“Токсикология – улардың физикалық, химиялық қасиеттерін, олардың адам организміне әсер ету механизмін және уланулардың диагностика әдістерін, емдеу және профилактикасын зерттейтін медицина саласы ”.
Мағынасы бойынша жақын басқа анықтамалар:
Мағынасы бойынша жақын басқа анықтамалар:
“Токсикология – уландырғыш заттардың адам немесе жануар организміне әсерінен болған патологиялық процестің (улану) ағымы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым” (Голиков С.Н., 1972).
“Токсикология – тірі организм мен удың өзара қатынасын зерттейтін медицина саласы ” (Лужников Е.А., 1994).
Алайда токсикологияны у туралы ғылым ретінде анықтау тек «у» түсінігіне нақты анықтама бергеннен кейін ғана мүмкін болады, бірақ көптеген талпыныстарға қарамастан бұл мүмкін емес.
Токсикологиялық процесс, медициналық токсикологияның мақсаты:
Биожүйенің зақымдалуына немесе өліміне әкелетін токсиканттың әсеріне оның реакциясының қалыптасуы мен дамуы токсикалық процесс деп аталады.
Көбінесе токсикалық процестің негізгі формасы интоксикация болып саналады. Дәл сол себепті токсикологияны “...уланудың ағымы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым ” ретінде анықтайды.
Бірақ қазіргі кезде заттардың жалпы биожүйеге және оның ішінде жеке адам организміне әсерінің жою салдарлары көпжақты айқындала бастады.