Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Дәйекті аударма дегеніміз не?
Дәйекті аударма барысындағы аудармашы рөлі
Аудармашыға қажетті дағдыла
Аудармашыға қойылатын талаптар
Тақырып №114. Екіжақты аударма барысындағы аудармашының ролі
Мазмұны:
Екіжақты аударма
Екіжақты аударма барысындағы аудармашының ролі
Аудармашыға қойылатын талаптар
Сөйлеушіге аудармашының аударып үлгеруі үшін мағыналық топтар арасында үзіліс жасауының қажеті жоқ. Сондықтан баяндама, хабарлама үзіліссіз айтылады. Бұл аудитория тыңдаушыларының назарын ұстап тұруға, оны сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тілді білмейтін мырзалардан бұрын баяндамашының тілін түсіндіреді, елең еткізетін, күлкілі және тіпті келеңсіз оқиғаларды болдырмайды.
Ілеспе аударма-аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Осыған қарағанда аударманың әр-түрі түрлі қабілеттер мен мінезді талап етеді. Ауызша аудармашы жинақтала білуге тиіс: оның міндеті ақпаратты осы жерде және қазір барынша толық жеткізу. Оның сөздіктерді ақтаруға, мамандармен кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Ол жоқтан бар жасауы тиіс. Ауызша аудармашыға қандай қасиеттер қажет: тапқырлық, дұрыс ақыл-ой және жалпы эрудиция көмегімен өз біліміндегі олқылдықтарды еңсере білу. Барлық ақпаратты тыңдаушыларға қиналмай жеткізу үшін артистизм де, баяндамашыға айнала білу де қажет.
Аударма қандай қоғамдық қажеттілікті өтейді дейтін сұрауға көп ойланбай-ақ меңгерген ортақ тілі жоқ адамдар арасында тұрақты түрде үзіліссіз туып отыратын қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады деп жауап беруге болатын еді. Алайда бұл үстірт жауап бізді қанағаттандырмаса керек.
Аударманың қоғамдығы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық.
Қажетт і машықтар: Реакцияның жылдамдығы; Аударманы айту мен келесі сөйлемді тыңдауды бір мезгілде атқара алу; Ақпаратты тұжырып айта білу; Тез ойлау, тез аудару, тез сөйлеу қабілетінің болуы; Психологиялық және физиологиялық төзімділігі; Сөз сөйленетін сала мәселелерінен хабардар болу; Терминдерді, атауларды, дайын баламаларды жартылай автоматты түрде қолдана білу; Бейтаныс сөз тіркестерін құбылтып аудару қабілетінің болуы.
Ілеспе аударма мәтіндік материалдардың берілуін тұспалдайды. Ілеспе аударманың жетістігі үшін талқыланып отырған мәселені алдын ала толықтай зерттеп алу қажет, бұл жерде импровизацияның қажеті болмайды, себебі ілеспе аударма кезінде аудармашының сөйлемдерді түзетуіне немесе естігенін ойлануына еш уақыты болмайды. Ілеспе аударманың кезекті аудармадан айырмашылығы да осы.
Ілеспе аударма пайда болғанға дейін халықаралық қатынастардағы тіларалық коммуникация кезектіаударма арқылыжүзеге асырылды. Өзара келісіп, аудармашы сөз сөйлеушінің сөзін: а) оның әр сөйлемінен кейін; ә) ол бірнеше сөйлем айтқаннан кейін немесе б) тұтас бір ойды айтып тоқтағаннан кейін аудара бастайды. Ал мұндай келісім жасалмаған болса аудармашының шешенді тоқтатуына, сөзін үзуіне құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |