Өзін-өзі тексеругеарналған сұрақтар 1.Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2. Қазақ тарихында аударманың қандай нұсқалары бар?
3. Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарына қайсысын жатқызамыз?
Тақырып №77/78. Ауызша дәйекті аударма Мазмұны: Ауызша аударма түрлері
Ілеспе және кезекті аударма
Ауызша дәйекті аударма
Аудармашының түпнұсқаны акустикалық нысанда (есту арқылы) қабылдап, оны ауызша нысанда өз аудармасы арқылы айтылатын аударма ауызша аударманың классикалық үлгісі болып табылады. Ауызша аударманың шағын екі түрі бар: ілеспе аударма және кезекті аударма.
Кезекті аударма- бұл ауызша дәйекті аудару тәсілі. Аудармашы шешеннің барлық сөзді немесе жартысын аяқтап, сөйлеуді доғаруынан кейін аудара бастайды. Ауызша кезекті аудару кезінде аудармашының іс-әрекеті шешеннің сөйлеу қарқынындағы уақытпен қатаң шектеледі. Мұндай кезекті аударма аудармашыға шешеннің айтқандарын талдауға және керекті сөздерді таңдауға аз уақыт береді. Түпнұсқа үзінділерінен қабылдаудың біржақтылығы оны орындағаннан кейін аударманы кейіннен салыстыруға немесе түзетуге, анықтамалық әдебиеттерді қарауға мүмкіндік бермейді.
Кезекті аударманың қарабайыр нұсқасын желілік деп атауға болады және көбінесе қасында ілесіп жүргенде әрі экскурсияларда пайдаланылады.
Сөйлеушінің сөздері әрқашан қысқа бола бермейді. Осындай жағдайларда жазу техникасын білу қажет болады.
Аудармашы үшін аса күрделі тұстарды, сондай-ақ цифрларды, күндерді, есімдер мен атауларды аңғарып, жазбаша тез жазып ала білуі өте маңызды. Әдетте аудармашылар кезекті аударуды хаттамалық іс-шараларға қатысу кезінде, делегацияларға ілесіп жүргенде, іскерлік келіссөздерге қызмет көрсеткенде қолданады.
Ауызша аударма-аудару үшін аудармашыға қажетті сөйлеушінің сөздерін үзіліспен аудару. Бұл үзілістер көп емес. Аудармашы сөз сөйлеген уақытқа аударманы құрастырып, үзіліс уақытында оны орындайды. Ауызша кезекті аударма кезінде аудармашының аудару дайындығы өте жоғары болуы тиіс және арнайы дайындықты талап етеді. Бірақ ілеспе аудармаға қарағанда сонша ұзақ емес. Ауызша аудармашылар тақырыптық салаларға мамандалады. Аударманың осы түрі қозғалыс кезінде, аралау барысында (құрылыс обьектілеріне жұмыс істеуде, экскурсия жасауда) шағын келіссөздерде өте тиімді.
Кезекті аударма-оны тыңдағаннан кейін мәтінді ауызша аудару. Кезекті аударманы жазумен, абзацты-фразаны аударумен, біржақты, екіжақты аударумен ажыратады.
Алайда кезекті аударманың өз кемшіліктері де бар. Біріншіден, өте көп уақыт алады. Екіншіден, сөйлеушінің сөзі мен оның аудармасы аралығында уақыт көп болғандықтан, соңғысында қатерлерге көбірек жол беріледі.
Ілеспе аударма-ауызша аударманың ерекше түрі. Бұл ретте аудармашы сөйлеушінің сөзімен бір мезгілде аударманы, яғни негізгі мәтінді есту арқылы жүзеге асырады. Ілеспе аударма парақтан аударуды да білдіреді (жазбаша мәтінді оны қабылдау процесінде және алдын ала оқымастан ауызша аудару).
Сөйлеушіге аудармашының аударып үлгеруі үшін мағыналық топтар арасында үзіліс жасауының қажеті жоқ. Сондықтан баяндама, хабарлама үзіліссіз айтылады. Бұл аудитория тыңдаушыларының назарын ұстап тұруға, оны сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тілді білмейтін мырзалардан бұрын баяндамашының тілін түсіндіреді, елең еткізетін, күлкілі және тіпті келеңсіз оқиғаларды болдырмайды.
Ілеспе аударма-аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Осыған қарағанда аударманың әр-түрі түрлі қабілеттер мен мінезді талап етеді. Ауызша аудармашы жинақтала білуге тиіс: оның міндеті ақпаратты осы жерде және қазір барынша толық жеткізу. Оның сөздіктерді ақтаруға, мамандармен кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Ол жоқтан бар жасауы тиіс. Ауызша аудармашыға қандай қасиеттер қажет: тапқырлық, дұрыс ақыл-ой және жалпы эрудиция көмегімен өз біліміндегі олқылдықтарды еңсере білу. Барлық ақпаратты тыңдаушыларға қиналмай жеткізу үшін артистизм де, баяндамашыға айнала білу де қажет.
Аударма қандай қоғамдық қажеттілікті өтейді дейтін сұрауға көп ойланбай-ақ меңгерген ортақ тілі жоқ адамдар арасында тұрақты түрде үзіліссіз туып отыратын қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады деп жауап беруге болатын еді. Алайда бұл үстірт жауап бізді қанағаттандырмаса керек.
Аударманың қоғамдығы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық.
Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Бұл лингвоэтникалық кедергі жағдайында қарым-қатынас жасауға неғұрлым кең мүмкіндік туғызады. Белгілі бір жағдайларда өзінің тиімділігі жағынан тілдік дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау іс жүзінде әдепкі бір тілді қарым-қатынаспен теңесе де алуы мүмкін.
Тілдік дәнекерлік қай–қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады. Дегенмен басты міндетіміз – аударма қанағаттандыратын қоғамдық мұқтаждық, қажеттілікті көрсетіп беруге тырысу.
Аударманы тілдік дәнекерліктің басқа түрлерімен салыстыра отырып, іс жүзінде аудармаға қойылатын талаптарды қорыта келсе, аударманың даму қарқынын еске ала отырып аударма өзінің қоғамдық тиімділігі, табиғилығы, толыққандылығы жағынан қарым-қатынасты әдепкі бір тілдік қарым–қатынасқа мүмкін болғанынша барынша жақындатуға арналған тілдік дәнекердің жоғары дәрежедегі, дамыған түрі деп тұжырымдауға болады. Аударма әдебиеті осылайша зиялы қауымның назарынан түспей, әдебиеттің өзекті мәселесінің біріне айналды. Бұлай болуының түп-арқауы, біріншіден, аударманың, төл әдебиеттен өзгеше, қоғамдық-саяси тапсырысты орындағанға байланысты болса, екіншіден, аударма қоғамның әр бір жеке адамның зердесін, интелктісін байытатын, тұтастай алғанда, ұлт мәдениетіне қосылатын рухани қазына, көркемөнердің бір түрі деп бағаланды.