Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет28/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Адьективты курылымдагы инфинитив туралы түсінік
2. Инфитив аудармасын қолдана отырып мысал құрастырыңыз


Тақырып№27: Сөздік құрастырудың техникасы
Мазмұны: 1. Лексикография теориясы туралы түсінік
2. Сөздік түрлері
Лексикография теориясы — әр түрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады.
Сөздіктерді жасау жұмысында лексикография теориясының маңызы айрықша. Себебі сөздіктердің сапасы лексикография теориясының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әртүрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде айрықша назар аударатын мәселелер мыналар: – сөздің лексикалық мағыналарының типтері; – мағына мен қолданыс; – сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі; –полисемия құбылысы мен омонимия құбылысының айырмашылығы; – фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері; – сөздікке кіретін туынды сөздердің түрлері және олардың аумағы мен шегі; – сөздерге берілетін анықтама (түсіндірме) мен стилистикалық мінездеме және т.б.
Лексикографиялық жұмыста грамматика мен стилистиканың атқаратын қызметі зор.  Сөздіктерде сөздерге әртүрлі сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографилық теорияның тіл білімінің әртүрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеология), грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатыстылығы келіп тұрады. Мысалы, сөздің мағыналық жағы түсіндірме сөздікте де, аударма сөздікте де маңызды мәселе болып саналады. Оларда сөз, ең алдымен, мағыналық жақтан талданып, анықталады. Осыдан сөздің мағынасын, мағыналық түрлерін, қарастыратынсемасиологияның лексикография теориясымен тікелей байланысы келіп туады. Сөздікті құрастыруда сөздерге грамматикалық мінездеме беру де қажет болады. Сөздердің грамматикалық тұрғыдан қандай лексико–грамматикалық топқа, яғни сөз табына, қатыстығы сөздікте тиісті белгілер арқылы көрсетіледі. Сөздік құрамының белгілі бір стилге тән, соған телінген сөздер де болады. Осыдан сөздіктерде ондай сөздердің қай стилге тән екендігін аңғартатындай берлгілер берудің қажеттілігі келіп туады. Мұның өзі тілдің лексикасының стилистикалық жақтан дифференсациялануын зерттеп,  лексикадағы стильдік топтар мен тармақтарды айқындаудың нәтижесінде ғана іске асады. Осы мағынада стилистика да лексикографиялық теорияда көмекші қызмет атқарады.
Сөздіктердің тіл–тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
1. Сөзіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер тілідің заманауи сөздіктері деп аталады.
2. Сөздіңтердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздіктер деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұнадай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне аранаулы сөздіктерді де жатқызуға болады. Олар:  терминологиялық сөздіксинонимдерсөздігі,  фразеологиялық сөздік және т.б. жатқызуға болады.
3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілідік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.
4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліппи тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет–ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2) Идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен, сөздіктерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарауға болады.
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға: 1.  Этимологиялық сөздік. 2.  Тарихи сөздік
ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Олар: 1.  Түсіндірме сөздік. 2.  Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік]]. 4.  Диалектологиялық сөздік. 5.  Фразеологиялық сөздік. 6.  Синонимдер сөздігі.
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1.  Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1.  Энциклопедиялық сөздік. 2.  Иллюстративтік сөздік.
Аударма сөздік — лингвистикалық (тілдік)  сөздіктің бір түрі. Аударма сөздік екітілді немесе көптілді (ағылшынша-орысша-қазақша) болып келеді. Аударма сқздіктің негізгі объектісі белгілі бір тілдегі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін екінші тілге тәржімалау. Тұңғыш Аударма сөздік үлгілері еткен ғасырдың II жартысынан бастап жарық көре бастады(Алекторов A. Е., Краткий казахско-русский словарь, Приложение к книге "К мудрости ступенька", М., 1891; БокинТ., Русско-киргизский словарь, Верный1913; Катаринский В. В. Краткий русско-киргизский словарь, Оренбург, 1897; Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречии, 4-изд., СПб., 1888-1905). Осы ғасырдың 20-ж. бастап орысша-қазақша сөздіктер жасауға айырықша мән берілді. 1925-26 ж. бірнеше Аударма сөздіктер (Казахско-русский словарь,  ҚHYPERLINK "%22Қызылорда"ызылорда, 1925; Орысша-қазақша әскерлік атаулары, Қызылорда, 1926), ал 1936 ж.  латын әHYPERLINK "%22латын%20әліпбиі"ліпбиі негізінде "Қазақша-орысша сөздіктер" ұдайы шығарылып тұрды.  Аударма сөздіктің бірнеше түрлері бар: бір тілдің сөздік құрамына,  лексикалық байлығына негізделіп, сөздің негізгі мағынасы, семантикалық құрылымы, сөздің грамматикалық тұлғалымар арқылы түрленуі, стильдік ерекшеліктері, сөзтіркесімділік қабілеті, осы сөз дәйек болатын тұрақты тіркестер жан-жақты қамтылатын екітілді сөздіктер; ғылымның белгілі бір саласына қатысты терминдік атаулардың екінші тілдегі баламасы көрсетілетін сапалық терминологиялық сөздіктер\ сөздік құрамының белгілі бір шектеулі бөлігі ғана қамтылатын, арнайы бір топқа (Мысалы , мектеп оқушыларына, тілді жаңа үйренушілерге) арналған тілашар сөздіктер және т. б. Аударма сөздік лексикография ғылымының принциптеріне сәйкес жасалады. Сөздер әліпби тәртібімен беріліп, оның тұсына стильдік белгілер (көне, тарихи, эмоциялық экспрессия) қойылады немесе түсініктемелер жазылады, сондай-ақ техникалық әдістер (таңба-белгілер, курсив, қалың бояулы жазу) пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет