Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет67/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Аралас аударма дегеніміз не?

  2. Авторлық емес аударма дегеніміз не?

  3. Машиналық (автоматты) аударма дегеніміз не?

  4. Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма дегеніміз не?



Тақырып №73/74/75. Аударма трансформациясының түрлері.
Мазмұны:
1. Аудару үдерісінде кездесетін әрекеттер.
2.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.
3.Қосу трансформациясы.
4.Түсіріп тастау трансформациясын орындауға түрткі болатын дәлелдер
Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады. Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау (опущения) . Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады.
1. Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады.
2. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан.
Шендестіре аудару. (Антонимический перевод), шендестіре аудару дегеніміз — түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрде я, керісінше, түпнұсқадағы болымсыз мағынаны болымды етіп аудару. Мысалы: Я серьезно говорю — Мен ойнап айтып тұрған жоқпын. Вспомнил я об этом, когда мы уже проехали почти весь парк. — Мен бұны бақтан өткенше байқаған жоқпын. Болымдыны болымсыз етіп аударуға мысал: Астронавты вернутся на землю не раныие, чем в феврале. Астронавтар ақпан болмай жерге оралманды.
Компенсация (орын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішінде емес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.
Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмауы көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келеді, міне, осыған байланысты қосу тәсілі қолданылады:
Слава народам Казахстана! — Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін!
Решения сессии — в жизнь. — Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.
Қосуға байланысты тағы бір байқағанымыз аударма текстің оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауымен байланысты. Мәселен,«Олар Припятьке таяды» деген сөйлемге осы тәсілмен «Олар Припять өзеніне таяды» деп беру ұтымды болуы мүмкін, өйткені қазақ оқырманы «Припяттің» өзен, қала әлде село аты екенін айыра алмауы ықтимал. Тағы бір мысал: Ол шіркеугебаратын күні келді — Ол жексенбіде шіркеуге баратын күні келді.
Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын сөздер түсірілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет