Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет70/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Тавтология дегеніміз не?

  2. Плеоназмның қолданылу жайлары туралы айтып бер

  3. Сөздерді дұрыс, орынды қолдану

  4. Редакциялау және түзету ықпалы



Тақырып №81/82. Аударма кезіндегі инверсия
Мазмұны:

  1. Инверсия туралы түсінік

  2. Аударма кезіндегі инверсия

  3. Трансформацияның қолданылуы



Инверсия лингв. поэт. инверсия (сөйлемдегі сөздердің дағдылы тәртібін өзгерту, алмастыру)
Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір – бірімен сәйкес болу шарттары , әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып , олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық – стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.
Халықаралық сөздер дегеніміз – бірнеше тілдерде бірдей дыбысталатын, яғни дыбыстық, мағыналық және грамматикалық құрылымға ие сөздер. Көбіне мұндай сөздер қоғамдық саяси немее ғылыми мағыналарда айтылады. Мысалы: capitalism, astronomy, constitution, system, diameter. Олардың қатарында қоғамдық сөздерді де көре аламыз: occupant, delicate, elegant, scandal.
Халықаралық сөздердің көбісі латын немесе француз тілдерінен енгізілген, өйткені орта ғасырлар кезінде латын тілі халықаралық болып, әдебиет, дипломатия және ғылым тәлә болып саналған. Мысалы Томас Мордың «Утопия» шығармасы латын тілінде жазылды. Ал француз тілінен енгізілген халықаралық сөздер кішкене кейінірек зерттелген. Ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздерінің логикалық мағына жағынан сай келмейді. Осындай сөздердің сәйкес келуі немесе келмеуі globe және planеt сөздерін мысалға ала отырып көруге болады, яғни мағынасы жағынан planеt және планета сөздері бірдей болса, globe сөзі глобус деген мағынамен қатар жер шары, держава, әйнекті абажур дегенді білдіреді. Ағылшын тілінде латын тілінен енгізілген халықаралық сөздердің саны өте көп болғанына байланысты, сөздердің көбісі қосымша мағыналарына ие болды. Мысалы: detail сөзі подробность, деталь, вникание в подробности, детализацияь деген мағыналарға ие. Сондықтан бұл сөз арнайы әскери термин ретінде отряд ретінде немесе солдат сөздерін білдіру арқылы қолданылады. Detail зат есімі көмегімен to detail етістігін тудыруға болады. Agony сөзі ағылшын тілінде жанның қысылуы деген мағынаға ие болса, орыс тілінде агония сөзі өлім алдындағы қысылу деген мағынаны береді. Сондықтан ағылшын тіліндегі аgony сөзі сөйлеу құрылымы ретінде де қолданылады. Мысалы: agony column деген іздестіріп жатқан туысқандар жөніндегі газет мақаласы деп аударылады. Жоғарыда айтылып кеткендей ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздер әртүрлі стилистикалық мағыналарға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет