әдістері) басқаруобъектісіне ықпал етуді сипаттайды.
Жіктеудің жалпы тәсілдерінің бірі – бұл жалпы ғылыми және өзіндік ерекшелігі бар (жеке) әдістерін олардың білім салаларында қолдану критерий бойыншатопқа бөлу болып табылады.
Жалпы ғылыми әдістерді әдістемелік нұсқаулықтардан көруге болады. Олар менеджмент әдістер жүйесінің негізін құрайды, мәселені жүйелі, әрі кешендітәсілдермен шешуге негізделген оның жалпы ғылыми әдістемесін қалыптастырады. Жалпы ғылыми әдістерге, зерделенетін құбылыстардың тарихи тәсілдері, үлгілеу, эксперименттеу, экономикалық-математикалық алгоритмдерді пайдалану, әлеуметтік зерттеулер және т.б. жатады.
Жалпы ғылымидан басқа басқаруда қолданылатын өзіндік ерекшелігі бар әдістер де болады.Менеджмент әдістерін жіктеудің критерийлері: мазмұн,мотивация (себеп), ұйымдастыру түрлері және қолдану саласы. Басқару әдістерінің мазмұны бойынша – ықпал етудің ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық тәсілдерін топқа бөледі.
Мотивациялық көрсеткіштері бойынша мотивацияның материалдық, моральдық және мәжбүрлеу әдістері бөліп көрсетіледі.
Ұйымдастыру формалары бойынша басқару әдістері жалпы түрде жекешеге, ұжымдыққа және алқалыққа (коллегиальные) бөлінеді.
Қолданылатын салалары бойынша әдістер жалпы түрде (барлық жүйеге қатысты) және тұжырымды түрде (локальный) оның жекелеген бөлімдердеқолданылуына қарай болуы мүмкін.
Қандай да болсын басқару дәрежесін, өндірістік-шаруашылық міндеттерін сәтті шешу үшін жетекшінің басқарудың әр түрлі әдістерін кешенді түрде қолдануы қажет. Бұндай әдістерге мыналар жатады:
1. Басқарудың экономикалық әдістері (БЭӘ)
2. Басқарудың психологиялық-педагогикалық әдістері (БППӘ)
3. Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістері (БҰҰӘ)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет