Тақырып: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "



бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі21,61 Kb.
#131460
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ тәрбие сағаты

Тәрбиеші: Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы көрініс және үрей тудыратын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде, әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді теріс сипатында көз алдымызға келеді. Алдап-арбау жолымен өз Отандарынан сырт мемлекеттерге әкетіліп, тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу жағдайларын қазіргі заманның құлдығы дегеннен басқаша атау мүмкін емес. Ішкі мазмұны, орындалу механизмдері жұртшылыққа тіптен түсініксіз – сәби саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т.б. адам саудасының кеңінен жайылған түрлері.
Өкінішке орай, уақыт сілкінісінен түсініксіз күй кешкен кез келген мемлекет ХХІ ғасырдың құлдығына қарсы тұра алмады. Мұның көрінісін мынадан байқауға болады:
· біріншіден, адам саудалаушылар өздерінің қылмыстық қызметтерін сырт көзге байқалмайтындай етіп, ұйымдастыра алады.
· Екіншіден, экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл иеленушілердің құрбандығына бірінші болып шалынады.
· Үшіншіден, соғыс өрті тұтанған немесе тұтануға жақын жанжалды аймақ – «қарабазардың» қызған орталығы деуге болады.
6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек? Лектордың ұсынысы бойынша ол: миграция қызметіне тіркелу, келісім-шарт жасасу, жұмысқа қабылдаушы ұйым мен тұлғалар жайлы хабардар болу, бөтен тұлғаларға ешқашан паспорт және өзге де жеке құжаттарды бермеу. Адам құқықтары бұзылуының әртүрлі нысандары пайда болуда, олар – адамның өмір сүруге құқығының бұзылуынан бастап еркін сөзге құқықтың шектелуіне дейінгі нысандары. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының ең қауіптілерінің бірі – адам саудасы.
Адам саудалау, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысуға тарту, адамдарды ұрлау фактілері күн өткен сайын жиілеп келеді. Адам саудасы криминогендік бизнестің алуан түрлілігі сияқты адамзаттың күрделі проблемаларының бірі болып табылады. Ол әлдеқашан жекелеген мемлекеттерден тысқары шығып, әлемдік ауқымға ие болды. Елімізде өзінің экономикалық және географиялық орналасу жағдайына байланысты, өкінішке қарай, адам саудасы құрбандары азаймай отыр. Әрбір жанашыр тұлға, қоғам мен мемлекет болып осы бағытта күш біріктірген жөн. Сондықтан да жиырма бірінші ғасырдың кеселіне айналып отырған осы өзекті мәселе күн тәртібінен түспеуге тиісті деп есептеленеді.
Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.
Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарсын өзгерту керек.
ØБалаларға қамқорлық жасау,
Øбаланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес,
сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті... жолымен денесіне зақым келтіру немесе психолгиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квлификацияланады:
Øденеге әсер ету,
Øкемсіту, сөзбен тиісу,
Øүй тыныштығын бұзу,
Øазаматтарды сыйламау.
7.Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау.
Тест сұрақтары
1. Аты-жөніңіз, сыныбыңыз:
_____________________________________________________________
2. Зорлық-зомбылыққа арналған іс-шара сіздің көңіліңізден шықты ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
3. Сіз өзіңізді толыққанды "зорлық зомбылықсыз балалық шақ" өкілі санайсыз ба?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
4. Осы тақырыпқа қосатын қандай ұсынысыңыз бар:
_______________________________________________________________
5. Ал сіздің құқықтарыңызға қол сұғып жүрген біреулер бар ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
6. Сізге күш көрсетіп, ұрып-соғып, балағаттап, күштеп жұмыс жасатып жүрген адамдар бар ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
7. Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарына шағымыңыз бар ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
8. Балалар үйіндегі қызметкерлер мен тәрбиешілер мазаңызды алып, күш көрсетпей ме?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
9. Жетекші тәрбиешіңізге көңіліңіз тола ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
10. Ал өзіңіз біреулерге жәбір көрсетіп жүрген жоқсыз ба?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
11. Сіз зорлық-зомбылықтың куәгері болып көрдіңізбе?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
12. Зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге дайынсыз ба?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
13. Өткізілген тәрбие сағатынан өзіңізге керекті мәлімет ала алдыңыз ба?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
 
Қорытынды. Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет