Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Аудармада грамматикалық сәйкестілік деген не?
Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескерудің маңызы қандай?
Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не?
Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары қандай?
Тақырып№21: Аудармашының тілдік тұлғасы. Мазмұны: 1. Тілдік тұлға ұғымы.
2. Тілдік тұлға моделінің деңгейлерін анықтау: ассоциативті-вербалды жүйе (АВЖ), тезаурус және прагматикон.
3. Аударма-түпнұсқа авторы, аудармашы және аударманы қабылдаушының (рецептордың) тілдік тұлғаларының өзара әрекеті ретінде.
4. Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациялық билингв тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері: екі АВЖ-ң (ТТ және АТ) болуы, аудармашының тезаурусы мен прагматиконның (түпнұсқаны қабылдап, аударма тілінде құрудағы мақсаттар, себептер және міндеттер).
Аудармашы тілдік тұлға ретінде тілдік білімі, сөйлеу әрекетінің барлық түрінен сөйлеу дағдылары, жазбаша және ауызша аудару дағдылары мен іскерліктері, шешендік өнері, әдеби таланты болуы керек.
Аудармашының тілдік білімі дегеніміз – тілдің лексикасын, грамматикасын, фонетикасын білуі, ал сөйлеу дағдылары дегеніміз - өз ойын еркін жеткізе алуы. Сондықтан аудармашы екі тілді де жетік білуі, екі тілде де өз ойын еркін жеткізе алу дағдыларын игеру керек.
Аудармашыға екі тілді жетік білу аздық етеді. Аудармашы өзі аударатын тілде сөйлейтін елдің мәдениетін, тарихын, дінін, салт-дәстүрін, реалияларын білуі тиіс. Жақсы аударма жасау үшінаудармаға қатысатын екі тілдің лексикалық, грамматикалық жүйелерінің заңдылықтарын білумен бірге лингвисткада «узус» деп аталатын яғни «қолданылу» жағдайын сөйлеу клишелерінің бір тілде қолданылуы басқа тілде қолдануға жарамсыз болатындығын, қалай қолдану керектігін білу маңызды. Мәселен, орыс тілінде «резать курицу, несущую золотые яйца», дегенді ағылшындар: «убить гуся, несущего золтые яйца» (to kill a goose that lays golden eggs). Әрине, ағылшынша «қазды» емес «тауықты» деп те айтуға болады, түсінікті болады. Бірақ «олай айтпайды».
Сол сияқты тілінде «осторожно не споткнитесь», дегенді ағылшындар «следите за своим шагом» (mind your step); «приятного аппетита» дегенді ағылшындар «насладиться едать» (enjoy your meal) дейді, әрине ағылшынша «be careful, do not stumble», «pleasant appetite» деп айтуға болады, «бірақ олай айтпайды».
Әр түрлі тілдің «қолданылу құрылыстарының» әртүрлілігі кейде өте нәзік, оларды есепке алмаса аударма күлкілі, немесе дөрекі болып шығуы мүмкін. Аудармашы әрдайым әртүрлі тілдің мәдени,этикалық айырмашылықтарын есте ұстауы қажет.