Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар: Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының қандай компоненттері болады?
Мағыналық денотаттық компонент деген не?
Мағыналық конаттаттық компанент деген не?
Ішкі лингвистикалық компанент деген не?
Эмоционалды лексика мен стилистикалық бояуы бар сөздер деген не және оларды аудару жолдары қандай?
Метафора, метонимия қандай жолдармен аударылады?
Тақырып№18: Лексиканың кейбір топтарын аудару ерекшеліктері Мазмұны:1.Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аудару.
2.Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары тағы басқа атауларын аудару.
3.Неологизмдер аудармасы.
4.Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы аудару.
5. Реалияларды аудару.
Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фрима, басылым орындары, адам аттары әртүрлі тәсілдермен беріледі. Олар:транслитерация, трансаударма және аралас тәсіл.
1. географиялық атаулар:
А)аударылады: Lake Superior – Жоғарғы көлше, The Pacific Ocean-Тынық мұхиты, Rocky Mauntains-Құздф тау
Б)Транскрипция тәсілі қолданылады.Мысалы: New Mexico-Нью Мексика,
Pearl Harbor-Перл Харбор
В)Аралас тәсілімен беріледі.
North Dakota-Солтүстік Дакота
Аудармадаағылшын тіліне басқа тілден келген атаулар аудармалық традициямен беріледі, яғни өзінің дәстүрлі аталуын сақтайды:Мехико, Munich-Мюнхен.
Мекеме,фирма атаулары транскрипцияның көмегімен аударылады.
Paramount Pictures-Парамаунт Пикчерз.
ВВС-Би-Би-Си
General Electric Corp-Дженерал Электрик Корпорейшн.
Басылым орындары, кеме, көше, алаң, театр атаулары да транскрипция тәсілімен аударылады.
The Wall Street Journal-Уолл Стрит Джорнал ( артикль түсіп қалады).
Downing Strut-Даунинг-стрит
Bedford Square-Бедфорд Сквер.
Партиялардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік қызмет атаулары аударылады:Conservative,Party-Консервативная партия, U.S.Department-of State –Госдепартамент США.
Ерекше берілетін жолдары да бар:Labour Party-Лейбористская партия
Foreign office-Форнен Офис (иностранная контора емес) МИД Соединенного Королевства.
Адам аттары:1)транскрипция бойынша аударылады:Charles Dukens-Чарльз Дикеннс.
2) аударманың традиция бойынша аударылуы. Charles I-Карл Первый, George V-Георг Пятый.
Неологизмдер аудармасы
Неологизмдер дегеніміз- тілде пайда болған жаңа затты, жаңа ұғымды білдіретін жаңа сөздер, сөз тіркестері, фразеологиялық обороттар. Неологизмдердің жай сөздерден айырмашылығы, олар қолдана келе кәдімгі сөзге айналуы немесе жағалап кетуі мүмкін. Ғылым мен техниканың, әсіресе радиоэлектротехниканың т.б. тез дамуы көптеген неологизмдерді тудырды. Radiophone-радиотелефон, module-модуль. Компьютердің шығуымен байланысты көптеген, неологизмдер пайда болды. Line of code-количество строк программы, line printer-устроиство построчной печати. т.б.
Ағылшын тілінде америкада шыққан неологизмдер кездеседі. Kodak-кодак, Supermarket-супермаркет, File-файл т.б. жаңадан пайда болған неологизмдер әлі ағылшын- орыс сөздігіне енбегендіктен аудармада қиындықтар туғызады. Неологизмдерді дұрыс аудару үшін сөзге немесе сөз тіркесінің страуктурасына анализ жасау керек.
Мысалы: resupply-re префиксті қайта жасау дегенді білдіреді,supply- запас, снабжать, поставлять, пополнение запаса. Неологизмдерді аударудың бір тәсілі-транскрипция: friefing-брифинг, management-менеджмент:
2-тәсіл –калкалау тәсілі analog display –аналоговой дисплет, rotary engine-ротационная машина.
Неологизмдерді аударуда сонымен бірге сөздің мағынасын ашуда басты ұран контекст болып табылады. Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы («аудармашының жалған достары») аудару.
Ағылшын-қазақ-орыс тілдерінде басқа тілдерден енген, әсіресе латын,грек тілдерінен енген халықаралық сөздер кезігеді. Интернационал сөздер дегеніміз-көп тілдерде формасы, мағынасы жағынан ұқсас, ортақ, лексикалық бірліктер: film, textm radio, dialect, doctor, atom, legal.
Халықаралық сөздер ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында, химия мен медицинада, физикада көптеп кездеседі. Халықаралық сөздерді аудару негізінен көп қиындық келтіре қоймайды. Бірақ халықаралық сөздердің көпшілігі ағылшын-орыс-қазақ тілдерінде формалары бірінші деп болғаны әртүрлі мағыналары болатынын білу керек. Оларды жиі аудармашының «жалған достары» деп атайды.
Мысалы:accurate -мочный (аккуратный емес, resin-смола (резина емес), control -не только контролировать но и управлять. т. б.
Реалияларды аудару
Реалия дегеніміз- әр халықтың өзіне ғана тән өміріне, тұрмысына, салт-дәстүріне, тарихына әлеуметтік және рухани мәдениеті ерекшеліктеріне қатысты ұғымдар. Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста сәлемдесуде ағылшын тілінде “How are you” (как у вас дела?) деп сұрайды. “I’m fine, thanks. And you.”(«Отлично,а у вас как») деп жауап береді. Ал орыс тілінде сәлемдесу, оған жауап беру бірдей «Здраствуйте». Мәдени және тілдік реалиядағы айырмашылық ағылшын тілінде жоқ ұғымның орыс, қазақ тілдерінде болуы немесе, керсінше. Мысалы: ағылшын тілінің meal сөзі орыс тілінде жоқ. Meal сөзі таңертеңгі, түскі, кешкі асты да білдіреді. Сол сияқты ағылшын тілінде орыс тілінің сутка сөзі жоқ. Сондықтан круглые сутки деген ұғымды ағылшын тілінде: wound-thr clork немесе 24 hours a day деп беріледі. Сол сияқты орыс тілінде Я хочу есть- дейді, ағылшын тілінде I want to eat деп айтпайды. Дұрыс варианты I’m hungry –Я голоден. т. б. Реалиялар да әртүрлі тәсілдермен аударылады: Жиі қолданылатын тәсілдер: транслитерация, калкалау, эксликация тәсілдері. Мы говорим: перестройка принесла свободу. То же самое гласностью- We say that perestroika has brought us freedom. The same applies to glasnost.